Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 1 Бөлім: Компьютер және программалар.

  «Компьютер құрылғысы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру және компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

 Оқу мақсаты:

 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);

 3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

 Сабақтын түрі: жаңа тақырып менгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады, және бұл пән осы оқу жылында алғашқы болып оқытылады.

 

 

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында оқушылар төмендегі терминдер бойынша теориялық білім алады.

 Компьютермен жабдықталған кабинетте қауіпсіздік ережесін сақтау. Сонымен қатар шығару құрылғылары компьютерден ақпаратты шығаруға арналған.

 Пернетақта - компьютердің жадына мәтіндік және сандық деректерді енгізуге арналған құрылғы.

 Тінтуір- экранның нысандарын басқару үшін командаларға кіруге арналған құрылғы.

 Принтер – қағаз бетіне цифрлық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

 Монитор - мәтіндер, сандар, суреттермен әрекеттерді көрсетуге арналған құрылғы. Сонымен қатар, басқа кіріс құрылғыларын да қосуға болады.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес береді:

 - Құрылғыларды енгізу және шығаруға бөлетін кепспе қағазы;

 - Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

 

 Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:

https://goo.gl/pD25hd

 Оқушылардың бейнежазбаны қаншалықты мұқият қарап тындағанын тексеру үшін. Интербелсенді сабақта берілген жаттығуларды орындап шығуын ұсыныңыз.

 

 Сергіту сәтін орындаған кезде төменде көрсетілген ресурстардан басқа нұсқаларын қолдануға болады.

 Суреттерді екі топқа бөлу кезінде төмендегі суреттерді қиып қоюға болады. Қажет болған жағдайда бұл суреттер түсті болуы керек.

 

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылардың білімдерін жинақтап, терминологияға назар аудару керек:

  • Енгізу құрылғылары;
  • Шығару құрылғылары;
  • Сандық құрылғылар.

 Бұл сабақта оқушылар тілдік дағдыларды жазады, алынған нәтижелерді талқылайды, қауіпсіздік ережелері бойынша аяқталған тапсырмалардың нәтижелерін көрсетеді.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағанын босату үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін пайдалану ұсынылады.

 Қалыптасырушы бағалау ретінде оқушылар әртүрлі қиындықтарға байланысты тапсырмаларды орындауға шақырылады. Мысалы: Оқушы қандай ережені бұзды? Бұл тапсырма орындаған кезде оқушылар тапсырмада жіберілген қателіктердін астын сызып немесе бояп қояды.

Мен мектептен шыққан кезде жолда Арман маған ойын дискісін 20 минутқа ғана берді. Шешінетін уақыт болмай тұрды. Мен компьютерлік сыныпқа жүгіріп кірдім. Дискті тек мұғалімнің компьютерінде жазуға болады. Мен оны іске қосып, дискіні жаза бастадым. Диск жазылып болғанша жалығып қалмау үшін, мен сэндвич алып жей бастадым. Пернетақтаға түскен қиқымдарды алып, қағып жібердім. Диск жазылып болған сон мен бау сымды розеткадан суырып алдым. Экран сөніп қалды. Мен сыныптан жүгіріп шықтым.

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу