Мәтінді теру және өңдеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


 Сынып: 3

 2 Бөлім: Сөз артында сөз.

  «Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру және компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

 Оқу мақсаты:

 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан.

 

 Сабақтын түрі: өткен материалды жүйелеу және жалпылау. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші және соңғы сабақ (сабақтың 1 нұсқасы), бірінші сабақта алған оқушылардың негізгі білімі, сондай-ақ алдыңғы бөлімде алынған дағдылар қарастырылады.

 

 Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

 Алдыңғы сабақта оқыған білімдерін жаңартуға кеңес беріледі, оқушылар компьютерлік программаны қолданып, файлдарды ашу және сақтау командаларын біледі, олар программаны іске қосуға және жабуға, мәтінді теру және редакциялауға мүмкіндіктері бар.

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында оқушылар жаңа программамен танысады, оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде біріктіреді.

 Мәтін редакторы мәтін теру үшін;

 Файл - компьютерде сақталатын ақпарат;

 Ашу пәрмені файлдың мазмұнын көру үшін арналған;

 Сақтау пәрмені файлды белгілі бір атаумен сақтау үшін пайдаланылады.

 Өңдеу - аудару, қосу, жою арқылы терілген мәтінді модификациялау.

 Мәтінді редакциялау әдістері:

 1) қателерді түзету;

 2) таңбалар қосу;

 3) мәтіннің үзінділерін беру.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:

 - Блум текше пішінің;

 - кеспе қағаздар;

 - практикалық тапсырмалар.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын босу үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін өткізу ұсынылады. Сергіту сәтін орындау кезінде оқушылар мұғалімнің алдына біркелкі бөлінуі керек.

 

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар алдыңғы білімдерін қорытындылауға және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс, мысалы:

 1) өңдеу;

 2) жиынтық;

 3) мәтін;

 4) мәтіндік редактор;

 5) мәзір;

 6) курсив.

 

 Топқа бөлі кезеңінде оқушылар өлен үзіндісін тандап алып, өлең жинақтау арқылы топқа бөлінеді.

 Білімді жүйелеу кезінде блум текше пішіні арқылы оқушылар текше пішінді лақтырып отырып шыққан қырындағы батырманың сипаттамасын береді.

 Практикалық тапсырманы орындау

 Мәтінді тер!!!

  • Уақытқа теру

Мүмкіндігінше көп қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тер (3 минут)

  • Былықпа

1 Мәтінді тер

Жасыл кілем, түкті кілем, көк жайлау

Көк кілемде көп күлем көп аунаймын,

самалды Маңдайымнан өткен сипап

Қазағымның білем алақаны-ау деп

 

Атамекен жүрсем Қайда

жатады екен Көкейіңде

Күннің ұясына өзі

Қимай батады екен оны-ай

 

Жасыл кілем, түкті кілем, көк жайлау

Көк көп көп аунаймын, күлем кілемде

Күннің сәулесін нұрын, айдың аппақ

Қазағымның -ау деп білем махаббаты

2 Мәтін бөлігін сүйреп апар

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

 

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны-ай батады екен

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

3 Қайырмасын көшіріп соңына орналастыр

 Қосымша тапсырма

 

 ПЕРНЕТАҚТА сөзіне сөздер құрастыр

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу