Графикалық редактордағы пішімдер. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.3А Шығармашылық және компьютер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Графикалық редактордағы пішімдер 2 нұсқа.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • графикалық кескіндерді құрастыру және –өзгерту үшін графикалық редактордың мүмкүндіктерін пайдаланады.
  • үзінділермен жұмыс жасау үшін графикалық редактордың құралдарын пайдаланады;
  • графикалық редактордың мәзір батырмаларын қолданады (мысалы, қию, көшіру, қою, айналдыру,палитра, және т.б.);
  • графикалық редактормен жұмыс жасаған кезде дайын суреттерді қолданады.

Бағалау критерийлері

 - Графикалық редактордың құралдарын атау;

 - Графикалық редактордың құралдарын қолдану;

 - Графикалық редактордын пішімдерін атау;

 -Графикалық редактордың пішімдерін қолдану;

 - Сурет үзіндісін бөліп алу;

 - Бөліп алған үзіндіге айналдыру командасын қолдану;

 - Сурет үзіндісіне қиып алу, көшіру, қою командаларын қолдану;

 - Суретті бояу үшін палитра тақташасын қолдану

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар...

 Суретті өңдеуге қатысты терминалогияны пайдаланады.

 Мәзір командаларының реттік іс-әрекеттерін сипаттайды.

 Пәндік лексика және терминалогия:

 графикалық элемент, айналдыру, палира, фотосурет, киып алу, қою, көшіру.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

 Суретті айналдыру үшін …

 Суретті көрсету үшін...

 Үзіндіні бөліп алу үшін...

 Мен ... пішімдерді қолдандым.

 Мен .... бояу үшін .... түсті тандап алдым.

Құндылықтарды дарыту

 Команда жұмысынан басқа оқушылар әлеуметтік, мәдени, этикалық және өзара іс-қимыл дағдыларын дамытады. Командада жұмыс істеу ынтымақтастық және жоспарлау қажеттілігі бірлескен оқыту ортада жұмыс істеуге достық қарым-қатынастар оқушылар мен олардың көпшіл қасиеттерін қамтамасыз етеді.

 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы

 Балалардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін оқыту. Сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, оқушылар арасында сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Математика. Геометриалық пішімдерді қолдана отырып сурет салуға бейімеделді

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың өңдеу және сурет салу практикалық дағдылары қалыптасқан.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

6-7 мин

8-11 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.

 Миға шабуыл.

 «Ұшқыр ой патшалығы» ойыны.

  •  Paint графикалық редактор қалай іске қосылады? (Пуск-Программы-Стандартные- Paint)
  •  Paint графикалық редактор қандай элементтерден тұрады? (терезе тақырыбы, мәзір қатары, құрал –саймандары жолы, Сурет салу аймағы, Тустер палитрасы)
  •  Paint графикалық редактордың мүмкіндіктерін атап беріңіз? (Сурет салу, Суретті сақтау, суретті принтер арқылы басып шығару, ...)

 Paint графикалық редакторда қолданылатын құрал-саймандарды атап беріңіз. (Мұғалім Paint графикалық редакторында қолданатын құралдарды экран бетіне шығарып көрсетеді, оқушылар олардың атқаратын міндетін атайды).

  •  Мақсатты тұжырымдау
  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді).

 Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.

  •  Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.

Сабақтың ортасы

17-18 минут

19-20 минут

21-24 минут

  • Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

 «Бөліп алу» батырмаларының қолданысын көрсету

 - тік төртбұрыш арқылы бөліп алу;

 - еркін бөліп алу;

 - фон арқылы, фонсыз.

 

 Тақырыпты бекіту

 Құралдарды тауып атқаратын міндеттері бойынша сәйкестендір

 Сергіту сәті

 Енді балалар шаршап қалған шығармыз, олай болса көз жаттығуын жасап алайық.Көз жаттығуы:

 Бір нүктеге 2-3 минут көз алмай қарап тұрамыз. 

 Көзіміздің қарашығын жоғары, төмен, оңға, солға қозғалту арқылы көзімізді жаттықтырып аламыз. 

 Практикалық жұмыс

Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.

 1 Тапсырма:

 «Пирамида» файылын ашыңыз Бөліп алу құрылғыны қолдана отырып Пирамиданы жинақтаңыз. Өздеріне ұнайтын түстермен бояңыз.

 2 Тапсырма:

 Көшіру мүмкіндігін қолдана отырып «Домино» файлын ашып суретті толықтырып салыңыз.

 3* Тапсырма

 Көпбұрыш пішінің қолдана отырып сурет салыңыз

 

 Дескриптірлерді талқылау:

 - «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды;

 - Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»;

 - Үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.

 - Сурет үзіндісіне қиып алу, көшіру, қою командаларын қолданды;

 - Суретті бояу үшін палитра тақташасын қолданды

 

 Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқыланыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б.

 Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

 Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

 Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия

 Балақайлар сіздердің устелдерінде 2 адам бейнеленген кеспе қағаздар жатыр. Біреуі құанышты, жетістікті, ләззат алуды, қызығушылыкты бейнелейтін қызғылтсары (көрсетіңіз) түс. Ал екіншісі қиындықты, кедергіні бейнелейтін жасыл (көрсетіңіз) түсті. Егерде сіздерге сабақта қызықты, тапсырмалар онай, барлығы түсінікті болса қолдарына қызғылтсары адамды алыңыз. Ал егерде түсінбей қалған жайттар болса онда жасыл адамды алыңыз. Жоғарыға көтеріп көрсетіңізде, өздеріңізге алып қалыңыздар.

 Барлықтарыңызға рахмет!!!

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.

Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс).

- теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану;

- практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады. Оқушылар Астана қаласының көрікті жерлерін еске түсіреді.

1 Қосымша

 Құралдарды тауып атқаратын міндеттері бойынша сәйкестендір

Жауабы:

Батырмаға сәйкес мәтінді тап

  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;
  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш
  • тұйық контурды құю;
  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
  • ерікті сызықтарды сызуға арналған қылқалам;
  • түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
  • мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
  • түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
  •  қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл түнтуірдің сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін  құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) түнтуірді жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек. салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу