Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2А Компьютер және дыбыстар

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Дыбысты жазу және ойнату

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  •  енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
  •  компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
  •  арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару
  •  цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
  •  компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

Сабақтың мақсаттары

  •  енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу
  •  аудиоплеер мен аудиоредактордың қызметін білу
  •  дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану
  •  дыбыстық файлды сақтау

Бағалау критерийлері

  •  дыбысты жазу және ойнатуға арналған программаларды атайды
  •  дыбыстық плеердің негізгі командаларының қолданысын атайды
  •  дыбыстық файлды ойнату және жазу программасын қолданады
  •  дыбыстық құрылғылардың қауіпсіздік жұмыс өлшемдерін атайды

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар:

  •  осы тақырыпқа байланысты компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіреді
  •  дыбысты ойнату және іске қосу үшін қолданатын кұрылғылардың ішінен енгізу /шығару құрылғыларын атайды.

 Пәндік лексика және терминалогия:

 дыбыс, программа, дыбыстық редактор, аудио-редактор, пішін, аудиоплеер, гарнитура, мультимедиа.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  •  Дыбысты ойнату үшін … қажет.
  •  Дыбыстық редактор деп … аталады.
  •  Компьютерлік программалар ... үшін қажет.
  •  Дыбыстырды ойнату және жазу үшін ... құрылғылар қажет

Құндылықтарды дарыту

 Адами құндылықтар: өзара сыйластық, біреудің пікірін құрметтеу, шыдамдылық, әділеттілік, командада жұмыс жасау.

 Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өз жұмысын көрсету мүмкіндігі. Қауіпсіздік ережесін сақтау

 Техникалық(материалдық) құрылғыларды ұқыпты қолдану

Пәнаралық байланыс

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, аудиоплеерді іске қосу

Осыған дейін меңгерілген білім

Қомпьютер құрылғылары, файлдар мен бумалар, программа терезелері

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

6-7 мин

8-11 мин

12-14

15-16

  •  Ұйымдастыру кезені

 Сабақ басында музыка қосып қою. Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. Оқушыларды ортаға шығуын сұрап психологиялық тренинг өткізу: «Сәлемдесу»

 1.Танымайтың  көшедегі адамдармен  сәлемдесу

 2.Көптен көрмеген досыңмен сәлемдесу

 3.10 жылдан  кейінгі  сыныптасымен сәлемдесу.

  Сыныпты екі топқа бөлу.

 «Пазл» әдісі.

 Кеспе қағаздағы суреттің жартысың тап.

  •  Білімді жүйелеу

 «Домино» ойыны.

  •  Сіздерге домино таратып беремін. Дыбыстық редактордың батырмаларын анықтау қажет. Жұптасып домино ойының ойнайсыздар. Уақыт шектеулі. Дыбыстық редактордың батырмаларын олардың атқаратын міндеттерімен сәйкестеңдіресіз.

 

 Бір-бірін бағалау.

 Оқушылар, сағат тілімен жылжып «Домино» ойынның нәтижесін тексереді. Тақтаға дұрыс жауап көрсету

  •  Мақсатты тұжырымдау
  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді, содан соң тақтадан сабақтың тақырыбын оқиды).
  •  Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.

Презентация

1 слайд

Сабақтың ортасы

17-18 минут

19-20 минут

21-24 минут

  •  Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

 Талқылау

  •  Өткен сабақта қандай аудиоредактормен таныстыңыз?
  •  Оны қалай іске қосуға болады?

 

  Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.

 

 Қауіпсіздік ережесін талқылау

 «Сұрақ - жауап»

  •  Дыбыс күшейткіш тер мен құлаққаптар адам денсаулығына зиян келтіреме, қалай ойлайсыз?

 Құлаққап деген зат күнделікті қолданысқа мықтап еніп келеді. Үлкені де, кішісі де құлағына құлаққап киіп алып, өз әлемінде жүреді. Ал, осы құлаққаптың қаншалықты зияндылығы жөнінде бір сәтке ойланып көрдіңіз бе?! Өздігінен аса зор зиян шектірмесе де, дауыс зорайтқышты неғұрлым қаттырақ қойсаңыз, оның залалы орасан. Жаппай құлаққап тағатын адамдардың есту қабілеті күрт нашарлап кетеді.

 Құлаққаптың зияны сол, шамадан тыс артық тыңдасаң. Құлақтың нашар естуі сияқты ауруларға тап боласын.Оны көп уақыт пайдалануға болмайды Себебі құлағың соған үйреніп ақыры дұрыс естімейтін боласың.

 Құлаққап тағатын адамдарға құлаққап тағудың мерзімін азайтып, өзін соған бірте-бірте тәрбиелеуге болады деп айтқым келеді. Құлаққаптың зиянды екендігін ешқашан есіңізден шығармаңыз. Әр адам денсаулыққа зор ілтипатпен, қамқорлықпен қарай білуі керек. Басты байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.

 Сергіту сәті

Музыка тыңдату. («Аяқпенен топ-топ-топ» әні )- Әннің мағынасы нені білдіреді? (билеуді)Оқушылар

- Көңіл күйі қандай? (көңілді, көтеріңкі)

 

 Практикалық жұмыс

Оқушыларға "Алтын ұям - мектебім" әнің тыңдату.

  •  Аудио редакторды іске қосайық
  •  Қосылған мультимедиа пайдаланып өлең жазайық. "Алтын ұям - мектебім" әнің өзі орындайды.
  •  Өлең жазылған файлды MP3, WAV форматында жұмыс үстеліне «Алтын ұям - мектебім» деп сақтап қою қажет.
  •  Сыныптасына өлеңді тыңдату қажет.
  •  *** Өзіңнің сүйікті өлеңінді жаз

 Бір-бірін бағалау.

Оқушылар бір -бірінің өлеңдерін тыңдап кері байланыс береді.

Презентация слайд 6

Презентация слайд 7

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

https://www.youtube.com/watch?v=1ozzPiAxxZc

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия

Бір сөзбен”

Оқушылар ұсынылған 12 сөздің ішінен өз жайкүйлерін нақты жеткізе алатын 3 сөзді таңдап алу керек

Ыза, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, қанаттану, Іш пысу, үрей, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, ләззат алу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қосымша көмек көрсету.

Қажет болса мұғалімнің көмегі. Қабілетті оқушылар басқа оқушыларға өздерінің қабілеттерін көмек арқылы көрсете алады

Сұрақтарға жауап алу арқылы.

Басты тапсырманы орындаған кезде сұрақтар қолдану. Интербелсенді тақта. Оқушылардың нәтижесін/қабілетін тексеру үшін сұрақтар қолдану

Құрылғыны қолданған кезде қауіпсіздік ережесін қолдану. Тыңдай білу және сұхбаттасу

1 Қосымша

Кеспе қағаздағы суреттің жартысын тап «Пазл» әдісі

Суретті екіге бөліп, оқушылар суреттін жартысын табу қажет.

Қосымша 2.

«Домино» ойыны

Жауабы

Практикалық жұмыс

  • Аудио редакторды іске қос
  •  Қосылған мультимедианы пайдаланып өлең жаз.
  •  Өлең жазылған файлды MP3, WAV форматында жұмыс үстеліне «Өлең» деп сақтап қою қажет.
  •  Сыныптасына өлеңді тыңдат.
  •  *** Өзіңнің сүйікті өлеңінді жаз

Алтын ұям – мектебім

Көп баланы тербеткенАлып бесік тәрізді,Алтын ұям мектептенДәріс алам маңызды.Бұл мектептен нәр алғанҚанат қаққан қырандар,Бұл мектептен таралғанЕлін сүйген ұландар.Қайырмасы:Алтын ұям мектебімЫстықсың сен көзіме.Балалық шақ көктемім,Өтіп жатыр өзіңде.Армандарым көп менің,Пайда әкелер еліме.Жетелей бер, мектебімСол армандар төріне.Кеудемде тұр, сеземін,Игі істерім тізілген.Нық басып мен келемін,Үлкендердің ізімен.Ашық болсын аспаның,Жарқырасын көкте күн,Жаса мәңгі асқарлыАлтын ұям – мектебім.Қайырмасы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу