Мәтінді пішімдеу. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:3.Сөз артында сөз

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді пішімдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
  • компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын қолдану
  • компьютерлік программалады мізңр командаларын қолдану
  • қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)
  • құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • программаларда құралдардыі атайды;
  • мәтіндік редакторда қандай құралдар болатынын айтады;
  • мәтіннің өлшемін, сызылымын және түсін қалай

өзгертетінін біледі.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндік редактордың құралдары жайында білу;
  • бағдарлама құралдарын мақсаттары бойынша қолдана білу;
  • пішімделген мәтіндік құжат құру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар мәтіндік редактордың құралдарын ажыратып, олардың қолану мақсаты жайында айта алады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • құралдар;
  • өлшем;
  • түс;
  • сызылым;
  • қаріп;
  • сұлба.

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыс

Пән «Ана тілі» мәтіннмен жұмыс жасаған кезде

Осыған дейін меңгерілген білім

Компьютер құрылымы, мітңнді өңдеу біледі, мәтінді тереді.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта жоқ оқушыларды белгілеу.

  •   Білімді жүйелеу

 Оқушылардан құрал деп нені айтатынымызды түсіндіріп берулерін сұраңыз.

  • Қандай құралдар оларға таныс?
  •   Компьютерде қандай құралдар бар және олардың қызметтері қандай?
  • Мақсатты тұжырымдау

 Мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп болған соң, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысып, оқушылармен талқылаңыз. Оқушыларға бүгінгі сабақта мәтінді пішімдеуге арналған құралдармен танысып, жұмыс жасайтындарын түсіндіріңіз.

Маркерлер, тақта, постер, презентация

Сабақтың ортасы

6-10 мин

11-17 мин

18-20 мин

21-31 мин

34-37 мин

4. Тақырып бойынша когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту.

 Мұғалім оқушыларға мәтінді пішімдеу дегеніміз не және қалай жүзеге асатынын түсіндіреді, берілген мысалға қарай отырып мәтіннің сыртқы түр-түсіне әсер ететін қасиеттердің мысалдарын келтіруді сұраңыз.

 

 Оқушылар жобамен келесі қасиеттерді атап өтулері тиіс: түс, көлем, қаріп сұлбасы.

 Мүмкін оқушылардың бірі мәтінді түзетуді ұсынар.

 Мұғалім аталған параметрлерді өзгертуге болатын, олармен жұмыс жасайтын Word құралдарын көрсетеді.

 Оқушылар топта слайдта көрсетілген әр бір құралдың қызметі мен мақсатын талқылап, атап шығу қажет.

 Сергіту сәті.

 Тербеледі ағаштар,

 Алдымнан жел еседі.

 Кіп- кішкентай ағаштар,

 Үп- үлкен боп өседі.

 

 Зерттеу жұмысы

 Мұғалім алдын ала Жұмыс үстеліне пішімделмеген мәтіні бар файл жүктеп қояды. Оқушыларға дайындап қойған файылды топта ашып қарауын сұрайды:

Ас

Адамның

арқауы.

 Оқушылар файлды ашып берілген мәтінде қаріп, көлемі, сұлбасы, түзелуі қандай екенің анықтаулары қажет:.

 Оқушылар қаріптің түсін, қаріп көлемін, сұлбасын, түзуленуін және т.б. қалай өзгертуге болатының талқылайды.

 Қалыптастырушы бағалау

 Оқушылардын сабақты меңгергенің тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмасын ұсыныңыз.

 Пішімдеу тақтасының көрсетілген батырмалардың атқаратын қызметін анықтау қажет.

 

 

Практикалық жұмыс

 Оқушылар берілген мәтінмен жұмыс жасайды. Олар мәтінді берілген нұсқаға сайкес пішімдеп шығулары қажет.

Презентация, ноутбук, оқулық,

Тапсырма парақтары

Презентация

слайд 6

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия.

 Осы сабақта қандай оқу мақсаттары қарастырылғаның оқушылардан сұраңыз. Оқушылардын сабақтан алған әсері

Барі түсінікті

Сұрақтар туындап тұр

Түсінбедім.

Стикер,

маркерлер,

тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінше түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрінде қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға. Білімді жетілдіруге көмектеседі.

Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылады. Онда оқушылар енгізу және шығару құралдарын жазып береді.

Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу