Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер. Информатика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім 5.1А: Компьютер және қауіпсіздік

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Литвинова О.В.

Жолдаспекова Г.С.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғаламтормен жұмыс жасау кезінде болатын қауіптер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.4.2.1 бөтен жұмыстарды көшіріп алудың заңсыздығын талқылау

5.2.2.1 басып шығару үшін құжаттарды тиімді ұйымдастыру (парақтың бағдарын, параметрлерін орнату, алдын ала қарап шығу)

 Сабақтың мақсаттары

Ғаламторды қолданудың қауіпсіздік ережелерін меңгеру.

Ғаламторда пайда болатын жағымсыз және қауіпті жағдайларды шешу мүмкіндіктері туралы білім деңгейін көтеру. Ғаламтор желісін қолдану кезінде қауіпті жағдайларды бағалау дағдыларын қалыптастыру.

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

Ғаламторда коммуникация үдерісінде пайда болатын қатерлерге мысал келтіру;

Қолдану

Осы қатерлерге байланысты жағдайларда қауіпсіз стратегияларды таңдау;

Бағалау

Ғаламтор дереккөздерін қолдану кезіндегі болатын қатерлерлі бағалау

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Аватар, жеке ақпарат, браузер, іздеу жүйесі, спам, форум, чат.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Жеке ақпарат дегеніміз - ...

Ғаламтордың басқа қолданушыларына хабарлауға болмайды ....

Егер бейтаныс адрестен хабарлама келсе ... қажет.

 Құндылықтар

Құрмет және ынтымақтастық.

Бұл құндылық сабақта бір-біріне құрметпен қарауға баулиды, ғаламтор желісінде жұмыс жасаудың негізгі ережелерімен таныстыру.

 Осыған дейін меңгерілген білім

Ғаламтодан ақпарат іздеу. Мәтіндік құжаттарды жасау, редактілеу және форматтау.

Дереккөздер

Доп, «Бейтаныс достар» жағдатына қажетті карточкалар.

https://www.microsoft.com/eesti/education/veebivend/koomiksid/rus/html/oppilaille.htm - ақпаратты қауіпсіздіктің мәселелері. Суретті әңгімелер.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

(К) Ғаламтор: пайдалы ма, зиянды ма?

Бұл жатығу тақырыпқа шығу үшін кіріспе болып табылады және қатысушылардың ғаламтор желісінде әр түрлі ресурстарды қолданудың оң тәжірибесін өзекті етеді.

Жаттығу шеңберде өткізіледі. Жүргізуші (мұғалім) ешқашан ғаламторды қолданбаған, ол туралы естімеген, алайда ғаламторда қызықты және пайдалы нәрселер бар екендігіне күмәнданатын адамның рөлін ойнайды. Жүргізуші қатысушылардан оның қателесетіндігін айтуды өтінеді. Міндетті шарттар: дәлелдер қайталанбауы тиіс және мына фразадан басталғаны жөн: «Сіз ғаламтордан ... таба аласыз».

Жүргізуші жаттығуды бастайды. Қолына допты алып, «Менің ойымша ғаламторда қызықты және пайдалы ештеңе жоқ» деп айтады. Әрі қарай жүргізуші допты басқа қатысушыға лақтырады, допты қағып алған оқушы ғаламтордың пайдалы екендігіне дәлел келтіреді. Сөзін «ғаламторда Сіз ... таба аласыз» деп допты жүргізушіге қайта лақтырады. Жүргізуші допты келесі қатысушыға лақтырады. Ойын барлық қатысушы дәлел келтіргенде аяқталады.

Доп

Сабақтың ортасы

37 мин

(Т) «Бейтаныс достар»

Әрбір топқа жағдаятқа қатысты сұрақтары бар карточкалар таратылады. (Қосымша 1)

Әрбір топқа келесі тапсырмаларды орындауға 10 минут уақыт беріледі:

1. өзінің жағдаятын талдау;

2. басты кейіпкерге не істеу керек екендігіне ұсыныс беру;

3. сұрақтарға жауап беру;

(К) Талқылау

Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен таныстырады.

(Т) Ғаламторда жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері

Оқушылар топта ғаламторда жұмыс істеу барысында сақтайтын қауіпсіздік ержелерін талқылайды.

СЕРГІТУ СӘТІ

(Ж) Постер жасау

Оқушылар мәтіндік редактордың дайын шаблонын қолдана отырып, ғаламторда жұмыс жасаудың ережелері туралы брошюра жасайды. (1 бөлім –сыртқы). Шаблонның ішкі бөлігін оқушылар келесі сабақта орындайды.

Қосымша 1

Жағдаятқа қатысты сұрақтары бар карточкалар

Дәптерлер

Мәтіндік редактор

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

(Ж) «Тілектер тізбегі» технологиясы

Әрбір оқушы тізбек бойынша өзіне және басқаларға ғаламторда жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін атап, тілек айтады. Тізбекті тілекпен мұғалім аяқтайды, қорытынды жасайды.

(К) Үйге тапсырма

1) «Бесконечный лес» әңгімесін оқу

https://www.microsoft.com/eesti/education/veebivend/koomiksid/rus/html/oppilaille.htm

Тапсырма орындау

2) *«Ғаламторға саяхат» тақырыбына шығарма жазу.

Шығармада мүмкін болатын қауіптер мен оларды шешу жолдары туралы жазу.

Слайд 4

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Мәтіндік редакторда тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезеңінде оқушылар қиналады, оларға нұсқаулық карта жасауды ұсынады. Тәжірибелік тапсырманы келесі сабақта авторлық құқықты оқығанда аяқтауға болады.

Шығармашылық үй тапсырмасы ретінде кейбір оқушылар «Ғаламторға саяхат» ертегісін жазады.Онда ғаламтордың қаупі мен шешу жолдарын айтады.

«Ғаламтор: пайдалы ма, зиянды ма?», «Бейтаныс достар» тапсырмаларын орындауда меңгеру деңгейін бағалау үшін мұғалім сұрақтар қояды.Тәжірибелік жұмыс барысында оқушылармен бірге тапсырмалардың бағалау критерийлері құрастырылады.

Сабақта оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында белсенді әдіс түрлері, топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған. Компьютердің алдында отырғанда арқасын түзу ұстауын , көз бен монитор экраны арасындағы қашықтықты сақтауын қадағалайды. Қауіпті жағдайды мұғалімге хабарлайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу