Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау. Информатика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1А - бөлім Компьютер және қауіпсіздік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арингазинова А.М.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Деректерді қорғау. Құпия сөзді жасау.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты оқу, білім мен білікті қалыптастыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

[5.4.2.2] құжатқа құпия сөз орнату

 Сабақ мақсаттары

Ақпаратты қорғау әдістерімен оқушыларды таныстыру;

Нақты құпия сөз критерилерін қайталаңыз;

Файлдарға құпия сөзді орнатуды үйрену.

 Жетістік критерилері

[5.4.2.2] құжаттарға құпия сөзді орнату:

1) Нақты құпия сөзді анықтау;

2) Нақты құпия сөзді жасау критерилерін қалыптастыру;

3) Құжатқа құпия сөзді орнату;

4) Архивке арналған құпия сөзді орнату.

 Тілдік мақсаттар

 

 Оқушылар жасай алады:

 - нақты құпия сөзді жасау критерилерін талқылау;

 - құжатқа құпия сөзді орнату алгоритмін сипаттау.

Лексикалық мысалдар мен тіркестер:

Нақты құпия сөзді жасау үшін келесі критерилерді пайдалану керек

Құжатқа құпия сөзді орнату үшін

Пәнді сипаттайтын терминология:

Қазақ тілінде

На английском языке

Қорғау

Security

Құпия сөз

Password

Архив

Archive

Файл

file

Пайдаланушы

User

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Серіктестік

Оқу әрекеті, соның ішінде топтағы әрекет арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

Ақпарат қауіпсіздігі

Алдыңғы меңгерілген білім

4 сыныпта нақты қауіпті сөзді жасау критериясы оқытылған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.

Мұғалім сурет бөліктерін таратып беру арқылы оқушыларды топқа жинайды. Оқушылар топ болып отырады.

Бұл суреттер «4 сурет, бір сөз» деген ойында бар. Мұғалім «4 сурет, бір сөз» ойынын слайд арқылы көрсету арқылы сабақтың тақырыбына келеді.

Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Слайдты интерактивті тақтаның көмегімен көрсетеді.

Топ ішіндегі жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы талқылап, өз жауаптарын ұсынады.

Оқушылар жасырылған сөз туралы талқылайды.

Бұл тапсырманы орындау үшін 1,5 минут беріледі.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.

Ары қарай «Қорғау» түйінді сөзін пайдалана отырып, жасырлыған сөзбен берілген жауаптарын салыстырады.

Мұғалім сабақ тақырыбын оқушылардың өздері табуларын ұсынады. Оқушылар сабақтың тақырыбын табады.

Сабақтың «Деректерді қорғау», «Құпия сөзді жасау» деген тақырыптарымен ұсынылған жауаптары салыстырылады.

Мұғалім оқушылардың өз беттерімен сабақ мақсатын анықтауды ұсынады.

Слайд

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Мұғалім тақырып бойынша әр топқа келесі сұрақтарды қояды:

  • Құжатты қалай қорғауға болады?
  • Компьютердегі мәліметтерді жоғалтып алу қандай қиындықтарды туғызуы мүмкін?

3)Қауіп-қатердің алдын алу үшін нақты шараларды атаңыз?

Әр топ берілген сұрақтарды топ ішінде талқылайды.

Әр топ өз жауаптарын басқа топтармен бөліседі. Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, оған жауап береді.

Мұғалім оқушылардың сұрақтарға аудитория алдында жауап беруіне мүмкіндік береді. Жауаптарын басқа топтар бағалайды. Сыныпта өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі.

Мұғалім кілт сөздердің көмегімен осы әрекеттің қорытындысын шығарады: Құпия сөз, қорғау, тежеу және т.б.

Өткен тақырыптың өзектілігін арттыру үшін оқушыларға келесідей жеке жұмыс орындау тапсырылады.

Біріншіден, тапсырманы бұрын орындаған оқушыға флипчартта дайындалған анықтаманы жинау үшін интерактивті тақтаны қолдану ұсынылды.

Әрі қарай, оқушылар экрандағы көрсетілген дұрыс жауаптың көмегімен өз жауабын бағалайды. Өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі.

Дұрыс жауапты көрсету.

Оқушыларға құпия сөз мысалдары бар топтық жұмысты орындау тапсырылады:

12345678

Abcdef

Fg10!dD9

123abc

Abc

Оқушылар нақты құпия сөздің ережесін дәлелдей отырып, әр құпия сөздің нақтылығын анықтайды. Нақты құпия сөз ережесін талқылағаннан кейін оқушылар, келесідей дайындалған мәтіндік хабардың көмегімен проблемалық жағдайды көрсетеді.

Мұғалім берілген дағдыны көрсету сонымен қатар, озық АКТ-дағдыларымен оқушыларды анықтау және қолдау арқылы, мәтіндік құжатқа құпия сөзді қалай қою керек екенін білетін оқушыларға мүмкіндік береді.

Егер мұндай оқушылар болмаса, мұғалім аталған дағдыны өзі көрсетеді.

Көрсеткеннен кейін әр оқушы жеке орындайтындай практикалық тапсырма беріледі. Тапсырма алдын-ала дайындалып, шығарылып қойылған. Алдын-ала дайындалған тапсырмалардың көмегімен қалыптастырушы бағлауды өткізу.

Дифференциация үшін оқушылар өз бетімен шешімін таба алатындай қосымша тапсырмалар пайдаланылады.

Күрделілігі жоғары тапсырма:

• архивтелінген құжатқа құпия сөз орнатыңыз;

• жай және архивтелінген құжаттар арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз;

• құпия сөзді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар өз әрекеттерін жұпта талқылайды. Дәлелдер келтіре отырып, өз құпия сөзінің нақтылығын жұпта талқылауын ұсыныңыз. Осылайша, өзін-өзі бағалау мен бір-бірін бағалау процессі жүргізіледі.

Бұл құпия сөзді құжат авторынан басқа ешкімнің білмеуі керектігіне көңіл аударыңыз.

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасын беру

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация берілген тасырмалардан байқалады. АКТ озық дағдылары бар оқушыларға назар аудару.

Күрделілігі жоғары тапсырмалар белгімен белгіленген. *

Өзін-өзі және бір-бірін бағалау

Мұғалімнің бағалауы

ДК жұмыс.

ТҚ негізгі ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу