Мәтінді пішімдеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 2 Бөлім: Сөз артында сөз.

  «Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: «Пішімдеу» сөзін түсінеді, мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды, мәтінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді, қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді 

 Оқу мақсаты:

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану  

 3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану  

 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру .

 

 Сабақтын түрі: жаңа материалдарды үйрену. Бұл сабақ осы сабақта бірінші сабақ (сабақтың 1 нұсқасы) болып табылады, оқушылар мәтінді қалай пішімдеуді үйренеді және қауіпсіздік ережелерін ұстанып, мәтінді теру және өңдеу дағдыларын қолданады.

 

 Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

 «Мәтінді теру және өңдеу» деген тақырыпта оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар компьютерлік программаны қолданып файлдарды ашу және сақтау командасымен таныс, олар программаны қосуға және жұмысын тоқтатуға дағдыланған.

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында негізгі теориялық білімін кластер ідісін қолданып діптерлеріне жазып отырып үренеді. Осылайша оқушылардың ойлау қабілетімен бірге жазу дағдыларыда қалыптасады.

  • Пішімдеу - ұсынылған ақпараттың түрін өзгерту.
  • Мәтінді өзгертуге пішімдеу тақтасы көмектеседі

Беттің ортасына сабақтың негізгі сөзін жазып (пішімдеу) және онымен байланысты негізгі сөздерді жазады.

 Мәтіндік редакторды іске қосып,  пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгертеді батырмаларына мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіреді.

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:

 - оқулық;

 - кеспе қағаздар;

 - практикалық тапсырмалар.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын босу үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін өткізу ұсынылады. Сергіту сәтін орындау кезінде оқушылар мұғалімнің алдына біркелкі бөлінуі керек.

 

 Оқушыларға пішімдеу тақтасының скриншотын таратып беріңіз. Пішімдеу тақтасында көрсетілген батырмалардың атқаратын қызметін анықтаңыз.

 Практикалық тапсырманы орындау

1 Косымша

 Пішімдеу тақтасының көрсетілген батырмалардың атқаратын қызметін анықта

Мәтінді тер

 «Мәтінді пішімдеу»

 «Суретте не бейнеленген?»

 Суретте қандай жануар бейнеленгенін анықтап қазақша-орысша-ағылшын тілінде жаз. Анықталған жануарлардың атауына арнайы бір көлем, түс, қаріп қолдан

 Мысалы:

 Қолтырауын - crocodile- крокодил

 Кенгуру- kangaroo -кенгуру

 3-......

Мысық –кошка –а cat

Ит – собака –а dog

Арыстан- лев - a lion

Жылқы-лошадь-а horse

Шошқа- свинья-а pig

көжек –кролик- а rabbit

Сиыр-корова-а cow

Түйе - верблюд-а camel

Түлкі-лиса-a fox

 Қосымша тапсырма

 

 ЖАНУАРЛАР сөзіне сөздер құрастыр, әр сөзді түрлі түспен, қаріптермен, қаріп көлемімен пішімде

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу