Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.3А Шығармашылық және компьютер |
| |||||
Күні: | Қатысқан оқушылар саны: | |||||
СЫНЫП: 3 | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Түстер палитрасы 1 нұсқа. | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану 3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар...
| |||||
Бағалау критерийлері | - суретті бояу үшін графикалық редактордың құралдарын қолдану - суретті бояу мақсатында арнай түстер таңдайды
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар... Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертетін және нысандар құруға графикалық редакторды қолдану Үзінділермен жұмыс жасаған кезде графикалық редактордың құралдарын қолдану Графикалық редактордың мәзірлер командаларын қолдану (нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту); Графикалық редактормен жұмыс жасау үшін дайын фотосуреттер қолдану. Тілдік оқу мақсаты Оқушылар Суреттерді өңдеуге арналған терминалогияны қолданады. Мәзір командаларының реттік іс әрекетін сипаттайды Пәндік лексика және терминалогия: графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру. Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер: Суретті айналдыру үшін … Суретті көрсету үшін... Үзіндіні бөліп алу үшін... Өрнектер ... тұрады Мен ... фигураларын қолдандым Мен бояу үшін ... түс тандадым | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу кезінде және өздігінен зерттеу - академиялық адалдық, құндылықтар дарытады | |||||
Пәнаралық байланыс | Өнер (Оюлар) | |||||
АКТ қолдану дағдылары | 4 Бөлім оқып меңгерген кездеоқушылар графикалық редактормен жұмыс жасаған. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан. |
Жоспар | ||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 1-5 мин 6-7 мин |
Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. «Күн мен Аққала» ойны Оқушылар түстелген кеспе қағаз арқылы екі топқа бөлінеді. (Жылы түстер және суық түстер.) Миға шабуыл. «Ақ бет» әдісі мен, ілініп тұрған ақ қағазға немесе ақ тақта бетіне осы сабаққа дейінгі алған білімдері бойынша кілт сөздер жазу.
Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.
| |||
Сабақтың ортасы 17-18 минут 19-20 минут 21-24 минут |
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон түсі. Бағдарламаны іске қосқанда, үнсіз келісім бойынша кескінің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі тіктөртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет салу түсін көрсетеді. Ол таңдалған түсте тінтуірдің сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі төртбұрыш фон түсін көрсетеді,ол таңдалған түсте тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Сергіту сәті
Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындайды.
Практикалық жұмыс Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі. Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз. 1 тапсырма Үйдің суретін салу, бірінші топқа жылы түстермен, екінші топ суық түстермен бояу
***2 тапсырма Суретті үлгі бойынша салып боя
Дескриптірлерді талқылау: - Paint графикалық редакторын қолдану; - түстер палитрасын қолдану; - фигураларды пайдалану; - сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдалану. Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылаңыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б. Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді. Дескрипторлар арқылы өзара бағалау. Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды. | |||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия Бас бармақ. Қимыл арқылы әсерін көрсетеді.
|
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді. Оқушылардың барлығы:
Оқушылардың көбісі:
Кейбір оқушылар: Өрнектің суретін салады
| Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады: - қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс). - теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану; - практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады. - өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. | Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған. Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды. Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?