Компьютердің құрылғылары. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің құрылғылары.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 компьютердің сыртқы құрылғыларына мысал келтіру

4.1.3.1 экранмен жабдықталған сандық құрылғылармен (Телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар) жұмыс уақытын шектеудің маңыздылығын қалыптастыру)

Сабақтың мақсаттары

  • оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
  • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру
  • енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу

Критерии оценивания

  • компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын атайды, олардың мақсатын айтып береді;
  • ақпаратты шығару құрылғыларын және олардың мақсатын атайды;

Тілдік мақсаттар

 

 Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап, олардың мақсатын айтады.

 Пәндік лексика және терминология:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына … жатады.
  • Ақпаратты шығару құрылғыларына … жатады.

Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет

Құндылықтар

 Адами құндылықтар: өзара сыйластық, топтарда қабылданған жұмыс ережелерін ұстану, біреудің пікірін құрметтеу, бастаманы қолдау, «сыни дос» пікірін тындау, өзіне және досына жауапкершілікпен қарау, шыдамдылық, әділеттілік, қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өз жұмысын көрсету мүмкіндігі. Қауіпсіздік ережесін сақтау

Пәнаралық байланыс

Информатика

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың қауіпсіздік туралы түсінігі бар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Ұйымдастыру кезені

Сабақтың басында мұғалім оқушыларға монитор, пернетақта, тышқан және принтер бейнеленген карточкаларды таратады және екі топқа бірігуді ұсынады.

Біріктірілгеннен кейін мұғалім оқушыларға талқылау үшін проблемалық сұрақтар қояды:

- неге дәл осылай біріктірілді?

- бірінші топтағы құрылғылардың негізгі мақсаты қандай?

- екінші топтағы құрылғылардың негізгі мақсаты қандай?

  • Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушыларға топта келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

- Сабақтың тақырыбы қандай?

- Сабақтың мақсаты қандай?

-оқушылар оқылатын тақырып бойынша сабақта нені білгісі келеді?

Монитор, тінтуір, принтер және пернетақта бейнеленген карточкалар

Презентация

Сабақтың ортасы

6-14 мин

15-18 мин

19-21 мин

22-36 мин

  • Жаңа білім мен іскерлікті меңгеру.

 Мұғалім оқушыларға келесі сұраққа жауап беруді ұсынады: компьютер не үшін қажет?

 Мұғалім жаңа материалды бейне арқылы түсіндіреді.

 https://www.youtube.com/watch?v=PaRrbFwq6LQкомпьютер құрылғылары.

 https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/5-klass/lesson/pravila-texniki-bezopasnosti-i-organizacziya-rabochego-mesta - ҚТ ережелері.

 

 Одан әрі мұғалім оқушылармен бірге дербес компьютер деген не екенін талқылайды.

 4. Практикалық тапсырмаларды орындау.

Мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі және 1 тапсырманы орындауды ұсынады.

Мұғалім оқушыларға компьютер құрылғысын енгізу және шығару топтарына бөлуді ұсынады.

Онлайн Жаттығу:

https://learningapps.org/1742222

Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі және 2 тапсырманы орындауды ұсынады.

Ата-аналарға смартфондар мен планшеттер экрандарының алдында балалардың уақытын бақылауға көмектесетін бағдарламаны сипаттаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Қолданба логотипі мен атауын салады
  • Автор атын көрсетеді
  • Осы қосымшаның рейтингін көрсетеді
  • Осы қосымшаның қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді

Ресурс

Сабақтың соңы

37-40 мин

5. Рефлексия.

 Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі:

  • Сабақтың тақырыбын атаңыз
  • Сізге оңай немесе қиын болды ма?
  • Ең қызықты тапсырма қандай болды және неге?

 Енді мен сіздерге бір жұмыс ұсынамын. Менде смайлик бар – оның бөлшектері жоқ (ауызы, қастары жоқ). Сіздер көңіл-күйіңізді көрсететіндей қылып смайликке элементтерді салуыңыз керек.

Презентация

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 Топта жұмыс істеу кезінде әрбір оқушы өз білім деңгейінде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға атаулы көмек және қолдау көрсетеді.

 

 Күрделі тапсырмалар енгізілген.

 

Материалды меңгеру деңгейін бағалау мұғалімнің түсіндірмесі арқылы, материалды бекіту кезінде жүзеге асырылады.. Постерді көрсету кезінде оқушылар алған ақпаратты талқылауға және өзара бағалау арқылы сөз сөйлеуді бағалайды.

Оқушылармен көзге, қолға арналған жаттығулар жүргізу. Сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын пайдалану.

Сабақ бойынша Рефлексия

Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ҚО-ға жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ма?

Сабақтың уақытша кезеңдері өтті ма?

Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлану үшін пайдаланыңыз. Сол бағаннан сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 

 Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақтың жақсаруына не ықпал етуі мүмкін (оқыту және оқу туралы ойлан)?

 1:

 

 2:

 

 Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарға назар аудару қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу