Файлдар мен бумалар. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жопарда қарастырылған бөлім: 3.1А Компьютер және программалар | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
СЫНЫП: 3 | Қатысқан оқушылар саны: | ||||||
Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Файлдар мен бумалар | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.2 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау 3.1.2.3 файл және бума түсінігін түсіндіру. | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Бумаларды ашып файлдарды сақтай білу. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар ... Windows - тың негізгі нысандарын таниды – файл, бума. Файл мен бума туралы ақпаратты табады Файл мен бума түсінігін, олардың сақтау алгоритімін айтады.
Пәндік лексика және терминалогия: Файл, бума, мәнмәтіндік мәзір, файлдармен және бумалармен әрекет жасау. Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер: Файл дегеніміз… Бума …. қажет Файлдарды ….. сақтауға болады Бума …. тұрады | ||||||
Құндылықтар
| Адами құндылықтар: техникаға ұқыпты қарау, түсіну, біреулердің құрған және компьютерде сақталған файлдар мен бумаларын өшіруге болмайды, нысандарды жылжытуға болмайды, ҚЕ-ін сақтау. Қоғам үшін қажеттілік: бумалармен және файлдардмен операцияларды орындау мүмкіндігі. Жеке құндылық: өзін бүкіл планетаның тазалығы мен қауіпсіздігіне тәуелді, ғаламдық әлемнің маңызды бөлігі ретінде сезіну. Әлемге әйгілі адам – Антуан Сент Экзюпери және оның әлемдік классикаға айналған аллегориялық хикаяты «Кішкентай ханзада» . | ||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, жаратылыстану | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар компьютермен жұмыс жасау дағдыланған | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||
Сабақтың басы | Сабаққа дейін
4. Жануарлар бумасы салынған Практикалық жұмыс бумасын құрыңыз. Жануарлар бумасына 4 бума орналастырыңыз: ЖАБАЙЫ, ҮЙ, ҚЫЗЫЛ КІТАП және суреттер, сонымен қатар қасқыр мен пілдің image файлдары. Суреттер бумасы оқушылар сақтаған фотосуреттер мен суреттерден тұру керек. Піл суреті бар файл жазылып болған жұмыстардан кейін жылжымаған болу қажет. Практикалық жұмыс бумасын оқушылардың жұмыс столына орналастырыныз. Стартер. Оқушыларды мұғалімнің жасаған іс-әрекетіне мұқият бақылауға жетеленіз. Мұғалім канцеляриялық бума арқылы іс-әрекет жасайды: ашады, бумаға сурет салады, бумадан қағазды алып лақтырып тастайды, буманы жабады, буманы басқа бумаға салады, МЕНІҢ БУМАМ атты қағазды басқа бумаға желімдейді. Канцеляриялык бума мен компьютерлік буманы не біріктіреді? Жасаған осы әрекеттерді компьютерлік бумаға жасауға бола ма? Осы іс-әрекеттер амал болып аталытынын айтыныз. Бүгінгі сабақта қандай тақырып өтеміз? Мақсатты тұжырымдау Мұғалім сабақтың тақырыбын, алдарына қоятын мақсатын, бағалау критерийлерін хабарлайды | Презентация. 1 Қосымша | |||||
Сабақтың ортасы 3мин
5 мин 10 мин 5 мин 2 мин 10-15мин | Оқушылармен Антоайн де Сент-Экупердің «Кішкентай ханзада» жұмысында, оның басты кейіпкерлері - Кішкентай ханзада және Фокстың әңгімелейтін тазалық туралы яғни планетаның тазалығын сақтап қалу қажеттілігі туралы сөйлес. Жұптық жұмыс Бума немесе файл негізгі сөздерін қолданып синквейн жазуға жетеленіз (мысал презентацияда көрсетілген). Жаңа тақырып Проектор қолданып оқушыларға файлдар мен бумалар орналасқан комьютердің Жұмыс столын көрсетіңіз. МЕНІҢ БУМАМ бумасын іздеп тауып оны ашыңыз. Барлық іс-әрекеттерді жайлап орындаңыз. Буманы ашқан кезде түсініктеме беріңіз: Буманы немесе файлды ашу ұшін тінтуірдің оң жақ түймешегімен екі рет басыңыз. (МЕНІҢ БУМАМ бумасында 3 бума мен әртүрлі программада жасалған: мәтіндік файл, суреттер, фотосуреттер болу керек. Файлдар санына емес, олардың пішімдеріне назар аударыңыз). КӨШІРУ-ҚОЮ, ҚИЫП АЛУ-ҚОЮ мәнмәтіндік мәзір амалдарын файлдарды бірнеше бумаларға сақтау кезінде орындалуын оқушыларға көрсетіңіз КӨШІРУ мен ҚИЫП АЛУ командаларының айырмашылығын түсіндіріңіз. Бағалау Оқушыларға сұрақтар қойыңыз.
Бір-бірін бағалау немесе өзара бағалау ұйымдастырыңыз . Жұптық жұмыс Оқушыларды топқа бөліңіз және 8 слайдта ұсынылған алгоритм бойынша тәжірибелік жұмыс жасауын ұсыныңыз. Жұмыстың нәтижесінде ЖАНУАРЛАР бумасы 3 бумадан тұрады: ЖАБАЙЫ, ҮЙ, ҚЫЗЫЛ КІТАП бумалары. Олардын ішінде Суреттер бумасынан көшірілген 3 файл және бір де бір санатқа жатпайтын Піл файлы. Бір-бірін бағалау немесе өзара бағалау ұйымдастырыныз. Саралау: Оқушыларға «ыстық перне» қолдануын ұсыныңыз Ctrl+C, Ctrl +V немесе бумалар мен файлдар арасында басқа мәнмәтін мәзірі арқылы амалдар қолдану | Презентация, слайд 1,2 Слайд 3. Презентация, слайд 4,5 Слайд 6-7 2 қосымша Слайд 8 | |||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия. Оқушылар өз есімдерін сабаққа қатысты білімдері мен дағдыларына сәйкес өсімдіктің өсімінің кезеңіне жазуды сұраңыз. | Презентация Слайд 8 | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
1 Қосымша.
Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз.
- Жанды табиғат бумасы қандай бумаларды қамтиды? …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
- Өсімдіктер бумасына қандай амалдар орындалған?
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
- Жануарлар бумасына қандай амалдар орындалған?
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
- Бумалармен амалдар орындалғанға дейін Жұмыс столында қанша бума болған?
……………………………………………………………………………………………
- Бумалармен амалдар орындалғаннан кейін Жұмыс столында қанша бума қалды?
……………………………………………………………………………………………
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?