Мәтінді пішімдеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 2 Бөлім: Сөз артында сөз.

  «Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: «Пішімдеу» сөзін түсінеді, мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды, мәтінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді, қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді 

 Оқу мақсаты:

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану  

 3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану  

 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру .

 

 Сабақтын түрі: жаңа материалдарды үйрену. Бұл сабақ осы сабақта бірінші сабақ (сабақтың 1 нұсқасы) болып табылады, оқушылар мәтінді қалай пішімдеуді үйренеді және қауіпсіздік ережелерін ұстанып, мәтінді теру және өңдеу дағдыларын қолданады.

 

 Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

 «Мәтінді теру және өңдеу» деген тақырыпта оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар компьютерлік программаны қолданып файлдарды ашу және сақтау командасымен таныс, олар программаны қосуға және жұмысын тоқтатуға дағдыланған.

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында негізгі теориялық білімін кластер ідісін қолданып діптерлеріне жазып отырып үренеді. Осылайша оқушылардың ойлау қабілетімен бірге жазу дағдыларыда қалыптасады.

  • Пішімдеу - ұсынылған ақпараттың түрін өзгерту.
  • Мәтінді өзгертуге пішімдеу тақтасы көмектеседі

Беттің ортасына сабақтың негізгі сөзін жазып (пішімдеу) және онымен байланысты негізгі сөздерді жазады.

 Мәтіндік редакторды іске қосып,  пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгертеді батырмаларына мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіреді.

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:

 - ребус;

 - кеспе қағаздар;

 - практикалық тапсырмалар.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын босу үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін өткізу ұсынылады. Сергіту сәтін орындау кезінде оқушылар мұғалімнің алдына біркелкі бөлінуі керек.

 

 Білімін жүйелеу мақсатында оқушылар «Шабармен мен жылқы» ойының ойнайды. Кеспе парағын таратып беру қажет. Сыныпты екіге бөліп, бірінші топқа сұрақтар жазылған қызыл кесте парағын - олар «Шабарман» болады, ал екінші топ жауап жазылған жасыл кесте парағын алады, олар «жылқылар». Шабармандар сыныпта тыныш жылжып, өз атын табады, яғни олардың сұрағына дұрыс жауап беруі керек. 2 минуттан кейін барлық шабармандар өз орындарында болуы керек және олар өз аттарын табу керек. Шабармандар сұрақты оқиды, ал жылқы жауап береді.

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар алдыңғы білімдерін қорытындылауға және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс. «Блум түймедағы» әдісін қолданып сабақтың практикалық бөлігіне кірмес бұрын, сабақтың теориялық бөлігін қорытындылайды.

  Мен сіздерге алты сұрақ дайындадым.

 Қарапайым: пішімдеу дегеніміз не?

 Дәйектеу: Мәтінді форматтау – дегеніміз ол кәсіби талаптар мес, ал жақсы мінез ереже екенін дұрыс түсіндім ба?.

 Талдау: Мәтінді пішімдеу мен дискіні пішімдеу арасындағы айырмашылық неде?

 Түсіндіріңіз: Мәтінді қалай пішімдеуге болады? (мұнда пішімдеудің әртүрлі жолдарын талқылауға болады)

 Практикалық: мәтінді пішімдеу мүмкіндігін қай жерде пайдалануға болады?

 Шығармашылық: Бұл сіз үшін үй тапсырмасы. Әр түрлі қаріптерді тауып әкелу. Ол үшін, жазбаларды, жарнамаларды, газеттерді, журналдарды және т.б. мысалға келтіруге болады.

 

 Топқа бөлі кезеңінде оқушылар өлен үзіндісін тандап алып, өлең жинақтау арқылы топқа бөлінеді.

 Білімді жүйелеу кезінде блум текше пішіні арқылы оқушылар текше пішінді лақтырып отырып шыққан қырындағы батырманың сипаттамасын береді.

 Практикалық тапсырманы орындау

1 Косымша

«Шабарман мен жылқы»

Сүрақ

Жауап

Мәтіндік редактор дегеніміз не?

Мәтіндік редактор арқылы жасалған кез келген мәтін оған кірмейтін мәтіндік материалдармен бірге.

Мәтіндік құжатты құрудың қандай қадамдары бар?

Енгізу , өңдеу, пішімдеу.

Өңдеу дегеніміз не?

Қателерді түзету, өзгерістер еңгізу.

Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын батырмаларды ата: Көшіріп алу -, Қиып алу - , орнату -

Ctrl + CCtrl + XCtrl + V

Ауыстыру буферы дегеніміз не?

Компьютердің жадындағы ерекше орын, ол кесіліп алынған немесе көшірілген деректерді уақытша сақтайды.

Мәнмәтіндік мәзірді қалай шығарады?

Тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы мәнмәтіндік мәзір шақырылады

Мәтіннің үзіндісі деп нені атайды?

Таңба, сөз, жол, сөйлем, азат жол, кез келген мәтін тізбегі, мәтін.

Сөз -, жол -, тақырыпты -, барлық мәтінді қалай тез таңдауға болады?

- тінтуірдің меңзерін сөздің үстіне орналастырып екі рет басу;

- тінтуірдің меңзерін жолдың сол жағына орналастырып басу;

- тінтуірдің меңзерін азат жолдың оң жағына орналастырып екі рет басу

- тінтуірдің меңзерін мәтіннің сол жағына орналастырып үш рет басу.

Мәтінді тер

 «Мәтінді пішімдеу»

1ден 10 ға дейін сандарды жаз. Аудармасын ағылшын, орыс тілінде жаз. Әр санға арнайы бір көлем, түс, қаріп қолдан

Мысалы:

1-Бір- one-один

2-Екі- two-два

3-......

 Қосымша тапсырма

 

 ПІШІМДЕУ сөзіне сөздер құрастыр, әр сөзді түрлі түспен, қаріптермен, қаріп көлемімен пішімде

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу