file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақпаратты шифрлау. Информатика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2 А Мәтіндік ақпаратты ұсыну

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бегунгутов Т.Е.

Сынып: 6

Сабақта бар оқушылар саны:

жоқ оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты шифрлaу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілетеме)

6.2.1.1 – шифрлаудың әр түрлі әдістерін қолдана отырып мәтіндік ақпаратты кодтау және кодтан шығару

Сабақтың мақсаты

Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау түрлерімен танысу

Бағалау критерийлері

- өз ережелері бойынша ақпаратты кодтау және декодтау ұғымын қалыптастыру;

- кодтау кестесін пайдаланып ақпартты кодтау:

- кодтау кестесін пайдаланып ақпартты декодтау;

- ақпаратты кодтау түрлерін пайдалану.

 Тілдік мақсаты

 

Оқушылар орындай алады:

- өз ережесі бойынша ақпаратты кодтай және декодтай алады;

Лексика мен тіркестерге мысал:

- Ақпаратты кодтау дегеніміз – бұл …

- Ақпаратты декодтау дегеніміз – бұл …

Пәндік лексика мен терминология:

Код, кодтау, декодтау, шифрлеу, графикалық ақпарат, мәтіндік ақпарат, дыбыстық ақпарат;

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа шақыру

Пәнаралық байланыстар

Математика

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа білімді қоршаған ортаны білуге, өмірлік тәжірибеге, білім интеграциясы мен пәнаралық байланыс негізінде игеруге мотивация.

 Бастапқы білім

Бұл сабақ оқушылардың ақпараттық процестерде дереккөзі, алушысы және байланыс арнасын анықтаудағы алған біліміне және дағдысына негізделген

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасу.

Мұғалім суреттер берілген слайдты көрсете отырып, жаңа сабаққа көшеді.

“Мұқият қарап ойлаңыз, сіз қандай ақпарат ала аласыз және ол ақпарат қандай түрде көрсетілген?”

Аталып өткен ақпаратты бұған дейін білгендер қол көтерсін. Жақсы хабардарсыздар.

Презентация

Слайд 1

Презентация

Слайд 2-4

Сабақтың ортасы

6-12 мин

13-25 мин

26-30 мин

31-35 мин

Жаңа білімнің ашылуы

Мұғалім келесі сұрақтар негізінде жаңа тақырып бойынша сауалнама алады:

«Кодтау», «код», «декодтау» ұғымдарын талқылаңыздар. Оқушыларға өмірден ақпаратты кодтауға мысал келтірулерін сұраңыз.

Оқушыларға кодталған хабарламаны ұсынып, оны дешифрлауын сұраңыз.

Телеграф арқылы хабарламаның жіберілуін көрсетіңіз. Телеграф құрылғысын талқылаңыз (дереккөз, қабылдаушы). Морзе әліпбиі негізінде символдарды кодтау кестесін көрсетіңіз.

Оқушыларға Морзе әліпбиін пайдаланып хабарламаны кодтауды сұраңыз. Хабарламаларды жұппен декодтауды ұйымдастырыңыз.

Мұғалім «Дереккөз – қабылдаушы» ойынын ұйымдастырады. Оқушыларға өз кодтау ережелерін пайдаланып бірнеше хабарламаларды кодтауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпқа бөлініп, хабарламаларды кері кодтауын қажет.

Презентация

Слайд 5-7

Телеграф тарихы: https://youtu.be/LXuCov1c8pY

1.1 Қосымшасы

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия.- Біз сабақта нені үйрендік? (………..)- Жаңа не білдік? ( ……….)

- Сабақта не құнды болды? (…………….)

- Қаншалықты табысты өтті? (…………..)

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияланған тапсырмалар ұсынылады.

АКТ дағдылары дамыған оқушыларға бағытталған.

Жоғары деңгейлі тапсырмаларға *белгісі қойылған.

Өзін бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы мен бақылау

ДК жұмыс жасау

ҚТ негізгі ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

 Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Топтық жұмыс
  • Саралау

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу