Қайталанатын үзінділер. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3А Шығармашылық және компьютер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Қайталанатын үзінділер 1 нұсқа.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.4 компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(нысандарды қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту).
  •  Нысандармен жұмыс жасау кезінде әрекеттердің кезектілігін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

 - нысандарды дұрыс қиып алады;

 - нысандарды айналдыру кезінде редактордың мүмкіндіктерін қолданады;

 - өлшемін өзгерту үшін редактордың мүмкіндіктерін қолданады;

 - нысандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттердің ретін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар...

 Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертеді(нысанды қиып алу, айналдыру, өлшемін өзгерту);

 Нысандармен жұмыс жасау кезінде іс әрекеттерінің ретін сипаттайды.

 Пәндік лексика және терминалогия:

 графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

 Суретті айналдыру үшін …

 Суретті көрсету үшін...

 Үзіндіні бөліп алу үшін...

 Өрнектер ... тұрады

 Мен ... фигураларын қолдандым

 Мен бояу үшін ... түс тандадым

Құндылықтарды дарыту

 Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық - өздігінен зерттеу, ашықтық - оқушылар өздерінің сабақ мақсаттарын айқындауы және жағдайды шеше алуы.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану. 1 бөлім: Жаңды табиғат

АКТ қолдану дағдылары

Вilimland интерактивті визуалды сабақтарын қолдану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

6-7 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.

 Миға шабуыл.

Сабақты оюларды көрсетуден бастаңыз. Оюлардың ерекшелктерін анықтауын сұраңыз. Оюлар қайталанатын элементтерден тұратынына ерекше назар аударыңыз.

  • Мақсатты тұжырымдау
  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

 Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.

  •  Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.

Сабақтың ортасы

17-18 минут

19-20 минут

21-24 минут

 Оқушылармен келесі суреттерді қарастрып бастапқы элементті және қайталанатын элементтерді көрсетуін сұраңыз.

 

 Топтық жұмыс

 Түрлі оюлар бейнеленген суреттерді қарастыруын ұсыныңыз

 Саралау мақсатында оюларды толықтыр.

 Оқушылар бейнеленген оюлардан элементтері жасырылып қалған болса толықтыру қажет.

 Сергіту сәті

 Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

 Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

 Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

 Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

  Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

 Оқушыларға үлгі бойынша сурет салуын ұсыныңыз.

 Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оларға поезд бейнеленген суретті көрсетіп ондағы қайталанатын үзінді ол вагон болатының айтыңыз.

 

 

 Практикалық жұмыс

Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.

 

 Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.

 Ең күрделі жағдаяттарға назар аударыңыз. Вогон суреттерін салған кезде не өзгеріп отыратынына назар аударыңыз. Дәптерлеріне сурет салудың негізгі этаптарын жазу қажет.

 Мұғалім паровозбен вагондардың салу үрдісін көрсетеді, оқушылар ілегісіп реті бойынша сретті компьютерде салады.

 

 Дескриптірлерді талқылау:

 - «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды;

 - Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»;

 - бөліп алу параметрлерін қолданды «Фон арқылы», «Фонсыз»;

 - үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.

 Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқыланыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.

 Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

 Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

 Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сіздерге не ұнады?

Сіздерге не күрделі болды?

Сабақта алған білімдеріңіз арқылы тағы не салааламыз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Оқушылардың барлығы:

  •  Графикалық нысанның сырт келбетін өзгертеді(нысанды қию, айналдыру және көлемін өзгерту);

 Оқушылардың көбісі:

  •  Насандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

Өрнектің суретін салады

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу