Жиынтық бiрлiгінің 3D-моделі. Кітапханамен жұмыс. Графика және жобалау, 11 сынып, презентация., 12 сабақ.
Бөлім 6. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
Сабақтың тақырыбы:
Жиынтық бiрлiгінің 3D-моделі. Кітапханамен жұмыс
Сабақтың оқу мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
2D ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарының құрастыру сызбасын дайындау
Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарды 2D форматында орындау.
Бағалау критерийлері
Білім алушы
• Жиынтық біріктірулердің 3Д моделін орындау барысында қажетті командаларды біледі;
• Бағдарламаның мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануды үйренеді.
«Айырмашылығы неде?» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Сіздерге екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтаңыз. Жауаптарын дəлелдеме ретінде көрсетіп отыру.
Мыcaлы :
Ажырайтын бөлшектер.
Ажырамайтын бөлшектер.
Жиынтық бiрлiктер.
Алдыңғы сабақтарда қандай қосылыстарды орындадыңыздар?
Кітапханамен жұмыс барысында қандай қиыншылықтар кездесті?
Кездескен қиыншылықтар шешімін таптыма?
Алдыңғы білімге қысқаша шолу
Жаңа сабақ
(Компас 3D LTD бағдарламасындағы жиынтық
бірлігі және кітапханамен жұмыс)қысқаша шолу
жасаймыз.
Тапсырма.
Қарапайым екі бөлшекті ажырайтын қосылыстар арқылы біріктіру жұмысын 3Д форматта орындау. Кітапхана құралдарын қолдану.
Компас 3D LTD бағдарламасын қосып бірге командамен жұмысты орындаймыз.
Тапсырманы орындау үшін Компас 3D LTD бағдарламасындағы
келесі командаларды орындауымыз қажет. Бағдарламаны іске қосыңыздар.
1.«Деталь» құжатындағы бірнеше бөлшектерді таңдаңыз.
2.«Сборка» құжатын ашыңыз.
3.Құралдар панеліндегі «Добавить из файла» командасын қолданып, басқа бөлшектер жинайтын (корпус) бөлшекті таңдау немесе «Примеры библиотек» кітапхана менеджері қалтасынан «Типовые элементы» қалтасынан таңдау. Бөлшектер (төлке және білік) (втулка и ось) таңдап, өлшем қою.
4.«Переместить компонент» және «Повернуть компонент» командалары арқылы дене (корпус) бөлшегін орналастыру.
5. «Прочие библиотеки» командасын орындау арқылы келесі бөлшекті таңдау және алғашқы «Переместить компонент» және «Повернуть компонент» командалалары оны орналастыру.
6.Бұл екі бөлшекті қосу үшін құралдар панелінен «Сопряжение» құралын таңдау. Бөлшек қандай формада қосылатындығын «Соосность», «Совпадение объектов» «Расстояние» «Касание» «Под углом» «Перпендикулярность» және «Параллельность» командаслары арқылы анықтау.
7.Осы операциялар орындалу барысында моделге жасалып жатқан барлық операцияларды қадағалау қажет. Егер операциялар дұрыс орындалған жағдайда қызыл дөңгелекпен белгіленбейді
8.«Сборка» құжатын құру барысында «Спецификация» құжатын қосу (автаматты түрде спецификация толтырылуы үшін, құрастырмаға қолданатын бөлшектердің нақты атауы болуы үшін) керек.
9.Егер жиынтық бірліктерге қарапайым бұйымдар (болт, гайка) қолданатын болса, онда Компас 3D LTD бағдарламасынан белгілі параметрлерді беріп, қарапайым бұйымдарды «Машиностроение»= папка «Библиотека крепежа» кітапханасынан таңдауға болады.
10.Таңдап алынған стандартты бұйымды еңгізетін бөлшекке байланысты орналастыру үшін «Переместить компонент» және «Повернуть компонент» командасын қолдану.
11.Осы екі бөлшекті қосу үшін құралдар панелінен «Сопряжение» құралын таңдау керек. Бөлшектің формасына қарай «Соосность», «Совпадение объектов» «Расстояние» «Касание» «Под углом» «Перпендикулярность» және «Параллельность» командаларын таңдау
Тапсырманы бағалау критерийлері
3Д кеңістіктегі қарапайым бөлшектерді біріктіре алады; Кітапханадағы қажетті құралдарды тиімді қолданады;
Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.
«Талқылаудағы әріптестер»
Серіктеспен талқылау:
Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?