3D редакторда модельдеу. Редакторға кіріктірілген объектілер. Информатика, 7 сынып, қосымша материал 2.
Индикаторларды пайдалану
SketchUp бағдарламасы бағыттау және арақашықтықты өлшеу жұмыстарын жасауда ыңғайлы, ол үшін индикаторларды басшылыққа алу жеткілікті.
Жасыл түсті индикатор — объекттің бұрыштық нүктесін белдіреді
Қызыл түсті индикатор — жақтау (қабырға, бір жазықтығы)
Көгілдір (ашық көк) түсті индикатор —қабырғаның орта нүктесі
Көк түсті индикатор — қабырға бетін
Бағыттау инструменттері
SketchUp бағдарламасын оңтайлы пайдалану үшін жұмысты бастамас бұрын бағыттау инструменттерімен танысып алған дұрыс.
Orbit (Орбита)
Үш өлшемді обьектті барлық жағынан айналып қарауға мүмкіндік береді. Инструментті таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, курсорды жылжытып көріңіз. Жұмыс облысының көрінісі тышқан курсорының өзгерісіне сай өзгереді. Сонымен қатар, тышқанның айналдырма жүгіртпесін де пайдалануға болады.
Pan (Лапка, Қол)
Көріністі модельді айнлып өтусіз жылжытады. Инструментті таңдап тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыту керек немесе Shift пернесін басып отырып тышқанның айналмалы жүгіртпе батырмасын пайдалануға болады.
Zoom (Приближение, Масштаб)
Обьектіні жақындату немесе алыстатуға мүмкіндік береді. Инструментті таңдап тышқанның сол жақ батырмасын басып тұру арқылы көріністі басқаруға болады немесе тышқанның айналмалы жүгіртпесін пайдалануға болады.
Суреттің нақты облысын жақындату үшін сурет салу инструментімен қажетті нүктені белгілеп, айналмалы жүгіртпені жылжыту керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?