Кұрылыс сызбаларының элементтері. Графика және жобалау, 11 сынып, дидактикалық материал, 16 сабақ.


Құрылыс сызбаларының элементтері – дидактикалық материял

Ғимараттар мен құрылыстардың сызбалары – бірқатар жазықтықтағы тікбұрышты проекциялардың кешені. Олар ғимараттың жаңа оның біліктерінің сыртқы келбетімен қатар ішкі құрылғыларың бейнелеулері керек, онда тетіктерді дайындау мен ғимаратты тұрғызу тәсілдері туралы кейбір мәліметтер, сондай-ақ, түрлі технологиялық мәліметтер болуы керек. Кейбір жағдайларда тікбұрышты проекцияларға аксонометрия немесе перспективасы түріндегі құрылыстар мен оның бөліктерінің көрнекі бейнесі беріледі. Материалды және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдар түрлі құрылыстар тұрғызады.

Құрылыстық сызбалар үлкен өзінің әр түрлігі мен басқа сызбаларға қарағанда айырылады. Құрылыстық сызбалардың мазмұны, оның хаттауы, қолданылатын масштабы, шартты белгілері және оның бейнелеуін көбінесе құрылыстық объектісінің түріне байланысты, сонымен қатар қолданылатын құрылыстық материалдардан, тағайындалған сызудан, проектілеудің кезеңінен құралады.

Бейнеленген объектілердің түріне байланысты құрылыстық сызбаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:а) сәулеттік-құрылыстық сызбалары (тұрмыстық, қоғамдық және өндірушілік ғимаратттар);б) инженерлік-құрылыстық сызба (инженерлік құрылыстар);в) топографикалық (жердің қыртысын бетін, сол жер бетінің үстіндегі құрылыстарды көрсетеді).

Ғимараттар мен ғимараттарды жобалау мен құрылысы ССРО Мемлекеттік құрылысы бекіткен арнайы нормативті құжаттар тізбесіне тіркелген белгілі құрылыс қалыптары мен ережелері бойынша жүргізіледі. Барлық құрылыс және жобалау ұйымдары қалыптар мен ережелерді қолдануға міндетті.

Өз кезегінде атап өткен сызулар, мазмұнына тағайындауына байланысты, бір-бірінен үлкен айырмашылығымен айырылады. Ғимараттық проектілерді бөліктерге бөледі. Жұмыс сызбаларындағы қандай да болмасын бөлшектеріне әрқашанда әріптік ықшамдалған белгісі қойылады:

ҚС - сәулет құрылысының бөлшегі;

СТ -санитарлы техникалық бөлшегі;

СК -сәулет құрылысының бөлшегі;

ГК -генералды жоспар және көліктік;

КЕ - құрылыстық есеп арқылы шығару және т.б.

Қандай да ғимараттық құрылысын салу үшін белгілі құрастырылған техникалық құжат арқылы жұмысы іске асырылады. Тапсырма беруші проектілеу ұйымдастырушыларына ғимаратты проектілеуге жұмыс береді.

Барлык тұрғызылған құрылыстарды, жалпы ғимараттар деп атайды.

Ғимаратгарды пайдалану жүйесіне, көлемдік-жобалық шешімдеріне, жалпы сипатына байланысты олар әртүрлі топка бөлінеді.Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің қажетті түріне байланысты әртүрлі бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы баскаларды келтіруте болады. Сонымен бірге ғимарат деп кейбір нысандарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгетгер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай нысандарды инженерлік деп атайды.

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелерді едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар ғимарат қабатын құрастырады.

Ғимараттардың қабаттылығына қарай: бір қабатты және көп қабатты деп бөледі. Қабат едені жүргін жол немесе отмосткаға (ғимартты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолақ) деңгейімен салыстырганда орналасуына байланысты, жер бетіндегі кабат деп аталады. Оның едені отмостка немесе жүргін жол денгейінде орналасса цокольдік (немесе жартылай үй асты). оның едені отмостка немесе жүргін жол денгейінен төмен, бірак бөлменің жарты кабатынан артпай орналасқанда - үй астылық, оның едені отмостка немесе жүргін жол деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасса - жертөле, ал егер бөлме шатьір кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Ғимараттар пайдалануына байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірак олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруаиіылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.

Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық- мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған пімараттарды жатқызады, мысалы: түрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар.Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп ондірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді.Ауылшаруашылык ғимараттарға, ауыл шаруашылық мүқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сныр коралар, шошка қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар. Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады. Әр түрлі міндет атқаратын ғимаратгардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылыктарга қарамастан, олардың барлығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-консгруктивті, толығынан айқын функция атқаратын элементтерден тұрады.

Ғимараттардьщ негізгі элементтерін келесі топтарға болуге болады:

а) ғимаратгарда пайда болатын, негізгі жүктеме күшті қабылдайтын, күш кетеруші;б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен катар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда белгілі бір ортаны қамтамасыз етуші;в) күш көтеруші жане қоршау бөлу функцияларын атқарушы элементтер.

Ғимараттардың негізгі элементтеріне: іргетастар, қабырғалар, қабатаралық жабындар, тіректер, шатыр жабыны, сатылы баспалдақтар, терезелер, есіктер, шамдар жатады (1.1 сурет).

Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан туындайтын жүктеме күшті қабылдап негізге беру. Шеті тікелей түйісетін іргетастын төменгі жазыктығы іргетастың табаны деп айтады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралыкгы іргетасты сызу тереңдігі деп атайды.

Негіз болып табиғи топырақ қабаты қызмет ете алады. Олар - табиғи негіз, жасанды - нығыздалып күшейтілген топырақ (жасанды негіз) деп белінеді. Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе баска белмелерден бөледі (ішкі кабырғалар). Осымен олардың қоршаушы функциялары түзеледі. Бұдан баска, кабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жаткан бөлімдерінен (жабындардан, жабулардан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмактан басқа, басқа конструкциялардың салмағынан қабылдап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады. Іргетаста жаткан және барлық биіктік бойынша салмағын көтеруші, бірақ ғимаратгың басқа белімдерінен күш кабылдамайтын кабырғаны, өзін өзі көтеруші қабырға деп атайды. Тек қоршаушы болып қызмет ететін және өзіне меншікті күшті тек бір қабат шегінде көтеріп, ғимараттың басқа элементгеріне тірелетін қабырғалар күш көтеруші емес (аспалылар) деп аталады.

Қабатаралық жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкцияларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғарыдан және төменнен шектейді (коршаушы функциялары), сонымен бірге өз салмағынан басқа, ғимаратта туындайтын пайдалы жүктеме күшті яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялар болып табылады. Одан басқа, жабындар ғимараттың кеңістіктік қатандығын қамтамасыз етуде ете зор роль атқарады, яғни барлық мүмкін болатын күштер әсерінен болатын конструктивтік желінің түрақсыздығын болдырмайды. Ғимараттарда орналасуына байланысты жабындар: қабат аралық - қабаттарды биіктігі бойынша шектеуші; шатырлық - жоғарғы шатырдан бөлетін; төменгі - төменгі қабатты жерден бөлетін және уй үстінің устіңгісі бірінші қабатты үй астынан бөлетін болып бөлінеді. Жеке тіректер деп тік тіреуді атайды, жабындармен жабуларды, ал кейде қабырғаларды сүйемелдеуге және олардан туындайтын жүктеме күшті іргетастарға беруге арналады. Жабындар тіке бағаналарға немесе, олардың үстіне орналастырылған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне де жатады. Бағаналар мен арқалыктар ғимаратгың ішкі қаңқасын құрастырады . Жабын ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық түнбалардан, күн сәулесінен және желден қоргаушы конструкция болып табылады. Жабынның жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады және шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын кұрастырады. Көбіне азаматтык және өндіріс гимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жабу деп аталатын бір конструкция атқарады. Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуте кызмет етуте арналған жаңа қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарга жатады және өз салмағынан басқа, ешқандай жүктеме күшті көтермейді.Сатылы баспалдақтар қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, баспалдақ торлары деп аталатын, арнайы, кабырғалармен қоршалған бөлмелерде орналастырылады. Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қатынас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдыктарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналастырады. Күн тартарлар (фонарълар) деп арнайы конструкцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру жэне желдету ушін (егер бұл мәселе терезелер көмегі аркылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қабатты өнеркәсіп және сирек жағдайда азаматтық ғимараттарда қолданылады. Жоғарыда келтірілгендерден басқа, тағы да конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезе алды жактау, жертөле және тағы басқалар). Оларды жоғарыда аталған топтарға жатқызуға болмайды.Ғимараттағы сәулет - құрылыс сызбаларының негізі - қасбет\фасад\, жоспары және оның жасалған тілік беті болып табылады. Олар ғимараттың сәулеті, нысанды жобалау және оның өлшемдері, қолданылатын материалдары мен негізгі элементтері туралы толық мағлұмат береді.Қасбет дегеніміз ғимараттың алдыңғы көрінісі\негізгі көрінісі.Негізгі қасбет бұл ғимараттың көше жағынан қараған көрінісі, сол және оң жақ көріністері - жанынан қарағандағы қасбеті.Артқы көрінісі - аула қасбеті. Қасбеттерді кішірейтілген масштабтарда орындайды. 1; 50, 1; 100, 1; 200, 1; 400.Ғимарат жоспары \үстінен қараған көрінісі\- ғимараттың шартты тілігі, ол терезе алды тақтайынан сәл биік алынады. Жоспар сызбаларында қиюшы жазықтықтың өткен жерін және одан төмен жатқан элементтердің барлығын көрсетеді. Қажет жағдайда, жоспардың жекелеген бетін қасбетке қарағанда ірі масштабпен кескіндейді.Қазіргі заманауи құрылыс тек графикалық форматта ғана емес компьютерлік графикалық модельдеудің болғанын талап етеді. Осы модельдеу мысалы ретінде видеоматериал қарап талдау жасайық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу