Графикалық файлдар форматтары. Информатика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Информатика

Мектеп Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Адекенова А.Н.

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың аталуы

7.1.А. Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады

Сабақ тақырыбы

Графикалық файлдар форматтары

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқу мақсаты

Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі форматтарын қолдану

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі графикалық форматтарын қолдану

Жетістік критерийлері

  • Графикалық форматтарды атай алады;
  • Әртүрлі форматтарды салыстырып, тиімді форматты таңдай алады;
  • Растрлық және вектрлық графикалардың айырмашылықтарын анықтай түсіндіре алады.

Ойлау қабілеттерінің дағдылары

- білу және түсіну

- қолдану

- талдау

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар.

Файл, формат, растрлық және векторлық графика, қысу

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы фразалар.

Растрлық графикасынан көрі, векторлық графикада ............

Графикалық форматтар ......... байланысты

Қысу әдісі ....... орындалады

Мен ........ таңдап алдым, себебі ............

Құндылықтарды қалыптастыру

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, академиялық ашықтықты сақтайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Компьютерде практикалық жұмыс жасау, презентация ұсыну

 Пәндік байланыс

Өнер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

5 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Қызығушылықты ояту

Сыныппен жұмыс

Сабаққа кіріспе жасау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз:

1) Сен күнделікті тұрмыста графикалық бейнелерді қайдан көріп пайдаланасың?

2) Графикалық бейнелер қандай

форматта сақталады?

Бұл сұрақтар сабаққа кіріспе ретінде берілген. Осы сұрақтарға жауап берген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамийды және жаңа тақырыпты қабылдауға дайын болады.

Қысқаша теориялық материалды ұсыныңыз.

Графикалық файлдарға қолданылатын әрекеттерді талқылайды, мысалы сандық фотоаппараттағы суретті пошта арқылы жіберу немесе ғаламтордағы веб-парағына жүктеу...

Дәптерге файлдар форматтарын жазады.

5 слайд

презентация

Ортасы

6-20 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Практикалық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Өзіндік жұмыс

1 тапсырма:

Киіз үйдың бейнесін растрлық графикалық редакторда салып, мәтіндік редакторға тасымалдауды сұраңыз.

Берліген бейнені 3-4 форматтарда жеке бумаға сақтауды талап етіңіз (bmp, jpg, png).

Сақталған файлдардың көлемдерін салыстырып, жұмыс дәптерінде кесте құрғызыңыз.

Дескрипторлар:

1. Графикалық редакторда сурет салынды (түстері, пішіндері сәйкесінше);

2. Мәтіндік редакторда көшірмесін тасымалдап, керекті жерде орналастырылды;

3. Бумаға 3-4 форматта сурет сақталды;

4. Дәптерде әртүрлі форматты файлдардың көлемі көрсетілген кесте құрылды.

Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану және талдау қаблеттерін дамытады, себебі олар компьютерде нешетүрлі бейнелерді жасап, оларды әртүрлі форматтарда компьютерде сақтайды. Келесі қадамда, әртүрлі форматты файлдардың көлемдерін көрсететін кесте құрып, оларды салыстырады.

Өзара бағалау ұйымдастырыңыз.

2 тапсырма:

Киіз үйді мәтіндік редакторда геометриялық пішіндеріді қолдана отырып салуды және соңында топтауды сұраңыз.

Дескрипторлар:

1. Геометриялық суреттер арқылы нысан салынды;

2. Барлық бөлшектері топталанды.

Өзара бағалау ұйымдастырыңыз.

Эксперимент:

Екі суреттіде созып көруді сұраңыз (айырмашылығы бар ма?)

Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану қаблеттері дамийды, себебі олар компьютерде әртүрлі геометриялық пішіндерді қолдана отырып белгілі бір нысанды құрады және оларды топтайды. Құру барысында мәтіндік редакторлардың көптеген мүмкіндіктерін қарастырады.

Қийыншылықтар туған кезде қолданылатын файлдарды алдын ала дайындап қойыңыз.

Компьютерде жұмыс істейді және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

6 слайд

презентация

20-26 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Сыныппен жұмыс:

Алдынғы тапсырмада салыстыру нәтижелерін талқылаңыз.

Ескерту: Қорытынды жасау барысында оқушылар қысу тығыздау әдісі туралы айтулары тиіс. Егер қийыншылықтар туатын болса өзіңіз түсіндіріңіз.

Дифференциация үшін (тақырыпты тереңдету):

Шығынсыз қысу әдісін айтып кетуге болады.

Талқылау кезінде әртүрлі форматтардың көлемдері де әртүрлі екенін анықтайтын болады.

Алдын ала сақталған файлдар

27-32 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Топтық жұмыс:

Әрбір топқа графикалық файлдарды қолдану жағдайларын ұсыныңыз.

Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, талдау қабілеттері дамийды. Сонымен қатар, олар топтасқан кезде бір-бірімен силасуды үйренеді.

Оқушылар тиімді форматты таңдап, дәлел келтіреді.

7 слайд

презентация

32-44 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Ұсыну (мұғалім)

GIF анимация құруға арналаған редакторда мультфильм құру үрдістерін көрсетіңіз. Ғаламторды қолдануға мүмкіндік болмаса, Paint редакторын қолдануға болады.

Құру алгоритмін жұмыс дәптеріне жазады

Онлайн GIF редакторы.

Paint

Сабақтың соңы

45 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Рефлексия

Шығу сұрақтарын дайындап, оқушыларға ұсыныңыз:

1) Графикалық файлдарды қандай салаларда қолдануға болады?

2) Графикалық форматтарды атап шығыңыздар.

3) Ғаламторда көп қолданылатын форматты атаңыз.

4) Бір суреттің әртүрлі форматтары көлемдері неге әртүрлі болады?

Үй жұмысы:

  • Графикалық файлдардың форматтарын қайталау және олардың қызметтерін қарастыру;
  • Мәтіндік редакторда хоббиге байланысты суретті геометриялық пішіндер арқылы салып, оның бөлшектерін топтау.

Берілген сұрақтарға жауап береді

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Оқу міндеттері/сабақ міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін не үйренді?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу