Презентацияға арналған ақпарат. Информатика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Информатика 4 класс

План урока

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

4-бөлім.

Презентациялар (ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі»)

Тақырыбы:

Презентацияға арналған ақпарат

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:

4.2.3.1 слайдқа макет таңдау;

4.3.1.1 ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумаларды, құжаттағы мәтіннің үзіндісі);

4.3.1.2 браузер құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеулерді және тарихын қарау)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

  • Слайдтің макет стилдерін және макет таңдау тәсілін біледі.
  • Компьютреде файлдар және бумаларды іздеу тәсілін біледі.
  • Документте мәтін фрагментін іздеу тәсілін біледі.
  • Браузердің бетбелгілері, жүктеулері және браузер тарихы деген түсініктерді біледі.

Көптеген оқушылар үшін:

  • Слайдқа жаңа макет орната алады.
  • Слайд макетін әртүрлі нысандармен толықтыра алады.
  • Браузерде бетбелгілерді орнаталады, браузер тарихын көре алады және жүктеулерді қарай алады.

Кейбір оқушылар үшін:

  • Мысал ретінде слайд макетін қолданудың маңыздылығын түсіндіреді.
  • Мысал ретінде сапалы презентация жасау үшін ақпаратты іздеу және актуалды ақпарат таңдау қолданудың маңыздылығын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жасай алады:

  • Өз презентациясына материал іздеу үшін қай ресурс қолданғаның айтып бере алады.
  • Презентацияға арналған таңдап алған макет стилін дәлелдеп бере алады.
  • Презентация үшін жүктелген үлгілер белгілі бір тақырыпқа сәйкес келетінін бөліседі.

Пәндік лексика және терминология:

  • Презентация, слайд, макет, стиль
  • масштаб – масштаб – scale;
  • жұмыс алаңы – рабочая область –working area;
  • настройка – баптау – tuning;
  • закладка – бетбелгі – bookmark

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

  • Презентация не үшін қажет?
  • Макет ұғымын қалай түсінесіңдер?
  • Слайдтар қалай жасалады?
  • Презентация жасау үшін қандай ақпарат көздерін пайдалануға болады?
  • Презентация жасау үшін Интернеттің рөлі мен маңыздылығы қандай?

Жазу:

Дәптерлерде макет сызу. Слайд макеттерінен басқа жаңа макет түрлерін ұсынар едің? Ойлап тапқан макеттеріңнің сұлбасын қағазға түсіріңдер.

Тірек білім, білік, дағдылар

Практикалық:

Презентация жасау программасында слайд макеттерімен жұмыс.

Мамандықтар туралы суреттер мен мәтіндік ақпаратты табу үшін Интернет іздеу жүйелерін пайдалану.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Басталуы

3 мин

Ой сергіту жаттығуы «Төңкерілген тақпақ»

Барлық оқушыларға мамандық бойынша бірдей мәтін таратып беріңіз. Кез келген оқушысын сынып ортасына шақырыңыз. Сол оқушыға мәтінді төңкеріп дауыстап оқуға рұқсат етіңіз. Қалғандары тыңдайды. Оқу жылдамдығы айтарлықтай төмендейді, өйткені ми оқуға арналған мұндай ерекше тәсілді қолдайды. Бірақ бұл мидың ақыл-ой қабілеттерін жақсартады дегенді білдіреді.

Мәтіннің мысалы: Кім боламын? Әлде ғалым болам ба? Бар әлемге танылып, Әлде спортшы болам ба? Жарыстарға қатысып, Медаль алып олжалы. Мен боламын ақын, Шәкәрім, Абай атам секілді, Талай өлең шығарып, Бар әлемге жаңғырып, Шықса деген арманым.

Негізгі бөлім

5 мин

2 мин

8 мин

4 мин

4 мин

4 мин

Миға шабуыл сұрақтары.

1-тапсырма.

Суреттегі мамандар туралы не білетіндерін айтып беріңіз.

Сізге қандай мамандық ұнайды?

"Менің сүйікті мамандығым" тақырыбы бойынша презентация қалай жасауға болады?

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақтар.

2-тапсырма.

1 ребусты шешіп беріңіз

2 ребусты шешіп беріңіз

Сабақтың тақырыбын және мақсаттарын айқындау:

Оқушылар жеке, топ ретінде немесе ұжым түрде жауап беретін сұрақтарын талқылау.

1. Презентацияда қандай макеттермен кездестірдіңіз бұрын?

2. Слайд макеті дегеніміз не?

Мұғалімнің түсіндірмесі

Слайд макеті - слайдта ақпараттың орнын көрсететін бос орындар жиынтығы.

Әрбір слайдта өз орналасуы болуы мүмкін.

Әр слайдтің өзінің макеті бола алады.

Әр макеттің әр түрлі эскиздері болады.

Мысалы, эскиздер түрлері:

Макетті таңдау үшін слайдттың бос жерін тышқанның оң жақ тетігін шертіп қосымша шыққан менюдегі Макет деген сөзді басамыз

Компьютермен жұмыс.

PowerPoint программасында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында 4 слайдтан тұратын презентацияны төмендегі қадамдар бойынша орында:

  • Программаны іске қосып, Файл–Құру (Создать) – Жаңа(Новая) презентация командалар тізбегін орындап жаңа слайд бетін аш.
  • Дизайн-Фон-Стили фона командаларын орындап, слайд түсін таңда.
  • Басты (Главная) – Макет командаларын орындап, тақырып, мәтін және сурет орналастыратын слайд макетін таңда. Слайдтың тақырыбына кәсіп атауын, төменгі бірінші бөлігіне таңдаған кәсіп жайлы шағын мәтін, екінші бөлігіне осы кәсіпке қатысты сурет кірістіруге болатын слайд макетін таңда.
  • Интернеттен немесе компьютерден керекті суреттерді слайдқа кірістір.
  • Дайын перезентацияны «Мен ұнатқан мамандық.pptx» атауымен сақта.
  • Презентацияны таныстыру үшін Көрсету (Показ слайдов)Басынан (С начала)командасын орында.

Топтық жұмыс

Ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтіннің фрагменті) туралы алгоритмін жазыңыз

Компьютерде файлдар мен бумаларды іздеуге арналған алгоритм:

1. Бастау (Пуск) түймешігін басыңыз;

2. Бағдарламаларды және файлдарды табу (Найти) пунктің таңдаңыз;

3. Табу (Найти) жолағында файл атауын немесе файл атауының фрагментін немесе оны қамтитын мәтінді енгізіңіз;

4. Егер керекті файл табылған тізімде көрсетілмесе, басқа нәтижелермен танысу (Ознакомиться с другими результатами) қатарын басуға болады;

5. Enter басыңыз.

6. Explorer (Проводник) бағдарламасында файлды немесе буманы іздеу керек болса, Іздеу (Поиск) түймешігін (немесе F3 пернесін) басыңыз.

7. Қосымша параметрлер бойынша іздеу деген функцияны қосу үшін Іздеу параметрлері (Параметры поиска) таңдауға болады. Сол кезде терезеде жаңа элементтер пайда болады. Олардың көмегі арқылы сіз жасау күні немесе соңғы енгізілген өзгерісі, түрі, көлемі және т.б. бойынша іздеуге болады.

Жұптық жұптық

Сурет бойынша құжатта мәтінді іздеу әрекетін орындаңыз.

Мұғалімнің түсіндірмесі

Интернетте жиі қолданылатын сілтемелер үшін сіз бетбелгіні жасай аласыз, ашылатын сайттар тарихын көре аласыз немесе арнайы шолғыш құралдарын пайдаланып жүктеу папкасын аша аласыз.

Бетбелгілер – браузерде сақталған интернет-беттер. Бетбелгілер көмегімен жие пайдаланған сайттарды тез арада ашуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер және тарихы – интернет-беттерге кірген уақытын, адресін сақтайтын тарихи журналы және жүктелген файлдар журналы.

CTRL+H клавишалар комегімен кез келген браузердің тарихын көруге ен оңай жолы!

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11

Слайд 12

Слайд 13

Слайды 14-17

Аяқталуы

3 мин

5 мин

Рефлексия

1 мин

Бекіту

18-25 слайдтардың тест сұрақтарына ауызша жауап беру

Практикалық жұмыс.

Кейіннен үлгермеген жағдайда бұл тапсырманы үйде жалғастыру тапсырма ретінде беріледі.

  • Интернеттен ҮШ түрлі мамандар туралы суреттер мен мәтіндік ақпарат табыңыз және өз компьтерінізге көшіріп алыңыз.
  • ТӨРТ слайдтан тұратын презентация дайындаңыз: бірінші – бастапқы слайд, екінші, үшінші, төртінші слайдтар үш түрлі маман бойынша ақпарат орналастырыңыз.
  • Төрт слайдқа ТӨРТ түрлі стилдер макетін қолданыңыз.

Смайлик таңдап, онын қасына + немесе – орнатыңыз.

Слайды 18-25

Слайды 26

Слайд 27

Үй тапсырмасы

1 мин

Мамандықтар бойынша төрт слайдты презентацияны аяқтаңыз.

Слайд 28



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу