Мультимедианы ендіру. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Бөлім -4. ПрезентацияАнимация және презентация

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

МУЛЬТИМЕДИАНЫ ЕНДІРУ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 біртұтас сурет құру үшін бірнеше кескінді біріктіру;

 Сабақ мақсаты

Слайд бетіне суретті кірістіруді біледі

Коллаж жасауға қажетті суреттерді біріктіруді біледі

Презентациядағы суреттерді біріктіре алады

 Сәттілік критерийі

Барлық оқушылар: Презентацияға сурет енгізу жолдарын біледі

Көпшілік оқушылар: Коллаж жасай алады

Кейбір оқуышылар: Коллаждарды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талдау жасай алады. Объектілерді импорттаудың қосымша мүмкіндікетерін біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Лексика и терминология, специфичная для предмета:

Мультимедиа, графика, звук, видео, анимация

Полезные выражения для диалогов и письма:

Суретті пайдалану…

Жасау ерекшеліктерін ескере отырып … талдау жасауға болады

Құндылықтарға баулу

 

 

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, Өнер

Алдын ала білім

Презентациядағы видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.

Миға шабуыл. Тақырып және оқу мақсаттарын анықтау және талқылау

Сабақ ортасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Осы тәрізді суреттерді қайда жиі кездестіруге болады?
  • Олардың қандай ерекшеліктері бар?
  • Өз қолымаызбен осы тәріздес суреттерді жасауға болады ма?
  • Мұндай суреттерді жасау үшін қандай құралдар керек?
  • Бұл суреттер қалай аталады?

Коллаж жасау алгоритмі

  • Коллаж тақырыбын таңдаңыз
  • Фотоколлаж дизайнын ойластырыңыз
  • Қажетті материалдарды (суреттер, клипарт объектілері, жазба мәтіндері т.с.с) дайындап алыңыз
  • Фотоколлаж жасау құралын (ортасын) таңдаңыз.
  • Жоспарыңызға сәйкес фотоколлаж элементтерін орналастырыңыз

Практикалық жұмыс

  • Төмендегі сілтеменің біріне өтіңіз
  • Фотоколлаж дайындауға ыңғайлы деп тапқан шаблон таңдаңыз
  • Қажетті суреттерді жүктеп, тиісті орынға орналастырыңыз.
  • Безендіріп, қажетті қосымша элементтерді қосыңыз

Мысалмен түсіндіру: https://mycollages.ru/ сайтының көмегімен коллаж жасау алгоритмі

  • Коллаж жасау бетіне өтіп, өзіңізге ұнамды шаблонды таңдау үшін “Шаблон” батырмасын басыңыз
  • Баптауларбатырмасының көмегімен баптаулар мәзірін шақырып? Қажетті параметрлерді орнатыңыз

Вы можете:

    • Биіктігі және ені 2650 пиксельден аспайтын коллаж өлшемін таңдай аласыз;
    • Коллаждың бейнеленуін тігінен, көлденеңнен, квадрат түріне өзгерте аласыз;
    • Шектеулермәзірінің көмегімен шаблон ұяшықтары және шаблонның шектеулерін орната аласыз;
    • "Радиус« мәзірінің көмегімен сурет шектерін доғалдандыра аласыз .
    • “Фон бояуымәзірі арқылы суреттің артқы жағын бір ғана түспен? Текстурамен бояй аласыз.
  • Керекті суреттерді жүктеңіз. Суреттерді өңдеу қажет болса, “Суретті өңдеубатырмасын басыңыз. Суреттердің орналасу ретін жөндеу үшін сызғышты пайдалануға болады
  • Суретті өңдеубатырмасын басқан болсаңыз, қосымша баптаулар мәзірі ашылады. Суретпен келесі әрекеттерді орындауға болады: орынамастыру, жылжыту, кішірейту, үлкейту, айналдыру. Сонымен қатар бірегей бейне фильтрлерін іске қосуға да болады.
  • Коллаждың барлық баптаулары дайын болған соң, “Сақтаубатырмасын шертіңіз. Дайын болған коллаж сіздің құрылғыңызға автоматты түрде жүктеледі.

MS Power Point құралдарымен коллаж жасау

  • Презентация әзірлеңіз
  • “Дизайн” коллекциясы арқылы парақ өлшемдерін қажетті мөлшерге келтіріңіз
  • Бос слайд жасаңыз
  • “Қою” мәзірі арқылы қажетті суретті слайд бетіне орналастырыңыз
  • Бірінші суреттің үстіне екінші суретті орналастырыңыз (суретте 1 және 2 сандары), “Бейнемен жұмыс” қыстырмасын ашыңыз (суретте 3 санымен берілген)
  • “Бейнемен жұмыс” коллекциясының сәйкесті командасы арқылы, өзіңізге қажетті баптауларды жүзеге асырыңыз. “Кесіп тастау” мүмкіндігін пайдалануды ұмытпаңыз.

https://rnpc.almatykitap.kz/index.php?id=361&#

http://armanpv.kz/?book=173

https://nessy-world.livejournal.com/10145.html

Сабақ соңы

Рефлексия. Кері байланыс

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау білімді іріктеуде, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп таңдауда көрінуі мүмкін (Гарднер бойынша көптік интеллект теориясы).

Саралау уақытты ақылға қонымды пайдалануды ескеріп, сабақтың кез келген кезеңінде пайдаланылуы мүмкін.

Осы тарауды оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін пайдаланатын әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Денсаулық сақтаушы технологиялар.

Пайдаланылатын жаттығу минуттары және белсенді қызмет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінен осы сабақта қолданылатын тармақтар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Осы тарауды сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанда жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу