Ақпаратты шифрлау. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.


 «Ақпаратты шифрлау» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 Сабақтың мақсаты: мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау.

 Берілген сабақты зерттеу үшін қажетті бастапқы білім: ақпараттық процестерде дереккөзі, алушысы және байланыс арнасын анықтаудағы алған біліміне және дағдысына негізделген.

 Аталған сабақ жаңа тақырыпты зерттеу, ептілікті қалыптастыру сабағы болып табылады.

 

 Оқушының осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.

 Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оынңм кері кодталу (декодталу — декодирование) процесімен тікелей байланысты.

 Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.

 Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің (0 немесе 1) бит деп атаймыз.

 Декодтау – кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару

 Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) — алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.

 

 Морзе коды – шартты сигналдар жүйесі. Морзе әліппесі америкалық өнертапқыш Сэмюэл Морзе (1791 –1872) ойлап тапқан аппарат (Морзе аппараты) арқылы жүзеге асырылады. Морзе аппаратымен хабарларды кодпен беруге және қағаз таспаға кодпен жазып алуға болады. Морзе кодында әрбір әріпке немесе таңбаға ток импульстерінің қысқа мерзімді (нүкте) және үш есе ұзағырақ (тире) сигналдың белгілі бір комбинациясы сәйкес келеді; олардың арасы нүкте ұзақтығына тең токсыз интервалмен бөлініп отырады.

 

 

 

 Әдістемелік нұсқаулар

 

 Қалыптастырушы бағалау кезеңінде, оқушылар дәптерге шығарады. Оқушылар тапсырманы орындайды, пікірлерін айтады.

 Әдебиеттер мен ресурстар:

http://metodist.lbz.ru/authors/informatika/3/flash/5kl/gl1/7.php - қосымша тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=_0-ZIqIapV8 сергіту сәті



Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу