Презентацияға арналған ақпарат. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Класс: 3
7 Бөлім – Презентацияны безендіру
«Презентацияға арналған ақпарат» сабағына арналған әдістемелік ұсынымдар
Сабақ мақсаттары:
- презентацияны әрлеуде дайын дизайн үлгілерін қолдану;
- слайдтар арасына ауысулар қолдану.
Оқыту мақсаттары:
3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау;
3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан;
3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану .
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты зерттеу. Осы тақырып бойынша екі сабақ, ұсынылған сабақ екінші сабақ, бастапқы білім мен дағдыларды өткен тақырыптардан алды: «Файлдар мен бумалар», «Программа терезесі».
Алдыңғы АКТ сабақтарында оқыған материалдарды қайталау.
Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптарда алған білмдерін қолданады.
Сабақ өткізуге нұсқаулық
Сабақ практикалық сабақ түрінде. Сабақ барысында оқушылар жұптасып презентация құрады. Жұмыс барысын мұғалім қадағалайды, қажет жағдайда оқушыларға көмек көрсетеді, оқушылардың өзара көмектесуін ұйымдастырады(қабілеттілі жоғары оқушылар сыныптастарына көмектеседі).
Жұппен жұмыс
Оқушыларды жұпқа бөлу мақсатында ооларға кеспе қағаз таратылып екінші бөлігін табады. Суретте не бейнеленгенің атап, не себепті «Су – тіршілік көзі» екеніне сұхбат
Мұғалім тапсырма ұсынады.
Тапсырма:
- «Су – тіршілік көзі» тақырыбында интернеттен ақпарат табыңдар.
- Презентация құру(3 слайд);
- Сурет қосыңдар;
- Презентацияны безендіруге дайын дизайнды қолданыңдар;
- Ауысулар қосыңдар.
Дескрипторлар:
- Презентация құрады;
- Презентацияны безендіруде дайын дизайндарды қолданады;
- Берілген тақырып бойынша ақпарат іздеп табады;
- Слайдқа мәтін және сурет қояды;
- Слайдтар арасына ауысулар қосады.
Дифференциация:
Барлығы берілген тақырып бойынша интернеттен ақпарт табалы, слайдтар арасына ауыстырулар және мәтін, сурет қосып, дизайн өзгертіп презентация құрады.
Көбісі слайдтардың орналасу тәртібін өзгерте алады.
Кейбіреуі слайд мәтініне, суретіне әсер(эффект) қоса алады.
Бағалау. Оқушылар дескрипторларды қолданып, өзара бағалайды және ұсыныстар айтады. (мен өзгертетін едім…, мен қосатын едім…)
Ресурстар және әдебиеттер:
- https://support.office.com/ru-ru/article/%D0%A4%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%86%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B0-%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%B0-%D0%B4%D0%BB%D1%8F-%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%BE%D0%B2-3ac2075c-f51b-4fbd-b356-b4c6748ec966 - Слайдтар үшін өңдеу түстерді қолдану
- https://www.youtube.com/watch?v=ETzwcap70LU – сабақ тақырыбын түсіндіруне арналған видео
- https://support.office.com/ru-ru/article/%D0%9A%D0%B0%D0%BA-%D0%B4%D0%BE%D0%B1%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B9-%D1%80%D0%B8%D1%81%D1%83%D0%BD%D0%BE%D0%BA-%D0%BD%D0%B0-%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B-%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B8-4b0b98d4-774c-4e08-9c38-e8c92f58c957 – Презентацияға фондық суретті қалай қоюға болады?
- youtube.com/watch?v=Pbn8YhwWmK8 – сергіту сәті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?