Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


 Сынып: 3

 1 Бөлім: Компьютер және программалар.

  «Компьютер құрылғысы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру, енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

 Оқу мақсаты:

 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);

 3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

 Сабақтын түрі: жаңа тақырып меңгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ болып табылады.

 

 

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында оқушылар төмендегі терминдер бойынша теориялық білім алады.

 Кіріс құрылғылары компьютерге ақпаратты енгізу үшін жасалған.

 Шығару құрылғылары компьютерден ақпаратты шығаруға арналған.

 Пернетақта - компьютердің жадына мәтіндік және сандық деректерді енгізуге арналған құрылғы.

 Тінтуір- экранның нысандарын басқару үшін командаларға кіруге арналған құрылғы.

 Принтер – қағаз бетіне цифрлық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

 Монитор - мәтіндер, сандар, суреттермен әрекеттерді көрсетуге арналған құрылғы. Сонымен қатар, басқа кіріс құрылғыларын да қосуға болады.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес береді:

 - Топқа бөлуге арналған суреттер;

 - Құрылғылардың атауларын жазатын кепспе қағазы;

 - Материалмен таныстыратын теориялық мәлімет.

 - Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

 

 Сондай-ақ, материалды көрсету үшін презентацияны алдын ала жүктеңіз.

 Сабақтың басталуы пәнге танымдық қызығушылық туғызатын және ми қызметінің белсенділігін арттыратын сыни ойлау әдісіне негізделген.

 Сергіту сәтін орындаған кезінде мұғалім оқушылармен бірге орындау қажет. Сонымен қатар сергіту сәтін орындаған кезде төменде көрсетілген ресурстардан басқа нұсқаларын қолдануға болады.

 Суреттерді үш топқа біріктіру кезінде төмендегі суреттерді қиып қоюға болады. Қажет болған жағдайда бұл суреттер түсті болуы керек.

 

 Бұл суреттерді сабақтың басқа кезеңдерінде де қолдануға ұсынылады.

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылардың білімдерін жинақтап, терминологияға назар аудару керек:

  • Енгізу құрылғылары;
  • Шығару құрылғылары;
  • Сандық құрылғылар.

 Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру кезінде сыни тұрғыдан ойлау әдісі «Зигзаг» қолданылады. Әр топқа жаңа сабақ бойынша ақпарат жазылған парақша қағаздарын тарату керек. Оқушылар алдымен асықпай оқып танысып, содан кейін өз тобында ақылдасып, ойларын жинақтайды.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағанын босату үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін пайдалану ұсынылады.

 Бекіту ретінде оқушылар сұрақтар дайындап отырады. Мысалы: «Сұрақ жауап» ойыны.

 Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушыларға кеспе қағаздары таратылады. Оқушылар мәтінді оқып бос орынға қажетті сөз тіркестерін жазады. Қалыптастырушы бағалау 2 нұсқа да берілген. 2-ші нұсқасында оқушылар қате жазылған сөздерді сызып, орнына дұрыс жауапты жазып қояды.

 

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 1) https://www.youtube.com/watch?v=fHVhVWhWMBw

 2)https://www.zharar.com/kz/takpak/12256-sergitu.html http://kindergenii.ru/HTMLs/fizminutki.htm

 4) https://learningapps.org/1742222

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу