Жобалау әдістері. Жобалаудың негізгі кезендері. Графика және жобалау, 12 сынып, дидактикалық материал.


Қолшатыр түрлері

Жылауық күзде қолшатыр таңдау мәселесі алдымыздан шығады. Қолшатырды қалай таңдау керек екенін мына материалымызда айтқан едік. Қолшатырдың Отаны Қытай мен Египет екенін, алғашында бұл мекендерде қолшатыр – ақсүйектер мен патшалардың желпуіші ретінде қолданылғанын да Массагеттің көзіқарақты оқырманы оқып алған болар. Ал бүгін біз қолыңызға ұстаған қолшатырдың қай түрге жататынын ажыратуыңыз үшін қолшатырдың түрлері туралы айтамыз. Классикалық немесе дәстүрлі қолшатыр көбіне жаңбырдан толық қорғайды. Оның сабы ағаштан, пластмассадан жасалады. Автоматты қолшатырдың ашып-жабатын тетігі болады. Ол жиналған кезде шап-шағын бола қалып, сөмкеге сыйып кетеді. Компактілі қолшатыр өткінші, сылбыр жаңбырға ұстауға арналған. Ол сізді жаңбыр құйғанда қорғай алмай, сынып кетеді. Классикалық қолшатырдан көлемінің кішілігімен ажыратылады. Bubble қолшатыры жаңбырдан түгел дерлік қорғайды. Ол қолшатыр ішінен көруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа қолшатырдың ерекше дизайнмен жасалған түрлері де бар. Мәселен, бірден екі адамға арналған қолшатыр мен дененің жарты бөлігін жаңбырдан қорғайтын қолшатыр да бар. Сәнқой арулар үшін сәнді қолшатыр шығарылған. Жазба соңында Айжұлдыз Адайбекованың орындауындағы "Қолшатыр" әнін тыңдай отырыңыздар. Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/21893/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Ғалымдар көрінбейтін қолшатыр жасап шығарды 07.09.2019 21:30 0 931 Бұл құрылғының қорғаныс қабаты жоқ, бірақ бірде-бір тамшы өткізбейді иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден Күз мезгілінде күн салқындап, жаңбыр жаууы – табиғаттың заңдылығы және бұл кезеңде көптеген адамдар қолшатырды жиі қолданады. Ал, өз кезегінде аталған құрылғылар да біртіндеп заманауи цифрлық құрылғыға айналып келе жатыр. Біз солардың арасынан ең үздік деп танылғандарын таңдап алдық және оларға зерттеу жүргіздік.1. Air Umbrella – жаңбырға қарсы көрінбейтін қолшатыр Air Umbrella деп аталатын құрылғы заманауи технология жаңалықтарының ішіндегі бірегейі. Себебі, ол қарапайым қолшатырлар сияқты емес. Нақтырақ айтсақ, бұл гаджетте қорғаныс қабаты жоқ. Air Umbrella бұлтты күндері адамдар өзімен бірге алып жүретін кәдімгі таяққа ұқсас. Бірақ, бұл гаджет ауадан қорғаныш қабатын жасап, жаңбырдан қорғай алады. Ол үшін «қолшатыр» режимін қосу жеткілікті. Сондай-ақ, бұл құрылғы жаңбыр шелектеп құйып жатса да бірде-бір тамшы өткізбейді. 2. LightDrops Umbrella – қараңғы көшеге арналған қолшатыр Әлемнің барлық көшелері жарықпен қамтамасыз етілген деп айта алмаймыз. Тіпті ірі мегаполистердің өзінде қараңғы түссе ой-қыры көрінбей қалатындары жетерлік. Ал, бұл мәселеден lightdrops Umbrella қолшатыры құтқара алады. Өйткені, LightDrops Umbrella – жүріп келе жатқан жерді жарықтандыра алатын ондаған шамдармен жабдықталған. Сондай-ақ, оның лампалары қорғаныс қабатының ішінде орналасқандықтан, жаңбырлы ауа райында да қолдана аласыз. Сонымен қатар, өндірушілердің айтуынша, бұл қолшатырдың жарықшамдары жұмыс істеу үшін жаңбыр тамшыларынан энергия жинай алады екен. 3. Pileus – ғаламторға қосылатын қолшатыр Қазіргі таңда қарапайым заттарды, мысалы, көзілдірікті «ақылды» құрылғыға айналдыру үшін неше түрлі мүмкіндіктермен жабдықтап жатыр. Сол сияқты ғаламтор желісіне қосыла алатын Pileus атты «интеллектуалды» қолшатыр да пайда болды. Оның қорғаныс қабаты ішкі жағынан экран жасай алатын шағын проектормен жабдықталған. Сондай-ақ, ол экран арқылы ғаламторға қосылып, жауын-шашынның астында да жақын уақыттағы ауа райы болжамын, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды немесе жаңа жазбаларды көруге болады. Сонымен қатар, Pileus туристер үшін де өте пайдалы. Өйткені, бұл қолшатырдың экранының бейтаныс қала немесе ел бойынша жол сілтеуші навигатор ретінде әрекет ету мүмкіндігі бар. 4. Music in the Rain – әнсүйерлерге арналған қолшатыр Қолшатырға тиген тамшылардың дыбысынан рахат алатын романтиктер «жаңбыр музыкасы» деген ұғым қалыптастырған. Ал, өндірушілер болса, Music in the Rain атты қолшатыр құрастырған, оны қолданған адам жауын астында нағыз әуенді тыңдай алады. Music in the Rain – iPhone немесе кез келген смартфондағы әуен ойнатқыш қосымшамен байланыс жасап, сапалы әуен шығара алатын дыбыс зорайтқышпен жабдықталған. Сондай-ақ, шағын және жұқа төрт «колонканың» дыбыс деңгейін реттеуге болады. 5. Bluetooth Umbrella – ұялы телефон мүмкіндіктері бар қолшатыр Барлық адамдар жаңбыр жауып тұрған кезде ұялы телефонға түскен қоңырауларға жауап беру өте ыңғайсыз екенін біледі, әсіресе, бір қолыңызда заттар, ал екіншісінде қолшатыр болғанда. Бірақ, өнертапқыштар бұл мәселенің де шешімін тауып, Bluetooth Umbrella атты сандық құрылғы ойлап шығарған. Bluetooth Umbrella – бұл тұтқасына Bluetooth сымсыз интерфейсі арқылы ұялы телефонға қосыла алатын гарнитура орнатылған заманауи құрылғы. Тиісінше, мұндай қолшатыры бар адам ұялы телефонына қоңырау шалғанда ешқандай қиындыққа тап болмайды. Яғни, жақындарыңызбен немесе жұмыс бабы бойынша еркін сөйлесу үшін қолшатырдың тұтқасына орналасқан «қабылдау» батырмасын басу жеткілікті. Дайындаған: Б.Ерман, Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу