Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сынып: 3
3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.
«Дыбысты жазу және ойнату» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты: дыбыстарды жазу және ойнату үшін енгізу және шығару құрылғыларын саралау дағдыларын үйрету; дыбыстарды жазу және ойнату үшін компьютерлік программалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану; дыбыстық файлды сақтау; компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау.
Оқу мақсаты:
3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;
3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру.
3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану
Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты бекіту. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ болып табылады, сабақта өткен тақырыпты қорытындылап практикалық жұмысқа көңіл бөледі. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері» «Қауіпсіздік ережесі».
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Жаңарту кезеңінде оқушылар алдыңғы сабақтардан алған білімдерін еске алады, олар негізгі теориялық материалды қайталайды: компьютерлік программалар, егізу/шығару құрылғылары.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.
Мұғалім сілтемені пайдаланып, программаның жаңа түрімен танысу үшін бейнені бейнелейді https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/dybystyq-aqparattardy-ongdeuge-arnalhan-bahdarlamada-zhumys-isteu-tasilderi
Бұдан кейін Audacity программасының мүмкіндіктерін көрсетеді, дыбысты жазады және ойнатады.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес:
-Қауіпсіздік ережесі бейнеленген кеспе қағаздар;
- Енгізу/шығару құрылғылары бейнеленген кеспе қағаздар және олардың атқаратын міндеттері жазылған кеспе қағаздар.
- Қалыптастырушы бағалау.
- Практикалық тапсырма.
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
- https://www.youtube.com/watch?v=bn5AzXrITyg&t=47s Сергіту сәті флешмоб
- https://www.youtube.com/watch?v=f8hG6R9p1rw Атамекен минус
- https://www.youtube.com/watch?v=UuDo131hHZU Атамекен караоке
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің орыңдаған кезіңде оқушылар интерактивті тақтаға немесе мұғалімнің алдында орналасу керек.
Сергіту сәтің орындаған кезде мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық бөлікті өткізу
Материалды жаңартуға арналған тапсырма
Суретті сипаттаңыз.
|
|
|
|
Әр оқушы бір кеспе қағаздан алып, курсетілген суреттін түсініктемесін береді
Жаңа тақырыпты оқып-үйренуге арналған материалдар.
Бұдан кейін мұғалім кеспе қағазын үлестіріп сыныпты жұптастырып жаттығу жасауды ұсынады
Оқушылар кеспе қағазында бейнеленген суреттерге олардың атқаратың міндеттерін тауып бір-біріне тексертеді.
Жаңа тақырыпты оқып-үйренуге арналған сұрақтар.
- Дыбысты жазу үшін қандай құрылғы қолданамыз
- Дыбысты тыңдау үшін қандай құрылғы қажет
Жауаптары:
- Енгізу құрылғысы –микрафон
- Шығару құрылғысы –дыбыс күшейткіш немесе құлаққап
Жаңа материалды бекіту үшін мұғалім тапсырманы орындауды ұсынады.
Тапсырма: батырмалардың атқаратың мақсатын жазыңыз.
Батырма | Қолданысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы
Батырма | Қолданысы |
| - Дыбысты жазу
|
| Дыбысты ойнату
|
| Кідірту
|
| Тоқтату
|
Практикалық жұмыс
Оқушылар" Атамекен " әнің жазады.
- Аудио редакторды іске қосайық
- Қосылған мультимедиа пайдаланып өлең жазайық. "Атамекен" әнің өзі орындайды.
Атамекен
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны-ау деп білем
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты-ау деп білем
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
(Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен)
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Асқар тауын аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі-ау деп білем
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны-ай батады екен
- Өлең жазылған файлды MP3, WAV форматында жұмыс үстеліне «Атамекен» деп сақтап қою қажет.
- Сыныптасына өлеңді тыңдату қажет.
- *** Өзіңнің сүйікті өлеңінді жаз
Практикалық тапсырма орындаған кезде мұғалім пән аралық байланыс ретінде Музыка сабағында өтіп жатқан әнді жазуына талап етуіне болады.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=bn5AzXrITyg&t=47s Сергіту сәті флешмоб
- https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/dybystyq-aqparattardy-ongdeuge-arnalhan-bahdarlamada-zhumys-isteu-tasilderi Дыбыстық ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламада жұмыс істеу тәсілдері
- https://www.youtube.com/watch?v=f8hG6R9p1rw Атамекен минус
- https://www.youtube.com/watch?v=UuDo131hHZU Атамекен караоке
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?