Графикалық редактордағы пішімдер. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.


 Сынып: 3

 5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.

  «Графикалық редактордағы пішімдер» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты:

  •  графикалық кескіндерді құрастыру және – өзгерту үшін графикалық редактордың мүмкүндіктерін пайдаланады;
  •  үзінділермен жұмыс жасау үшін графикалық редактордың құралдарын пайдаланады;
  •  графикалық редактордың мәзір батырмаларын қолданады (мысалы: қию, көшіру, қою, айналдыру, палитра, және т.б.);
  •  графикалық редактормен жұмыс жасаған кезде дайын суреттерді қолданады.

 Оқу мақсаты:

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

 Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты бекіту. Бұл сабақ бөлім бойынша бірініші сабақ болып табылады. Өткен бөлімде оқушылар графикалық редактордың мүмкіншіліктерімен танысып сурет салу дағдылары қалыптасқан. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салады.

 Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

 Жаңарту кезеңінде оқушылар алдыңғы сабақтардан алған білімдерін еске алады, олар негізгі теориялық материалды қайталайды: графикалық редакторда орналасқан батырмалардың атауларын сурет бойынша табу. Интерактивті тақтаға құрал саймандар тақтасын көрсетіп оқушылардан құрал саймандарға көрсетіп атқаратын міндеттерін сұрау.

  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;
  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш
  • тұйық контурды құю;
  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
  • ерікті сызықтарды сызуға арналған қылқалам;
  • түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
  • мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
  • түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
  •  қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл түнтуірдің сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін  құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) түнтуірді жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек. салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

 Сонымен қатар оқушылар ұшқыр ойын арқылы өткен бөлімде алған білімдерін жүйелейді.

 Сұрақтар:

  •  Paint графикалық редактор қалай іске қосылады? (Пуск-Программы-Стандартные- Paint)
  •  Paint графикалық редактор қандай элементтерден тұрады? (терезе тақырыбы, мәзір қатары, құрал –саймандары жолы, Сурет салу аймағы, Тустер палитрасы)
  •  Paint графикалық редактордың мүмкіндіктерін атап беріңіз? (Сурет салу, Суретті сақтау, суретті принтер арқылы басып шығару, ...)

 Paint графикалық редакторда қолданылатын құрал-саймандарды атап беріңіз. (Мұғалім Paint графикалық редакторында қолданатын құралдарды экран бетіне шығарып көрсетеді, оқушылар олардың атқаратын міндетін атайды).

 

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Оқушыларға «Бөліп алу» батырмаларының қолданысын көрсету қажет

 - тік төртбұрыш арқылы бөліп алу;

 - еркін бөліп алу;

 - фон арқылы, фонсыз.

 

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме материалдар дайындауға кеңес:

 - Қалыптастырушы бағалауға арналған кеспе қағаздар;

 - Практикалық тапсырма.

 - Рефлексия арналған қызғылтсары, жасыл адам суреттері.

 Сабақтың алдында мұғалімге алдын ала компьютерге «Пирамида», «Домино» файлдарын жүктеп қою қажет.

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.

 Негізгі теореялық білімін бағалау мақсатында кеспе қағаздар таратылып оқушылар сәкестендіру арқылы алған білімдерін бағалайды.

 

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады.

 Сергіту сәтті мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.

 Практикалық бөлікті өткізу

 1 Тапсырма:

 «Пирамида» файылын ашыңыз Бөліп алу құрылғыны қолдана отырып Пирамиданы жинақтаңыз. Өздеріне ұнайтын түстермен бояңыз.

 

 2 Тапсырма:

 Көшіру мүмкіндігін қолдана отырып «Домино» файлын ашып суретті толықтырып салыңыз.

 

 3* Тапсырма

 Көпбұрыш пішінің қолдана отырып сурет салыңыз

 

 Дескриптірлерді талқылау:

 - «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды;

 - Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»;

 - Үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.

 - Сурет үзіндісіне қиып алу, көшіру, қою командаларын қолданды;

 - Суретті бояу үшін палитра тақташасын қолданды

 

 Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқыланыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.

 Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

 Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

 Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

 Әдебиеттер мен дереккөздер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу