Компьютердің қызметі. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.


 «Компьютердің қызметі» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 Сабақтың мақсаты: компьютердің негізгі құрылғыларының өзара іс-әрекетін түсіндіру.

 Берілген сабақты зерттеу үшін қажетті бастапқы білім: компьютер және оның құрылғыларының тағайындалуы: монитор, жад, процессор.

 Аталған сабақ жаңа тақырыпты зерттеу, ептілікті қалыптастыру сабағы болып табылады.

 Оқушының осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер.

 Жүйелік блоктың құрамына кіретін келесі құрылғылар:

 1-желілік және дыбыстық карталар

 2-сууытуға арналған кулері бар процессор

 3-уақытша жад (жедел сақтайтын құрылғы)

 4-бейнекарта

 5-қатқыл диск (винчестер)

 Желілік карта – қосалқы құрылғы, компьютерге желінің басқа құрылғыларымен өзара іс-әрекеттесуге мүмкіндік береді.

 Дыбыстық карта – дыбысты өңдейтін дербес компьтердің және ноутбуктың қосалқы құрылғысы.

 Процессордың тағайындалуы: 1) тағайындалған бағдарлама бойынша ЭЕМ-ның жұмысын жүргізу; 2) ақпаратты өңдеу үрдістерін орындау.

 Жедел сақтау құрылғысы (ОЗУ) компьютердің жұмыс уақытында ғана ақпаратты сақтайды (бағдарламал және мәліметтер).

 Бейнекартаның басты функциясы – монитордың электроникасымен қабылданатын форматқа, орталық процессерден алынған ақпараттар мен командаларды айналдыру.

 Қатқыл диск көптеген компьтерлерде негізгі ақпарат жинайтын құрылғы болып табылады.

Компьютер – бұл ақпаратты өңдеудің техникалық құрылғысы, оның негізінде кез келген электрондық құрылғыдай, электрлік сигналдарды өңдеу принципі жатыр:

  • Электрлік немесе электрлік емес физикалық үрдістермен (әріптер, сандар, дыбыстық сигналдар және т.б.) пайда болған ақпарат, электрлік сигналға айналады;
  • Сигналдар өңдеу блогында өңделеді;
  • Шығатын сигналдың өңдегіші арқылы өңделген сигналдар электрлік емес сигналдарға (экрандағы бейне сурет) айналады.

 Әдістемелік нұсқаулар

 

 Осы сабақта қолданылатын әдістемелер:

  • Эвристикалық әңгіме (компьтердің негізгі құрылығыларын анықтау кезіндегі шақыру кезеңі).
  • Оқудың іздестіру әдісі (жұппен жұмыс істеу, бейнені қарау).

 Нәтижелер картасымен жұмыс істеу баламасы ретінде, сіз алдын ала нәтижелер кестесін жасап, оны тақтада толтыруңызға болады (қатысушылардың белсенділігін көтерудің бір әдісі ретінде).

 3 тапсырманы орындау кезінде, қатысушалардың басты мақсаты құрылғылардың өзара іс-әрекетін көру екенін есте сақтаңыз.

 Мысалы, нашар қатысушылар үшін тірек сөйлемдер құрастыру:

  • Ақпаратты енгізу үшін біз ... құрылғыларды қолданамыз.
  • Ақпаратты енгізгеннен соң, ол уақытша ... түседі (жедел жад).
  • Уақытша жадтан ақпарат процессерге түседі
  • Процессерде ақпарат өңделеді …..
  • Ішкі жадтан ақпарат ұзақ мерзімді жадқа сақталуы мүмкін немесе экранда көрсетіледі немесе басып шығарылуға жіберіледі.

Сабақтың тапсырмаларына шешімдер

 1 тапсырма

 Жауаптар

  • –Компьютердегі ең басты құрылғы? (жауап: процессор)
  • –Процессор дегеніміз не (жауап: кішігірім электрондық сызба)
  • –Процессор не орындайды? (барлық есептеулерді орындап, ақпаратты өңдейді)
  • –Процессор өңдейтін ақпаратты қайдан алады (жауап Жедел жад)
  • –Негізгі плата, микросызбалар мен жалғағыштар орналасқан (электрондық плата)
  • –Ең үлкен электродық плата ... болып табылады (жауап: аналық плата)
  • –Енгізу-шығару порттары қайда орналасқан (жауап: компьютердің артқы жағында)
  • Винчестер не үшін қажет? Жауап: ақпаратты әрдайым сақтауға арналған құрылғы
  • Онда, компьютерде орнатылған барлық бағдарламар сақталған.

 

 2* тапсырма

Енгізу - шығару

Енгізу құрылғысы

Input device

Шығару құрылғысы

Output device

Ақпаратты сақтау

Қатқыл диск

Hard disc

Жад

Memory

Сыртқы жад

External memory

Ішкі жад

Internal memory

*Ақпаратты тасымалдау

*шығару порттары

input ports

*USB-порт

USB- ports

*Өңдеу

Процессор

Processor

 

 Өзара жұмыс (Қалыптастырушы бағалау)

 1 жаттығу

 Әрдайым

 2 жаттығу

Дұрыс

Дұрыс емес

Компьютерде ең басты элемент микросызба болып табылады

х

Микросызбалардың біркелкі модельдері ұқсас тактілік жиілік болуы мүмкін

х

Электрондық плата электрондық компоненттер орналасқан тегіс металл бөлігі ретінде болады

х

Шина – бұл жедел жад және бақылауыштар арасындағы ақпараттарды жіберу магистралі

х

USB – әмбебап паралельді шина

х

 

 3 жаттығу

 Аналық – енгізу-шығару – артқы - құрылғы

 Әдебиеттер мен ресурстар:

 https://sites.google.com/site/funkcionalnaashemapk/home/osnovnye-ustrojstva-komputera-ih-naznacenie-i-vzaimosvaz Компьютердің негізгі құрылғылары, оның тағайындалуы және өзара байланысы

 

 http://www.snkey.net/books/samxp/ch2-2.html - ДК жұмыс істеу принципі

 

 Бейнересурс, формативті бағалауға арналған жаттығулар

 https://bilimland.kz/ru/#lesson=16729 («Компьютерлік негізгі құрылғыларының міндеті мен мүмкіндіктері»)

 https://learningapps.org/1399246 - қосымша тапсырма

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу