Графикалық файл форматтары. Информатика, 7 сынып, дидактикалық материал.


Тарау: «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады»

Тақырып: Графикалық файл форматтары

Оқу мақсаты:

файлдарды сақтау кезінде олардың әр түрлі форматтарын қолдану

Бағалау критерийлері:

Білу

  • Графикалық файл форматтарының алуан түрлілігін білу

Қолдану

  • Суреттерді әр түрлі форматтарда сақтайды

Талдау

  • Файл өлшемдерін талдайды

Бағалау

  • Бірдей ақпараты бар, бірақ әр түрлі форматтағы графикалық файлдардың өлшемі туралы қорытындылар жасайды

Тапсырма 1. Paint графикалық редакторында *.bmp форматындағы файлды png, jpeg, tiff, giff форматтарында сақтаңыз.

Тапсырма 2. Алынған суреттердің қасиеттерімен танысыңыз және кестені толтырыңыз:

Файл аты

формат

Файл өлшемі

Сапасы

Тапсырма 3. Алынған нәтижелерді сараптаңыз. Топтық талқылауға дайындалыңыз.

Айтылым кезінде келесі пайдалы сөз тіркестерін тұтыныңыздар:

 

 Мен …. форматы …. деп қорытынды жасадым.

 Мен … екенін түсіндім.

 Менің зерттеуімнің қорытындыларыекенін көрсетті.

 үшінформатын қолданған жөн, себебі

 үшінформатын қолдануды ұсынамын, өйткені

 графикалық форматы …. Қолайлы

 

Дескрипторлар

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Графикалық файл форматтарының алуан түрлілігін білу

Графикалық файл форматтарын атайды

Графикалық файл форматтарының алуан түрлілігін түсінеді

Суреттерді әр түрлі форматтарда сақтайды

графикалық файлды .png форматында сақтай алады

графикалық файлды .jpg форматында сақтай алады

графикалық файлды .tiff форматында сақтай алады

графикалық файлды .gif форматында сақтай алады

Файл өлшемдерін талдайды

графикалық файл форматтарының қасиеттерін зерттей алады

Графикалық файл форматтарын қасиеттерін салыстырады

Бірдей ақпараты бар, бірақ әр түрлі форматтағы графикалық файлдардың өлшемі туралы қорытындылар жасайды

графикалық файлдарды зерттеу нәтижесімен бөліседі

Графикалық файл форматтарын қасиеттерін салыстырады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу