Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сынып: 3
5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.
«Түстер палирасы» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Суретті өзгертуге арналған айналдыру, созу командаларын қолдану;
- Суретті қиып өлшемін өзгерту;
- Суретті бояу;
- Геометриялық фигуралар қолданып сурет салу.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану
3.2.2.2 нысанның сыртқы келбетін өзгерту (қию, бұру, өлшмін өзгерту)
3.1.2.2 компьютер программасында файлдарды ашу және сақтау командаларын қолдану.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Бұл сабақ бөлім бойынша соңғы сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша екінші сабақ. Сабақтың соңында оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау орыңдайды. Оқушылар осыған дейін графикалық редактормен таныс. Олар суретті графикалық редакторға жүктеп алады, редакторда курал саймандар жұмыс жасай алады, сурет үзінділерін бөліп алады, сурет құрастыра алады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады.оқушылар графикалық фигуралар арқылы сурет салады, салған суреттерін сақтайды.
Осы сабақта оқушылар қазақ тілі/әдебиет, өнер сабақтарымен байланысады.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында олармен сабақ басында амандасу ұйымдастыру. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.
Оқушылар диалог құру арқылы сабақта орын алатын іс-әрекетті анықтап сабақтың тақырыбымен оқұ мақсатын тұжырымдайды.
Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:
- Кеспе қағаздар.
- Практикалық тапсырма.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуі тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Жаңа тақырып түсіндіру кезеңінде проблемалық мәселе тудыру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
Оқушы құю құралын қолданып үйдін шатырын боямақшы болды. Қоңыр түсті таңдап құю құрылғысын қолданып еді, сурет толайымен қоңыр түсті болып боялып кетті. Не себепті екенің түсіндір.
Компьютерде берілген суреттерді бояу үшін қандай құрылғы қолданамыз?
Палитраға түс қосу
Панельдегі түстерде 28 түстер орналастырылған. Қажет болған жағдайда, бояғыштың түстерін басқасымен ауыстыруға болады: ауыстырылатын түске немесе Палитраға екі рет басыңыз - «Палитра өзгертіңіз», содан кейін «Бояғышты өзгерту» терезесінде қажетті түсті таңдаңыз (48 түстен).
Компьютер миллиондаған түстермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сізде жоқ түсті қажетінше өзіңіз жасай аласыз - «Түсті анықтау».
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезіңде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Мақсаты: Палитрадан түс таңдау
Тапсырма.
Өрнектерді орында. Схема бойынша суретті боя. «Палитра» құралын түс таңдау үшін қолдан.
1 деңгей
- Қандай түстер жылы түстер болып саналады?
- Қандай түстер суық түстер болып саналады
2 деңгей
- Қандай түстер жылы түстер болып саналады?
- Қандай түстер суық түстер болып саналады
*** Тапсырма
Дескриптірлерді талқылау:
- «Палитра» құрылғысы арқылы түс таңдалған;
- сызбаға сәйкес сурет боялған
Дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды
Оқушылардың қаншалықты сабақ меңгергенін екі сұрақ арқылы белгілеп алу.
Қалыптастыру бағалау
Paint графиктік программасында жиегі басқа түспен фигура көрсетілген.
|
|
|
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=wRqT6XGgZHo Үзіндіні көшіруге арналған бейне
- http://xn----7sbbfb7a7aej.xn--p1ai/informatika_06_fgos/informatika_materialy_zanytii_06_05_fgos.html
- https://otvet.imgsmail.ru/download/47b6876b30c73a25e1ea6c53ce59ae57_i-3904.gif
- https://www.yaklass.ru/p/informatika/5-klass/kompiuternaia-grafika-12074/graficheskii-redaktor-ms-paint-11933/re-e4f71ca6-30f0-4de5-9c49-d6169e975920 түстер палитрасы
- http://www.school9.sakh.com/urok/paint/2.html түсті өзгерту
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?