Ақпаратты шифрлау. Информатика, 6 сынып, презентация.


АҚПАРАТТЫ шифрлау

6 сынып

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

мәтіндік Ақпараттың кодталуы және декодталуы 

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оынңм кері кодталу (декодталудекодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартыпбит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің (0 немесе 1) бит деп атаймыз.

Декодтаукодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару

Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) — алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.

Морзе әліппесі

Морзе коды – шартты сигналдар жүйесі. Морзе әліппесі америкалық өнертапқыш Сэмюэл Морзе (1791 –1872) ойлап тапқан аппарат (Морзе аппараты) арқылы жүзеге асырылады. Морзе аппаратымен хабарларды кодпен беруге және қағаз таспаға кодпен жазып алуға болады. Морзе кодында әрбір әріпке немесе таңбаға ток импульстерінің қысқа мерзімді (нүкте) және үш есе ұзағырақ (тире) сигналдың белгілі бір комбинациясы сәйкес келеді; олардың арасы нүкте ұзақтығына тең токсыз интервалмен бөлініп отырады

Жұмыс дәптерде «ИНФОРМАТИКА» сөздi кодта

Цезарь шифры 

Цезарь шифры - ең жеңіл және кеңінен тараған шифр әдісі. Оны Цезарь коды, Цезарь жылжытуы немесе жылжыту шифры деп те атайды.

Шифр орнына қоюдың бір түрі деп те атауға болады. Шифрде әрбір таңба ашық мәтінде әліпби бойынша тұрақты көлемде оңға немесе солға жылжытылып отырады.Мысалы, жылжыту саны 3 болатын шифрде А әрібі В, Ә әрібі Г ауыстырылады.

 "Алтын" сөзi кодта(жылжыту саны 3 )

https://www.youtube.com/watch?v=_0-ZIqIapV8

Физкультминутка

АВИАТФИЗИЧЕСКОЕ УПРАЖНЕНИЕ РИСУНОКАРТ

сергіту сәті

тапсырма №1

Морзе әліппесімен «Hello world» хабарын кодта.

тапсырма №2

ЦЕЗАРЬ ШИФРЫ қ олданып, келесi cөздерге шифр жасаңдар:

Мұғалiм

Ғаламтор

ақ парат

Тапсырма №3

Мәтінді Цезарь кодын қолданып мәтінді кодтау керек. Рим императоры Гай Юлий Цезарь

Сұрактар:

Код дегеніміз не?

Кодтау дегеніміз не? 

Декодтау дегеніміз не? 

РЕФЛЕКСИЯ

Оқушылар тақырыпқа байланысты сабақ барысында түсінгенін және өзіне жаңа білгеніне 3 сөйлем жазады.

Үш сөйлемнің әр сөйлемінен кілттік сөз таңдайды. Барлығы үш сөз.

Бұл сөздер сабақ пен оқытудың мақсаттарымен сәйкес келу керек.

Үйге тапсырма

Өз аттарынды екі жолмен кодтаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу