Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
Сынып: 3
3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.
«Дыбысты жазу және ойнату» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты: енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу, аудиоплеер мен аудиоредактордың қызметін білу, дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану, дыбыстық файлды сақтау.
Оқу мақсаты:
3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);
3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау;
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;
Сабақтын түрі: жаңа тақырып меңгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады және оқушылар зерттеу әдісін қолданып тақырыпты меңгереді. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері».
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға қорапша ұсынылады. Қорапшаның ішіне енгізу/шығару құрылғылары бейнеленген кеспе қағаздарын салып қою қажет. Оқушылар тақтаға бір-бірден шығып, қорапшадан кеспе қағазын алып, оларды атап, тақтаға магниттер арқылы енгізу немесе шығару топтарына бөледі. Осылайша оқушылар Компьютер құрылғыларының негізгі теориалық материалын қайталайды.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Сабақ барысында оқушылар төмендегі терминдер бойынша теориялық білім алады.
Мұғалім бернеше аудиоплеердің интерфейсін көрсетіп анықтама береді.
Дыбыстарды тыңдау үшін мынадай құрылғылар: дыбыс күшейткіштері, құлаққап керек, ал дыбыс жазу үшін – микрофон қажет болады. Құлаққап пен микрофон гарнитура деп аталады. Дыбыс жазуға арналған компьютерлік программалар көмегімен музыка жазуға болады. Бұл программада плеердегі сияқты дыбыстарды тыңдауға арналған құралдар бар. Бұған қоса программада дыбыс жазуға, дыбысты тоқтатуға керекті батырмалар, дыбыс үзінділерін көшіруге, қиып алуға, кірістіруге және өшіруге арналған мүмкіндіктер бар. Дыбыстық редакторларда дыбыстарға арналған әсерлерді пайдалануға болады. Плеер-программалар дыбыстарды шығарып ойнатады.
Audacity программасын көрсетеді, батырмаларысммен таныстырып мүмкіндіктерін көрсетеді.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес:
- Құрылғыларды енгізу және шығаруға бөлетін кепспе қағазы;
- Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.
- Рефлексияға арналған жасыл және қызыл нота белгіленген кеспе қағазы
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
https://www.youtube.com/watch?v=HqpsPFjFNkI Балаларға арналған караоке. Ата-анамызды тыңдаймыз
Сабақ барысында зерттеу әдісі қолданылаты. Оқушылар алғашқы білімін тексеру мақсатында меңзерді аудио редактордың батырмаларына дәлдеп жылжыту арқылы жауаптарын қарап сыныптасының жауабына қанат белгісін немесе айқаршық белгісін қояды. Сонымен қатар тақтаға дұрыс жауап көрсету.
Тапсырма: дыбыстық редактордың батырмаларын олардың атқаратын міндеттерімен сәйкестеңдір.
Жауабы
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Практикалық жұмыс
Алдынғы таспырмадан оқушылардың аудиоредакторлары іске қосылып тұр.
- Жұмыс столында орналасқан «Ата-анамызды тыңдаймыз» дыбыстық файылын іске қосу қажет. Файл - Ашу (Открыть) командасын қолданамыз.
Дифференциация
- Қосылған гарнитураны пайдаланып сыныптасына қысқа сәлемдеме жазу қажет.
- Сәлемдеме жазылған файлды MP3, WAV форматында жұмыс үстеліне «Сәлемдеме» деп сақтап қою қажет.
- Аз дегенде екі сыныптасының сәлемдемесін тыңдау қажет.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?