Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сынып: 3
5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.
«Түстер палирасы» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(ашу, сақтау).
- Түстер палитрасын қолданып суретті графикалық редактор арқылы бояйды.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Бұл сабақ бөлім бойынша үшінші сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша бірінші сабақ. Оқушылар осыған дейін графикалық редактормен таныс. Олар суретті графикалық редакторға жүктеп алады, редакторда курал саймандар жұмыс жасай алады, сурет үзінділерін бөліп алады, сурет құрастыра алады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Күн мен аққала» ойыны ойнатылады. Осы ойын үшін оқушыларға кеспе қағаздарын таратып беру қажет. Алдымен жылы және суық түстерді түсіндіру. Суық түстер - бұл салқындық әсерін беретіндер, ал жылы түстер - бұл қуаныш, қуаныш пен жылу. Жылы түстерге қызыл, қызғылт сары, сары түсті. Олар отқа, күнге ұқсайды. Ал суық көк, көк, күлгін. Олар мұзды, суды еске түсіреді. Жасыл түсте жылы және суық болуы мүмкін, ол туралы көгілдір және сары қатынаста айтылуы мүмкін. Егер жасыл түсте көк болса, онда бұл түс суық, ал егер сары болса, онда жылы болады. Содан кейін оқушылар күннің тобы, және аққала тобы болып қолдарындағы түстері бойынша бөлінеді.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау мақсатыңда «Ақ бет» әдісі бойынша тексеру ұйымдастырылынады. Ілініп тұрған тақта бетіне осы сабаққа дейінгі алған білімдері бойынша кілт сөздер жазады.
Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:
- Кеспе қағаздар.
- Практикалық тапсырма.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуі тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Жаңа тақырып түсіндіру кезеңінде терминалогияға назар аудару қажет
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон түсі. Бағдарламаны іске қосқанда, үнсіз келісім бойынша кескінің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі тіктөртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет салу түсін көрсетеді. Ол таңдалған түсте тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі төртбұрыш фон түсін көрсетеді,ол таңдалған түсте тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.
1 тапсырма
Үйдің суретін салу, бірінші топқа жылы түстермен, екінші топ суық түстермен бояу
***2 тапсырма
Суретті үлгі бойынша салып боя
Дескриптірлерді талқылау:
- Paint графикалық редакторын қолдану;
- түстер палитрасын қолдану;
- фигураларды пайдалану;
- сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдалану.
Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылаңыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.
Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.
Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.
Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.
Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- Дерек көзі: https://www.babyblog.ru/community/post/igraem/3159407 © BabyBlog.ru
- www.youtube.com/watch?v=DG9zNC3hucg үй салу
- «Ақпараттық комуникациялық технолгиялар» -3 класс, Беккожина Т., Барбье А.В, Беркова В.Н., Ким Е.О.,Мажитова Е.М- НЗМ,2017ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?