Мәтіндік, дыбыстық және бейнелік файлдар форматтары. Информатика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Информатика

Мектеп Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Адекенова А.Н.

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың аталуы

7.1.А. Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады

Сабақ тақырыбы

Мәтіндік, дыбыстық және бейнелік файлдар форматтары

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Оқу мақсаты

Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі форматтарын қолдану

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі мәтіндік, дыбыстық және бейнелік форматтарын қолдану

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндік форматтарды атай алады;
  • Дыбыстық форматтарды атай алады;
  • Бейнелік форматтарды атай алады;
  • Әртүрлі форматтарды салыстырып, тиімді форматты таңдай алады.

Ойлау қабілеттерінің дағдылары

- білу және түсіну

- қолдану

- талдау

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар.

Файл, формат, мәтіндік, дыбыстық, бейнелік, қысу

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы фразалар.

Ғаламторға көбінесе ...... форматты дыбыстық файлдар жүктеледі, себебі .......

Ғаламторға көбінесе ...... форматты бейнелік файлдар жүктеледі, себебі ........

Қарапайым мәтіндік файлдардың форматы ........ көлемі ......., бірақ .....

Суреттерді немесе басқа қосымша мүмкіндерді қолдану үшін ....... редакторында файлды құрып, ...... файлды .... форматында сақтау жөн

....... форматты файлдар MS Word кез келген нұсқасында ашылады.......

Құндылықтарды қалыптастыру

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, академиялық ашықтықты сақтайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Компьютерде практикалық жұмыс жасау, презентация ұсыну

 Пәндік байланыс

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, өнер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

5 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Қызығушылықты ояту

Сыныппен жұмыс

Сабаққа кіріспе жасау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз:

1) Сіздер кез келген программалау қамтамасыздандыруды сатып алған кезде қандай файлды іздейсіз? (программаны орнату нұсқауы)

2) Нұсқаудың ішінде қандай мәліметтер болады? (егер программа қарапайым болса, онда мәтін түрінде бірнеше пункт болады немесе суреттер ретінде қадам бойынша орнатылуы көрсетілуі мүмкін)

3) Берілген нұсқауларды қандай мәтіндік редакторларда жасауға болады?

Бұл сұрақтар сабаққа кіріспе ретінде берілген. Осы сұрақтарға жауап берген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамийды және жаңа тақырыпты қабылдауға дайын болады.

Берілген екі нұсқау түрлерін салыстырады, оларды құру программалалау қамтамасыздандыруды таңдап, сәйкес келетін форматтарды атайды. Форматтарды дәптерге жазады.

5-6 слайд

презентация

Ортасы

6-16 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Топтық жұмыс

Әртүрлі жағдайларды беріп, сәйкесінше келетін файлдардың түрлерін анықтауды сұраңыз. А4 форматты қағазға мысал келтіріп, файлдың аты мен форматын анықтауды талап етіңіз. Форматтарды салыстыруды сұраңыз: ғаламторға жүктеу үшін немесе жоғары сапалы файлдар қажет болса, т.б.

Белсенділік кезеңінде оқушылар бір-бірімен жұмыс істеуге үйренеді және сыласу деңгейлерін арттырады. Сонымен қатар, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады.

Берілген жағдайға файлдардың түрін анықтап, дәлелдер келтіреді. Мысал келтіреді.

7-8 слайд

Презентация,

Фломастер, түсті қарандаштар, А4 қағаздары

17-27 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Өзіндік жұмыс:

Суреттер енгізілген мәтінді файл құруды сұраңыз. Алдын ала тақырыптарды дайындап қойыңыз, мысалы құрт немесе қымыз өніміне жарнама.

Дифференциация ретінде:

1 деңгей: тек мәтін (2-3 сөйлем). Мәтінді форматтау қажет.

2 деңгей: мәтінге бір сурет жүктелген.

3 деңгей: WordArt элементтерін қосу немесе басқа мүмкіндіктерін қолдану (кесте, SmartArt.....).

