Суретті өңдеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


 Сынып: 3

 4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.

  «Суретті өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 

Сабақтын мақсаты: Суретті өңдеудің тиімді құралдарымен танысу үшін – Өңдеу(Правка) мәзірі: Болдырмау батырмасын (Отменить) пайдалану. Оны іс жүзінде қолдануды үйрену. Paint редакторының зерттелген ерекшеліктерін пайдаланып суретті салу.

 Оқу мақсаты:

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

 

 Сабақтын түрі: білімді жүйелеу. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері». Графикалық редакторда оқушылар алдынғы сабақта танысқан. Сабақ барысында дамыта оқыту, бақылау бағалау, ақпараттық оқыту және интерактивті технология қолданылады.

 Берлген технологияны іске асыру үшін іздену, өзін өзі бағалау, білім мен тәжірибені байланыстыру әдістері қолданған

 

 Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

 Сабақтың басында миға шабуыл ретінде оқушыларға талқылауға сұрақ қойылады.

  •  Компьютерлік сурет дегеніміз не?
  •  Оның айырмашылығы неде?

Оқушылар талқылап өз ойларын білдіреді.

 Қорытыңды: Компьютерлік суреттер өңдеуге мүмкіншілік береді.

 Содаң кейін оқушылардың білімін тексеру мақсатында графикалық редактор Paint-тың құрал жабдықтарын атап шығуы ұсынылады. Сол мақсатта оқушылар кеспе қағаздары арқылы өздерінің білімдерін графикалық редактордың құрал жабдықтары туралы білімдерін тексереді.

 

 Бір-бірін бағалап. Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:

  • Білім деңгейін тексеретінкспе қағазы;
  • Тотықұс файлы алдын ала оқушылардың компьютеріне жүктеліп қойылсын

 

 

 Оқушылардың осы сабақта алатын практикалық дағдылары.

  •  Компьютермен жұмыс жасаған кезде бір затты дұрыстау керек болатын мәселе туса сіздер не істейсіздер? Не қолданасыздар? (дұрыс өшіргіш)
  •  Кейбір жағдайларда өшіргіш қолдану ыңғайлы ма?

 Графикалық кескінмен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін жаңадан құрылған элементті болдырмау функциясы беріледі.

 Мысалы

 

 Өңдеу-Болдырмау (Правка-Отменить, ***Ctrl+Z)

 Өңдеу – Қайталау (Правка –Повторить,*** Ctrl+Y )

 Графикалық редакторда мәтін енгізу үшін батырмасын қолдану қажет.

Тапсырма.

 Тапсырманы тексеру критерийлер

 Оқушылармен тексеру критерийіне дескрипторлар құрып алыңыз.

  •  Суретті мәзір командалары арқылы ашты;
  •  Суретті Құю құралы арқылы бояды
  •  Суретке мәтін жазды;
  •  Суретке Өңдеу командаларын қолданды;

 Суретті сақтады.

 Оқушылар қаншалықты тапсырманы дұрыс орындағаның өзара бағалау арқылы қарап тексереді.

 Критерий бойынша жұпта жұмыстарын бағалату. Кейін ерекше суретті анықтатыңыз және неге ерекше екеніне сипаттама бергізіңіз.

 Тапсырма

  •  «Тотықұс» файлын аш. Суретте берілген есептерді шығар, шыққан нәтижесі бойынша боя.
  •  Суретке мәтін енгіз, ол үшін Times New Roman каріпін таңдап алып, қаріп көремі 14пп, әріптерді әр түрлі түспен боя.

 Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп кері байланыс береді. Жұмыстарын бағалайды

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу