Қайталанатын үзінділер. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Сынып: 3
5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.
«Қайталанатын үзінділер» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды (нысандарды қиып алу, бұру, өлшемін өзгерту).
- Нысандармен жұмыс жасау кезінде әрекеттердің кезектілігін сипаттайды.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.1.2.4 компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану
Сабақтын түрі: практикалық жұмыс. Бұл сабақ бөлім бойынша екінші сабақ болып табылады. Оқушылар графикалық редактормен таныс және сол редакторда құрал саймандарды қолданып сурет салу дағдылары қалыптасқан. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салады. Мәзір командаларын қолданады.
Осы сабақта оқушылар оюды батырып жұмыс жасайды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға ою салынған кеспе қағаз таратылып, суретті жалғастырып салуы ұсынылады.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме материалдар дайындауға кеңес:
- Практикалық тапсырма
- Кеспе қағаздар.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің орындаған кезде мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.
Ең күрделі жағдаяттарға назар аударыңыз. Суретт салған кезде не өзгеріп отыратынына назар аударыңыз. Дәптерлеріне сурет салудың негізгі этаптарын жазу қажет.
Тапсырма
1нұсқа
Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдыру командаларын пайдаланып, ұлының суретің салыңыз
*** Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдыру командаларын пайдаланып жүзім суретін салыңыз.
2 нұсқа
Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдыру командаларын пайдаланып кеменің суретін салыңыз
***Көшіру / Қою және Көрініс / Айналдыру командаларын пайдаланып, жүгерінің суретін салыңыз.
Оқушылар өздерін бағалауға кіріседі және бұл үшін эмотикондарды пайдаланады
;-) - күлімсіреп күледі өте жақсы жұмыс істегеніне сенетіндер;
:-) – құанышты -тақырыпты жақсы түсінбегендер;
:-( - қайғылы ол осы тақырып бойынша жұмыс істеу үшін көп нәрсе қажет деп санайтындар.Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/7645-sergitu-sati.html сергіту сәті
- https://www.youtube.com/watch?v=wRqT6XGgZHo Үзіндіні көшіруге арналған бейне
- https://es.dhgate.com/product/cushion-cover-cotton-linen-black-and-white/388572312.html
- http://www.slovoart.ru/node/1120
- http://ethnoboho.ru/slavyanskiy/drevnie-sekrety-russkogo-narodnogo-ornamenta.html
- http://fromtundra.ru/?p=2491
- http://xn----7sbbfb7a7aej.xn--p1ai/informatika_06_fgos/informatika_materialy_zanytii_06_05_fgos.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?