Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сынып: 3
3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.
«Дыбысты жазу және ойнату» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты: енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу, аудиоплеер мен аудиоредактордың қызметін білу, дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану, дыбыстық файлды сақтау.
Оқу мақсаты:
3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру.
3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану
Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты бекіту. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ болып табылады, сабақта өткен тақырыпты қорытындылап практикалық жұмысқа көңіл бөледі. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері» сонымен қатар бірінші сабақта өткен дыбыстарды жазу және ойнату тақырыбында аудиоплеер программасының батырмаларын біледі.
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен психологиялық тренинг өткізу, сол себепті олардан ортаға шығуын сұрап, «Сәлемдесу» ұйымдастыру. Оқушылар шеңбер құрып тұрады да бір-бірімен келесі критерийлер арқылы сәлемдеседі: танымайтын көшедегі адамдарм секілді, бір-бірін көптен көрмеген достар секілді, 10 жылдан кейінгі кластасыңмен кездесу секілді. Мұғалім тарапынан осы сәлемдесу түрлерін оқушыларға қажет болса көрсету керек.
Оқушылар орындарына отырмастан бұрын мұғалім оларға шығару/енгізу құрылғылары бейнеленген кеспе қағаздарын ұсынады. Кеспе қағаздарын алдын ала екіге бөліп қою қажет. Оқушылар екінші жартысын табу арқылы «Пазл» әдісін қолданып жұптасып бөлінеді.
Білімді жүйелеу мақсатында оқушылар жұптасып «Домино» ойнайды. Ол үшін әр жұп домино болып белгіленген кеспе қағаздарын алып дұрыс жауап ретімен құрастырады. Домино ойынның мақсаты дыбыстық редактордың батырмаларын анықтау.
Оқушылар Домино құрастырып болған соң сағат тілімен жылжып бір-бірінің нәтижесін тексереді. Кері байланыс береді. Орыңдарына оралған соң, тақтаға дұрыс жауап көрсетіледі. Оқушылар өзара жұмыстарын тексереді.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Сабақ барысында оқушылар Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технологиясы екенің түсінеді.
Сонымен қатар осы сабақта аса назар қауіпсіздік ережесіне де аударып кету қажет. Талқылау әдісін қолданып, дыбыс күшейткіш тер мен құлаққаптардың адам денсаулығына қаншалықты зиян екенің, қарастырып кету қажет.
Құлаққап деген зат күнделікті қолданысқа мықтап еніп келеді. Үлкені де, кішісі де құлағына құлаққап киіп алып, өз әлемінде жүреді. Ал, осы құлаққаптың қаншалықты зияндылығы жөнінде бір сәтке ойланып көрдіңіз бе?! Өздігінен аса зор зиян шектірмесе де, дауыс зорайтқышты неғұрлым қаттырақ қойсаңыз, оның залалы орасан. Жаппай құлаққап тағатын адамдардың есту қабілеті күрт нашарлап кетеді.
Құлаққаптың зияны сол, шамадан тыс артық тыңдасаң. Құлақтың нашар естуі сияқты ауруларға тап боласын.Оны көп уақыт пайдалануға болмайды Себебі құлағың соған үйреніп ақыры дұрыс естімейтін боласың.
Құлаққап тағатын адамдарға құлаққап тағудың мерзімін азайтып, өзін соған бірте-бірте тәрбиелеуге болады деп айтқым келеді. Құлаққаптың зиянды екендігін ешқашан есіңізден шығармаңыз. Әр адам денсаулыққа зор ілтипатпен, қамқорлықпен қарай білуі керек. Басты байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес:
- Жұптасып бөлінуге арналған ПАЗЛ;
- Домино.
- Практикалық тапсырма.
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
- https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA («Аяқпенен топ-топ-топ» әні) Сергіту сәтінде қолданатын ән
- https://www.youtube.com/watch?v=1ozzPiAxxZc "Алтын ұям - мектебім" әні
«Домино» ойыны
Тапсырма: дыбыстық редактордың батырмаларын олардың атқаратын міндеттерімен сәйкестеңдір.
Жауабы
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Сергіту сәтін орындаған кезде мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық жұмыс
Оқушыларға "Алтын ұям - мектебім" әнің тыңдату.
- Аудио редакторды іске қостырып
- Қосылған мультимедиа пайдаланып өлең жазу. "Алтын ұям - мектебім" әнің өзі орыңдайды.
- Өлең жазылған файлды MP3, WAV форматында жұмыс үстеліне «Алтын ұям - мектебім» деп сақтап қою қажет.
- Сыныптасына өлеңді тыңдату қажет.
- *** Өзіңнің сүйікті өлеңін жазу
Практикалық тапсырма орындаған кезде мұғалім пән аралық байланыс ретінде Музыка сабағында өтіп жатқан әнді жазуына талап етуіне болады.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=HqpsPFjFNkI
- http://bagdar.info/tairibi-aparatti-kommunikaciyali-tehnologiyani-pajdasi-men-ziy.html «Құлаққап адам денсаулығына зиянды»
- http://bilim-all.kz/olen/4525-Altyn-uyam-%E2%80%93-mektebim Алтын ұйям –Мектебім
- https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA («Аяқпенен топ-топ-топ» әні)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?