  • Мәтіннің мазмұны тақырыпқа сай;
  • Мәтін 5-6 сөйлемнен тұрады;
  • Мәтін форматталған: шрифт көлемі, түсі, жуандығы анықталған;
  • Мәтіндегі жолдардың ара-қашықтығы көрсетілген;
  • Файл сәйкес келетін форматта сақталған.

Қосымша:

  • Мәтінге сурет енгізілген және оның көлемі мәтінге сай анықталған;
  • WordArt немесе кесте, SmartArt нысандары қосылған.

Өзара бағалауды ұйымдастырыңыз.

Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану қаблеттері дамийды, себебі олар компьютерде неше түрлі құжаттар құрады. Құру барысында мәтіндік редакторлардың көптеген мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл жерде дифференциацияланған тапсырмалар берілген, яғни әрбір оқушы өзіне лайықты тапсырма таңдай алады. Қиыншылықтар туған кезде тарататын сүйелеу материалдар дайындаңыз.

Практикалық жұмысты орындайды.

9 слайд

презентация

28-35 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Өзіндік жұмыс:

Дыбыстық редакторда кез келген жарнама жазуды сұраңыз. Алдын ала тақырыптарды дайындап қойыңыз, мысалы құрт немесе қымыз өніміне жарнама.

Дифференциация ретінде:

1 деңгей: тек жарнама (2-3 сөйлем).

2 деңгей: диалог ретінде құрылған жарнама.

3 деңгей: музыка қосылған жарнама (10-30 сек).

Дескрипторлар:

  • Дыбыстық файлдың мазмұны тақырыпқа сай;
  • Мәтін 2-3 сөйлемнен тұрады;
  • Дыбыстық файлда кедергілер немесе басқа дыбыстар естілмейді;
  • Файл сәйкес келетін форматта сақталған.

Қосымша:

  • Диалог дұрыс құрылған;
  • Әуен дұрыс келтірілген.

Өзара бағалауды ұйымдастырыңыз.

Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану қаблеттері дамийды, себебі олар компьютерде неше түрлі файлдар құрады. Құру барысында дыбыстық редакторлардың көптеген мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл жерде дифференциацияланған тапсырмалар берілген, яғни әрбір оқушы өзіне лайықты тапсырма таңдай алады. Қиыншылықтар туған кезде тарататын сүйелеу материалдар дайындаңыз.

Практикалық жұмысты орындайды.

10 слайд

презентация

36-44 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Қарапайым бейне редакторында қысқаша бейне жасауды сұраңыз.

Алдын ала тақырыптарды дайындап қойыңыз, мысалы құрт немесе қымыз өніміне жарнама.

Дифференциация ретінде:

1 деңгей: 2-3 суреттен тұратын бейне.

2 деңгей: титрлар қосылған бейне.

3 деңгей: музыка қосылған бейне.

Дескрипторлар:

  • Бейне файлда 2-3 сурет енгізілген;
  • Бейне тақырыпқа сай;
  • Файлда басқа кедергілер кездеспейді;
  • Файл сәйкес келетін форматта сақталған.

Қосымша:

  • Кадрларға титрлар қосылған;
  • Әуен дұрыс келтірілген.

Өзара бағалауды ұйымдастырыңыз.

Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану қаблеттері дамийды, себебі олар компьютерде неше түрлі файлдар құрады. Құру барысында бейнелік редакторлардың көптеген мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл жерде дифференциацияланған тапсырмалар берілген, яғни әрбір оқушы өзіне лайықты тапсырма таңдай алады. Қиыншылықтар туған кезде тарататын сүйелеу материалдар дайындаңыз.

Құру алгоритмін жұмыс дәптеріне жазады

Мысалы MovieMaker

Сабақтың соңы

45 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Рефлексия

Шығу сұрақтарын дайындап, оқушыларға ұсыныңыз:

1) Сен ақпаратты қандай түрде жақсы қабылдайсың? Себебі ......

Үй жұмысы:

  • Мәтіндік және дыбыстық файлдардың форматтарын қайталау және олардың қызметтерін қарастыру.
  • Отбасы туралы қысқаша мәліметті мәтіндік редакторында құру.

Берілген сұрақтарға жауап береді

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Оқу міндеттері/сабақ міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін не үйренді?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу