Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
Сынып: 3
3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.
«Дыбысты жазу және ойнату» сабағына әдістемелік нұсқаулық
- Сабақтын мақсаты: енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу, компьютерлік программа бойынша материалды игеру, дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану, дыбыстық файлды сақтау.
Оқу мақсаты:
3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);
3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау;
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;
- компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
Сабақтын түрі: жаңа тақырып меңгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші нұсқадағы бірінші сабақ болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Программа терезелері».
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Оқушылардың алдынғы сабақта алғын білімдерін жүйелеу қажет. Оқушылар компьютердің ангізу және шығару құрылғыларын анықтай алады. Компьютерлік программаларды іске қоса алады, сонымен қатар программаларды жабады. Компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенің түсіндіре алады.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Оқушылар білімін жүйелеу кезеңінде алдынғы тақырыпта оқы білгендерін еске түсіреді, сандық құрылғылар қандай құрылғылар жататының, компьютерлік программалар, енгізу және шығару құрылғыларын сұрыптайды.
Жаңа тақырып меңгерген кезенде, мұғалім оқушылардың назарын келесі терминдерге аударады: дыбыс, дыбысты ойнату, дыбысты жазу, аудиоплер.
Сабақ барысында Media Player программасын бірнеше тісілдермен іске қосады.
Windows Media Player-ді іске қосатың кішкене таңбаша тез іске қосу құралдар тақтасында орналасқан. Оның үстінен тінтуір меңзерін әкеліп щертсеңіз программа іске қосылады.
Сонымен қатар Media Player программасын Іске қосу(Пуск) - Программалар - Windows Media Player командаларын орындап іске қосуға болады. Керек болса программа таңбашасын жұмыс үстеліне де орналастыруға болады.
Дыбыс жазу программасы
Немесе
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес:
- суреттер;
- Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.
- орындауға арналған тапсырмалар
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша сергіту сәтте рындайдын әуенді жүктеп алуға болады:
https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA («Аяқпенен топ-топ-топ» әні ) мұғалім оқушылар мен бірге орындайды
Оқушылардың шаршағаның басу үшін оларды ортаға шығарып сергіту сәтін өткізу қажет.
Оқушылар жұптасып материалды игеру үшін оларға Audcity программасының терезесі бейнеленген үлестірмелі кеспе қағаздарын таратып беруге кеңес беріледі.
Негізгі теориалық материал.
Оқушыларды дыбыс пен жұмыс жасайтын программаның екі түрін айыра білуге үйрету керек: жазу яғни өңдеуге және ойнатуға.
Аудиоредактор дегеніміз сандық түрде берілген дыбыстық ақпаратты өңдеуге арналған программа.
Аудиоплеер дегеніміз дыбыстық файлды ойнатуға арналған компьютерлік программа.
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білімін жинақтап қорыту қажет және терминалогияға көніл бөлу
Практикалық жұмыс
Тапсырманы оқушылар өздері орындайды.
1 тапсырма
Windows Media Player программасын іске қосып музыкалық файлдарды ойнатып тыңдаңыз.
2 тапсырма
Windows дыбыс жазу стндартты программасымен танысу «Дыбысжазу»(Звукозапись). Бұл программаны іске қосу үшін Пуск- Все программы- Стандартные- Звукозапись командасын орындау қажет.
Немесе
2* тапсырма
Қауіпсіздік ережесін жазыңыз.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=HqpsPFjFNkI
- https://surak.baribar.kz/211754/ дербес компьютерде жұмыс жасау ережелері
- Информатика. 3 класс. В 3 ч. Горячев А.В., Горина К.И., Суворова Н.И., 2010 год.
- Загуменов А.П. Запись и редактирование звука. Музыкальные эффекты. – М.: Издательство «НТ Пресс», 2005. – 181с.
- 4) Алехина Г. В. Информатика. Базовый курс : учебное пособие / Под ред. Г. В.
- Алехиной. - 2-е изд., доп. и перераб. – М.: Маркет ДС Корпорейшн, 2010. - 731 с
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?