Кестелік деректерді графикалық көрсету. Информатика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспан
Сабақ жоспары
Сабақты жоспарламас бұрын, орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарлары ұсынылған шаблон негізінде әзірленуі мүмкін:
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 7.2A-тарау: Есептерді электрондық кестелердің көмегімен шешу | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Кестелік деректерді графикалық көрсету | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.3 электрондық кестеде диаграмма құру | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Диаграмманың негізгі ұғымын және элементтерін түсіну Іс жүзінде диаграмманың түрлері мен типтерін қолдану | ||||||||||
Сәттілік критерийі | - диаграмманың түрлері мен типтерін білу - кестелік деректерді графикалық түрде ұсына (диаграммалар құра) алады - графикалық функцияларды құра алады - деректерді талдау үшін диаграмманың дұрыс типін таңдау | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады. деректерді графикалық берілуі бойынша (диаграммалар) талдай алады Пәнге тән лексика және терминология. кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
| ||||||||||
Құндылықтарға баулу
| Өмір бойы білім алу | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, математика | ||||||||||
Алдын ала білім | Шартты форматтау | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||||||||
Сабақ басы 0-5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу (К, Т) Оқушыларға 2 аптаға ауа райы болжамының деректері бар кестені көрсетіңіз. Оқушылардан кестедегі деректерді падалана отырып, келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:
Содан кейін алдағы 2 аптаға ауа райы болжамының диаграммасын ұсыныңыз. Оқушылардан дәл сол сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Кестеде берілген деректерді қандай жағдайда талдау оңай болғандығын талқылаңыз. Сіздің ойыңызша бүгін қандай тақырыппен таныс боламыз? Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттармен таныстыру | Көрсетілім | |||||||||
Сабақ ортасы 6-8 мин 9-19 мин 20-21 мин 22-34 мин 35-38 мин | (С) Қай жерде және қандай жағдайда диаграммаларды қолданған қолайлы болатындығына мысал келтіріңіз (оқушылардың жауаптарын тақтаға жазып аламыз). (К, Т) Электрондық кесте құралдарымен қалайша диаграмма құрастыруға болатындығын көрсету. Диаграмма қандай элементтерден тұратындығын түсіндіру. Оқушылардың назарын редакциялау және диаграмма типін таңдау мүмкіндігіне аудару (білім алушылар дәптерге слайдтағы ақпаратты жазып алады). (С) Жаттығу минуттары (Ж) Білім алушылар функция графигін құрастырады (мұғалім түсінбей қалған білім алушыларға көмектесіп жүреді) (С) 5 слайдтағы сұраққа ораламызда. Білім алушылардан сұраймыз қай жерде олар қате жібергендерін және оларды слайдтан (тақтадан) өшіріп тұрамыз. Оқу мақсаттарына жетті ме әлде жетпеді ме деп сұраймыз. | Көрсетілім https://www.ibm.com/support/knowledgecenter/kk/SSEP7J_10.2.2/com.ibm.swg.ba.cognos.ug_cr_rptstd.10.2.2.doc/c_cr_rptstd_chrts_appndx_chart_types_appendix.html https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E | |||||||||
Сабақ соңы 38-40 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білді, нені үйренді - не түсініксіз қалды - немен жұмыс жасау қажет | стикерлер | |||||||||
Сабақ басы 0-5 мин | Өткен сабақта не білдіңіз? Диаграмма туралы не айта аласыздар? Диаграмманың қандай түрлері мен типтерін білесіздер және олар ненің негізінде құрылады? деп сұраймын Сабақтың оқу мақсаттары мен критерийлерін айту | Көрсетілім | |||||||||
Сабақ ортасы 6-9 мин 10-15 мин 16-26 мин 27-32 мин 33-36 мин | (С) Білім алушылар диаграммалардың көмегімен құрылған мақал-мәтелдерді табу керек 3 топқа бөлу: (Т) Сіздер үлкен фирманың өкілісіз. Сіздің міндетіңіз осы фирманың кірістерін диаграмма түрінде көрсету, келесі түрлері бойынша (топтар диаграмманың түрін және типін өз бетімен таңдайды, мұғалім топтарды дұрыс таңдау жасауға бағытты ғана көрсету керек, өзі айтып бермеу керек, дұрыс бағыттар жақшада көрсетілгендей болуы мүмкін): - қызметкерлер штатын (круговая/шеңбер); - соңғы 5 жыл кірістерін (гисторграмма); - соңғы 5 жыл өнім экспортын (биржалық). Егер жоғары қабілетті білім алушылар болса, онда оларға өз бетімен ақпаратты зерттеп және жиынтық диаграмманы құрастыру қажет (Т, Ж) Өз тапсырмалары бойынша кесте құру. (Д, Т) Білім алушылар өз кестелері үшін диаграмма құруды ұсыну. Диграмманы реттеу мүмкіндіктерімен тәжірибе жасап көруді сұрау. (Ж, Т, р) Білім алушылар басқаларға өз диаграммаларын көрсетуге және жаңадан не үйренгендері туралы бөлісуге мүмкіндік беру. Оқу мақсаттарына жетті ме әлде жетпеді ме деп сұраймыз | Көрсетілім | |||||||||
Сабақ соңы 36-40 мин | Жеке карточканың көмегімен рефлексия жүргізіледі. Ол карточкада үш бағыт бойынша білім алушының сабақтағы жұмысын сипаттайтын сөйлемдердің астын сызу Сабақ Мен сабақта Нәтиже 1. қызықты 1. ат салыстым 1. материалды түсіндім 2. қызықсыз 2. демалдым 2. көп білдім 3.бәрібір 3.көмектесіп жүрдім 3.түсінбедім | стикерлер | |||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||
Барлық білім алушылар диаграмма құруды үйренеді. Білім алушылардың көбісі диаграмманың баптау мүмкіндіктерін қолдануға үйренеді. Қабілеті жоғары білім алушылар өз бетімен ақпаратты зерттеп және жиынтық диаграмманы құрастыруды үйренеді | Мұғалімнің ауызша мақтауы, өзін-өзі бағалау, топтардың бірін бірі бағалау | ҚЕ және сабақта тәртіп сақтау ережелері, жаттығу минуттары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?