Суретті өңдеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.

  «Суретті өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 

Сабақтын мақсаты:

  • суреттерді салып және өңдеу үшін графикалық редактордың құралдарын қолданады;
  • компьютерлік суреттерді өңдейді;
  • суреттерді ашып және сақтайды.

 Оқу мақсаты:

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдалану;

 3.1.2.4 компьютерлік программаларда командалар мәзірін қолдану

 

 Сабақтын түрі: білімді жүйелеу. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады. Графикалық редакторда оқушылар алдынғы сабақта танысқан. Сабақ барысында дамыта оқыту, бақылау бағалау, ақпараттық оқыту және интерактивті технология қолданылады.

 Берілген технологияны іске асыру үшін іздену, өзін өзі бағалау, білім мен тәжірибені байланыстыру әдістері қолданған

 

 Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

 Оқушыларға екі үйдің жобасын көрсетіп олардың қайсысы ақпаратты толығырақ беріп тұр? Не себепті? Деп сұрақ қою қажет

 Оқушылар талқылап жауаптар ұсынады (Қосымша 1)

 

 Оқушыларға кеспе қағазында үйдің жобасымен бөлме атауларын үлестіріңіз

 

 Оқушылар жұптасып бөлмейлердің атауларын орналастырып шығады.

 Оқушылардың ойын суретке жазба жазу қажеттігіне алып келіңіз.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:

 - үйдің жобасы мен атаулары көрсетілген кеспе қағаздары;

 - құрал жабдықтар бейнеленген кеспе қағазы;

 - суретті бояуға арналған кеспе қағазы

 

  Оқушылардың осы сабақта алатын практикалық дағдылары.

 Графикалық редакторда мәтіннің қарпін, түсін, өлшемін өзгертеді сонымен қатар графикалық редакторда файлды ашады

 Тапсырма

 «Жазу» және Көшіру құралдарын қолданып сурет сал. Оған жазба енгіз. Жазбаға Times New Roman қарпін, Ж(полужирный) стилін қолдан. Әр әріпті, әр түсте орында.

 Файлды сақтап қой

 Тапсырманы тексеру критерилер

 Оқушылар тексеру критерилеріне дескрипторлар құруға ат салысады.

 Критерий

Дескриптор

 мәтін қарпін, түсін, өлшемін өзгертті;

 Критерий

Жазбаға Times New Roman қарпін қолданды

Ж(полужирный) стилін қолданды

Әріптерді әр түсте жазды

 

Суреттін элементтерін салу үшін Көшіру командасын қолданды

 Оқушылар құрылған критерилер бойынша өзінің жұмысын бағалайды.

 Мұғалім оқушылардың орындаған әр тапсырмасын қолдап қажет болса көмек көрсету керек.

 Тапсырма

 ** «Үй жобасы» файлын ашыңыз. Бөлме атауларын қиып алып бөлмелерге орналастырыңыз

 .

Сабақтын қорытыңдысы

 Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында қабырғаға графикалық редактордың құрал жабдықтарын іліп қою қажет. Оқушылар жұптасып құрал жабдықтарға жақындап олардың атқаратын міндеттерін бір біріне айтады.

 Сабақтың соңында кері байланыс ретінде оқушылар кеменің суретің бояйды.

 

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 

  • https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу