Есептеуіш техниканың даму тарихы. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.


«Есептеуіш техниканың даму тарихы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Сабақтың мақсаты: есептеу техникасының дамуының тарихы мен перспективасы жөнінде әңгімелеу

 Аталған сабақты оқу үшін алғашқы білімдер: компьютер құрылғылары және оның тағайындалуы (процессор және қатқыл дисктің), информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы мен тәртіп ережелері; «эргономика» түсінігі.

 6.1А Компьютерлік жүйелер мен желілер бөліміндегі алғашқы сабақ және жаңа тақырыпты оқудың сабағы болып табылады.

 

Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдері.

 1.3 қосымшасында көрсетілген.

 

 Әдістемелік нұсқаулықтар

 

 Оқушылар санына сәйкес карточкаларды (қосымша 1.1) дайындаңыз, 1.2 қосымшасы – 4 топтың жұмысы үшін.

 Өткен сабақтың тақырыбын қайталау кезеңінде оқушыларға қосымша сұрақтар арқылы демеу көрсетіңіз. Олар көз қарастарын есепке алып, басқа оқушылардың көз қарасымен салыстырыңыз.

 Осындай әдісті мәселелі сұрақ қойғанда, жаңа тақырыпты және мақсатты анықтаған кезде оқушыларды қиыншылқтар туындаса қолданыңыз.

 Оқушылардың деңгейіне қарай 1.1. Қосымшасындағы №1-3 карточкаларымен қалай жұмыс істейтінін анықтаңыз, және жұмыстың әртүрлі әдістерін қолдана аласыз:

  • Қысқа сипаттамалары бар материалды көрсету немесе кестеге қандай ақпарат жазу керек екеніне назар салу
  • Қысқа түсініктеме беру, материалдарды көрсету және кестені толтыруға уақыт беру
  • Оқушыларға өз бетімен кестені толтыруға материал беру

 

 Кез келген жағдайда, осы тапсырманы оқушылар дұрыс орындағанына көз жеткізіңіз. Сабақтың осы кезеңінде жұмыс нәтижелеріне өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

 

 Мәтіндік материалмен жұмыс істеу үшін топқа бөліну әртүрлі болады. Топтарды тақтаға шығарған кезде үлгерімі төмен оқушыларға жауап беруді ұсыныңыз.

 Басқа нұсқа ретінде оқушыларға ЭЕМ буындары мен даму тарихы туралы бейнені көруді ұсыныңыз. Сабаққа екеуінің біреуін таңдаңыз, өйткені бейненің көлемі үлкен.

 Осы жастағы оқушылар бір уақытта бейнені көріп және дәптерге қажетті мәліметті жазу қиыншылық тудыратынын есепке алыңыз. Осындай жұмыс істеу үшін уақыт көбірек керек. Сабаққа қатыспаған оқушыларға бейненің сілтемесін беруіңіз қажет.

 

 Рефлексияны жүргізген кезде сабақта белесенділігі төмен болған оқушыларды есепке алыңыз.

 

Сабақ тапсырмаларының шешімдері

 Карточка №1

 Механикалық дейінгі кезең.

Есеп түрлері

Кезең

Қысқа сипаттама

Саусақтық

Б.з.д. 50000– …

Тұрмыстық қажеттіліктер

Түйіншектік

Есеп және нәтижелерді сақтау

Есептік тақта

Б.з.д. V ғасыр

Санаудың позициялық жүйелері, арифметика

Логарифмдік сызғыш

XVII ғасырдың басы

Математикалық үрдістер және функциялар

 

 Карточка №2

 Механикалық кезең.

Өнертабыстың атауы

Күні және өнертапқыштың аты жөні

Қысқа сипаттама.

«Паскалина»

 1642ж, Блез Паскаль

Қосу және азайту

Есептік құрылғы

 1673ж, Лейбниц

Төрт арифметикалық үрдіс

Арифмометр

 1821ж, Томсон

 1878ж, Чебышев П.Л.

Сериялық өндіріс

Беббидж аналитикалық машинасы

 1830ж

Арнайы блоктардың біріңғай кешені: қойма, тартқыш, кеңсе

 

 Карточка №3

 Электромеханикалық кезең

Өнертабыстың атауы

Күні және өнертапқыштың аты жөні

Қысқа сипаттама.

Халық санын есептейтін машина

1890ж, Герман Холлерит

Ақпарат иесі – перфокарталар, электр тоғын қолданады

 

 

 

 Қосымша 1.2.

ЭЕМ буындары

Қасиеттері

Қолдану жылдары

 1940—1960

 1960—1964

 1964—1971

 1971 – қазіргі уақытқа дейін

Элементттік база

 Электронды шамдар

 Транзисторлар

 Аса интегралды сызбалар

 микропроцессорлар

Жылдам іс-қимыл(бір секундтағы үрдістер)

 10 - 20 мың

 1—2 млн

 300 млн дейін

 Бір секундта миллард үрдістер

Ақпарат иесі

 

 Магнитті жұрекшелерді негізгі жад және магнитті барабандарда сыртқы жад

 Жартылай өткізгіш жад

 Алынбалы қатқыл дисктер, флеш-жинағыштар, CD, DVD

ЭЕМ өлшемдері

 «Үлкен» ЭЕМ

 Мини-ЭЕМ

 Микро-ЭЕМ, бір қолданушымен жұмыс істеуге арналған

 Дербес ЭЕМ

 

 

 

 Әдебиет және ресурстар:

 

ЭЕМ даму тарихы. https://www.youtube.com/watch?v=rG7TwdcWY_E&feature=youtu.be

ЭЕМ буындары.

https://www.youtube.com/watch?v=UplIq2RjnqQ

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/esepteuish-texnikanyng-damu-tarixy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу