Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.1А Компьютер және программалар

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Компьютердің құрылғылары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау
  • енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

Сабақтың мақсаттары

  • оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
  • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру
  • енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу

Бағалау критерийлері

  • компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын атайды, олардың мақсатын айтып береді;
  • ақпаратты шығару құрылғыларын және олардың мақсатын атайды;

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап, олардың мақсатын айтады.

 Пәндік лексика және терминалогия:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына … жатады.
  • Ақпаратты шығару құрылғыларына … жатады.
  • Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет.

Құндылықтар

 Адами құндылықтар: өзара сыйластық, топтарда қабылданған жұмыс ережелерін ұстану, біреудің пікірін құрметтеу, бастаманы қолдау, «сыни дос» пікірін тындау, өзіне және досына жауапкершілікпен қарау, шыдамдылық, әділеттілік, қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өз жұмысын көрсету мүмкіндігі. Қауіпсіздік ережесін сақтау

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, Бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Білімленд интерактивті сабақ

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың қауіпсіздік туралы түсінігі бар

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-5 мин

  • Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардын сабаққа дайындығын көзбен шолу.

  • Мақсатты тұжырымдау

 Биылғы жылы сіз Ақпараттық коммуникативті технологияны үйренуге кірісесіз. Бұл сабақтар ерекше және қызықты болады.

 Сіз бұл сабақта нені меңгеремін деп ойлайсыз?

  • Білімді жүйелеу

 Көріп отырғанымыздай, біз ерекше класқа келдік - компьютерлік класқа. Кімнің үйінде компьютер бар? Компьютерді қалай қолдануға болатынын білесіз бе?

  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді, содан соң тақтадан сабақтың тақырыбын оқиды).
  •  Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз. Әдемі отырамыз, арқаларымызды тік ұстаймыз.

Презентация

1-2 слайд

Сабақтың ортасы

6-36 минут

  • Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.
  •  Компьютерлік кабинет қымбат тұратын жабдықтармен қамтылған. Қазір сіз компьютерлік кластың қауіпсіздік ережесімен танысасыз.

 Оқушылар бейнежазба көреді.

«ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

 Оқушылардың бейнежазбаны қаншалықты мұқият қарап тындағанын тексерініз. Ол үшін осы Интербелсенді сабақта берілген жаттығуларды орындап шығыңыз.

 

 Сергіту сәті

 Балалардың көздері шаршады. (Көздерін жыпылықтатады)

 Бәрініз де терезеге қараңыз, (Солға-оңға қарайды)

 Күн тым жоғары сияқты. (Жоғарыға қарайды)

 Біз қазір көзді жабамыз (Көзді алақандарымен жабады)

 Кемпірқосақты саламыз,

 Кемпірқосақ үстінде жүреміз (жоғары-оң жаққа және сол жаққа қарайды).

 Онға, солға бұрыламыз

 Содан кейін төменге түсеміз (төменге қарайды)

 Қатты көзді қысамыз да, ұстаймыз (көздерін қатты қысады)

 

 Оқушымен сұхбат

  •  Бейне жазбаны компьютердің қандай құрылғысы арқылы көрдік?
  •  Дыбысын қандай құрылғысы арқылы тындадық?
  •  Сіздер компьютердің тағы қандай құрылғыларын білесіз дер?

 Топтық жұмыс

 Оқушыларға бірнеше компьютердін құрылғылары бар суреттер беріп соларды талқылай отырып екіге бөлуін ұсыныңыз, ақпаратты компьютерге енгізетін кұралдар және ақпаратты компьютерден шығаратын құралдар (керек емес құрылғыларды алып тастау қажет)

  (Егерде оқушы қиналып отырса, мұғалімнің көмегіне жүгінеді)

 Қалыптастырушы бағалау.

 Оқушылар мұғалім берген кеспе қағазындағы тапсырманы өз бетінше орындайды: «Оқушы қандай ережені бұзды?»

 Дескрипотрлар:

  • Қауіпсіздік ережелерін атайды

 Оқушы қатены тауып болған соң, жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бір-біріне кері байланыс береді. (Оқушылар кері байланыс беріп болған соң, тақтадан дұрыс жауап көрсетілсін). Кеспе қағаздарын қайтарып тақтадан тағы бір рет тексереді.

Презентация

3 слайд

Білімленд

https://goo.gl/pD25hd

Презентация

4 слайд

Презентация

5 слайд

Презентация

6 слайд

Презентация

7 слайд

Презентация

8 слайд

Сабақтың соңы

37-40

 Рефлексия

 Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі:

  • Сабақтың тақырыбын атаңыз
  • Сізге оңай немесе қиын болды ма?
  • Ең қызықты тапсырма қандай болды және неге?

 Енді мен сіздерге бір жұмыс ұсынамын. Менде смайлик бар – оның бөлшектері жоқ (ауызы, қастары жоқ). Сіздер көңіл-күйіңізді көрсететіндей қылып смайликке элементтерді салуыңыз керек.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

1 Қосымша

Жауабы

2 Қосымша

Қалыптастырушы бағалау

 Оқушы қандай ережені бұзды?

Мен мектептен шыққан кезде жолда Арман маған ойын дискісін 20 минутқа ғана берді. Шешінетін уақыт болмай тұрды. Мен компьютерлік сыныпқа жүгіріп кірдім. Дискті тек мұғалімнің компьютерінде жазуға болады. Мен оны іске қосып, дискіні жаза бастадым. Диск жазылып болғанша жалығып қалмау үшін, мен сэндвич алып жей бастадым. Пернетақтаға түскен қиқымдарды алып, қағып жібердім. Диск жазылып болған сон мен бау сымды розеткадан суырып алдым. Экран сөніп қалды. Мен сыныптан жүгіріп шықтым.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу