Әр түрлі саладағы инфографика. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары, 18 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әр түрлі саладағы инфографика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.4.1.

Инфографика жөнінде жалпы мағлұматтарды білу

 Сабақ мақсаттары

  • Инфографика жөнінде жалпы мағлұматтарды білу
  • Инфографикалық мысалдардың әртүрлі нұсқаларын қарастыру
  • Инфографиканың түрлерін білу

 Бағалау критерийлері

  • Инфографика жөнінде жалпы мағлұматтарды біледі
  • Инфографикалық мысалдардың әртүрлі нұсқаларын қарастырады
  • Инфографиканың түрлері мен әртүрлі салаларда қолдану жолдарын біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

техникалық терминдерді қолданып, ақпараттың мазмұнын таныстырып, нысанның техникалық құжаттарын оқу біледі.

Пәндік лексика және терминология:

3D бағдарламасындағы кітапхана, моделдің дарағы, құрастыру дарағы, сәулет- құрылыс элементтері, үйлестіретін модулді тор, түстік шешім, антураж, инфографика және т.б.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Өзімнің шығармашылық жұмысыма инфраграфиканың ... элементтерін қолдандым.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, математика, информатика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

Ережелер

Уақыт Сұрақтар тұрағы Сыйластық

Сабақтың басында оқушыларды ережелермен таныстырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында бірнеше сурет көрсетіліп сұрақ қою ұсынылады.

  • Берілген суреттерге қарап не айта аласыздар?
  • Суреттерді ортақ не байланыстырады?
  • Инфографика не үшін қажет?
  • Мектеп ішінде инфографика постерлері барма?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин

Инфографика түсінігіне анықтама беріп, материалдардағы ақпараттарды талқылаңыз.

Инфографика – бұл күрделі ақпараттың графикалық көрінісі болып табылады. Күрделі деректерді кең аудиторияға тиімді жолмен ұсыну барысында қажет болады.

Инфографикның негізгі түрлері:

графиктер;

суреттер;

диаграммалар;

кестелер;

карталар;

сұлбалар.

Инфографиканың тиімділігі:

Адамдардың 80% ақпаратты көру арқылы қабылдайтынына оқушылардың назарын аудару ұсынылады.

Тапсырма:

Шағын топтарда оқушылар инфографикалық мысалдардың әртүрлі нұсқаларынан бір мысалды қарастырып, мазмұнына назар аударыңыздар. Жұмыс презентация түрінде орындалады.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Қысқаша қол жетімділігі
  • Қысқаша айтылуы
  • Берілген ақпараттағы сурет элементтерінің сәйкестігі
  • Уақытты тиімді пайдалануы

Инфографика дегеніміз не

https://semantica

.in/blog/chto-takoe-

infografika.html

Инфографика туралы инфографика:

www.youtube

.com/watch

Мектептегі инфографика: құру және қолдану тәсілдері

www.youtube

.com/watch?v=

WEiPGujc-8c

Инфографика 10 минут ішінде:

www.youtube

.com/watch?v=

q2fdTDHyyqI

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу