Презентацияға арналған ақпарат. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 Бөлім: Презентацияны безендіру

Мектеп:

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Презентацияға арналған ақпарат

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;

 3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау;

 3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан;

 3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;

 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану .

Сабақтың мақсаттары

 - презентация құру, безендіруге дайын дизайн үлгілерін қолдану;

 -слайдтар арасында ауысу түрлерін қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  •  Берілген тақырып бойынша интернеттен мәліметтер іздей алады;
  •  Слайд саны 3- тен кем емес презентация құра алады;
  •  Презентацияны безендіру үшін «Дизайн» қомандысын қолданады;
  •  Слайдтар арасында ауысу түрлерін қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 Тақырыптық сөздік терминалогия және лексика:

 слайд, презентация, дизайн, ауысу, іздеу, интернет

 Диалог / жазу үшін қажетті тіркестер:

 Мен осы дизайнды таңдадым, себебі…

 Слайдты ауыстыру үшін мен …

 Слайдқа жаңа сурет, бейне орнату үшін келесідей амалдар орындалады:…

Құндылықтарды дарыту

 Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

 Оқушылар бойына құрмет және жауапкершілік құндылықтарын дарыту мағынаны тану кезеңіндегі барлық тапсырмалар арқылы көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

 Өнер (дайын дизайнмен жұмыс);

 Әлемді тану (Су – өмір көзі және т.б.)

Осыған дейін меңгерілген білім

 Презентация құру жолдарын біледі, слайдқа мәтін және суреттер қоя алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Миға шабуыл.

 Мұғалім оқушылардан жұмбақтың жауабын сұрайды:

 Аяғы жоқ, қолы жоқ,

 Бiрақ тыныш тұрмайды.

 Сақтамасаңқорын тек,

 Барша тiрлiк қурайды.

 (Жауабы:су)

 

 Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу:

  •  Жануарлар үшін судың мәні.
  •  Тірі организм үшін судың мәні.
  •  Өсімдіктер үшін судың мәні.

 Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

 Сұрақтар:

 1.Неліктен су- өмір көзі?

 2. Осы ақпаратты біз қайдан алып жатырмыз?

 3.Судың қажеттілігін білмейтін адамдарға қалай түсіндіреміз?

 

 Оқушылар әртүрлі жауап үлгілерін айтады.

 Мұғалім презентацияны құру идеясына әкелуі керек.

 

 Бұдан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлайды.

Сабақ презентациясы

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-12 мин

13-27 мин

28-35 мин

  •  Жаңа сабақ

 Тақырыбты зерттеу.

 Мұғалім Power Point-ты қолданып, әртүрлі ауысу түрлерін көрсетеді.

 Сұрақтар:

 -Сендер нені көрдіңдер?

 -Біз оларды не үшін қолданамыз?

 Оқушыларға слайдтарда ауысу кезеңдерін қолданудың бір мысалын көрсету қажет.

 Оқушылар мұғалімнің көрсеткені бойынша орындайды, және бірін-бірі бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап тұруы тиіс.

 

 Сергіту сәті.

 

 Жұппен жұмыс істеу

 Тапсырманы ұсыну.

 Тапсырма:

  •  Презентацияға дайын дизайнды таңдап алыңдар;
  •  «Су – өмір көзі» тақырында мәліметтер іздеп, табыңдар.
  •  Әртүрлі ауысу түрлерін қолданып, презентация дайындаңдар.

 

 Дескрипторлар:

  •  Презентация құра алады;
  •  Презентация безендіруде дайын үлгіні қолдана алады;
  •  Берілген тақырып бойынша Интернеттен мәлімет іздей алады;
  •  Слайдқа мәтін және сурет қоя алады;
  •  Слайд ауысу түрлерін қолдана алады.

 

 Дифференциация:

 1. Интернеттен Каспий теңізі туралы мәтіндік ақпарат тап.

 2. Мәтінді көшіріп слайдқа қой.

 3. Қаріп өлшемі - 14 пт.

 4. Слайдқа сурет қой (Каспий теңізі)

 5.Суреттің төменгі жағына суреттің атауын жаз.

 6. Интернеттен Балқаш туралы мәтіндік ақпарат тап.

 7. Мәтінді көшіріп слайдқа қой.

 8. Барлық мәтін үшін қаріп өлшемі - 14 пт.

 9. Жаңа слайд аш және Балқаш суретін слайдқа қой.

 10. Суреттің төменгі жағына өз атыңды жаз.

 Бағалау. Дискрипторларды қолданып, өзара бағалау жасайды, ұсыныстар айтады (өзгертемін ... Мен қосатын едім ...)

4-6 слайд

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Презентация

7 слайд

8-9 слайд

Сабақтың соңы

36-40 мин

Қорытындылау

Сабақты аяқтап (жатпланеталық атынан алғыс білдіру).

Презентация

6-7 слайд

Қосымша ақпарат

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқушының күтілетін нәтижесі, оқушыға жеке қолдау көрсету, білім беру материалдары мен ресурстарды таңдау кезінде (Гарднердің Көптеген интеллектінің теориясы) міндеттерін таңдауда әр түрлі болуы мүмкін.

Дифференциация уақытты басқару негізінде сабақтың кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін.

 Сабақ барысында оқығандарын бағалау үшін қолданылатын әдістерді жазу үшін осы бөлімді пайдаланың.

 Оқушыларға компьютер алдында отыру кезінде және онымен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақта

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

 Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 2:

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 2:

 Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу