2D нысанның қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) қолдану. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2D нысанның қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) қолдану

Сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу жоспарын негізге ала отырып)

12.2.4.1

2D объектiнi (қималар мен тiлiктер) жасау үшiн (растрлық немесе векторлық) бағдарламалық қамтамасыздандыруды таңдау

Сабақтың мақсаттары

«Компас» бағдарламасын қолданып, берілген 3 D моделдің қажетті қимасы мен тілігін орындау.

Бағалау критерилері

2D объектiнi (қималар мен тiлiктер) жасау үшiн (растрлық немесе векторлық) бағдарламалық қамтамасыздандыруды таңдау.

Тілдік мақсаттар

«2D нысанның қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) қолдану» тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен терминдерді қолданып өз идеяларын ұсына алады.

Глоссарий: панел,қасиет, белгілеу, терезе, құралдар, қима,модель, түрі, тілік, мәзір,сызық

Құндылықтарді білу

Қоршаған ортаға қатысты пайдалы және нақты шешімдер қабылдау үшін шығармашылықпен және сыни ойлай алу;

Әртүрлі мәдениет пен ұсыныстарға құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Растрорлық және векторлық бағдарламалармен қамтамасыз етуде информатика пәнімен байланысады.

АКТ дағдыларын қолдану

Веб-сайттарды және ғаламтор желілерін түрлі зерттеулерге, 3D және 2D сызбаларын орындау дағдыларын қалыптастыруда Компас 3D LTD қолдану

Алдыңғы білім

Көлемді моделдеу операциясының негізіне сүйеніп 3D моделін құру тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін қалыптастырады

Күтілетін нәтиже

Компас 3D LTD бағдарламасымен 3 D моделдің қимасы мен тілігін орындау

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

- 5 мин.

Өтілген материалды қайталау:

(С) Сұрақтарға жауап беріңдер:

- Қималар мен тіліктер көрінісі қандай кезде қажет?

- Қима тіліктен қалай ерекшеленеді?

-Қима мен тіліктің көріністерін сызбада қалай көрсетеді?

- Сызбада қима мен тілікті қалай белгіленеді?

- Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары қандай болмақ?

Сабақтың ортасы:

- 10 мин

20 мин.

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі:

Компас 3D LTD бағдарламасында 3Д моделінен 2Д нысанына қима мен тіліктерді орындайтын негізгі операциялармен оқушыларды таныстыру керек. Ол үшін:

  • 3D моделін таңдау.

2. «Чертеж» құжатына 3D модельді апарыңыз, «Вставка» → Вид с модели → Стандартные командаларын қолданыңыз.

3. «Линия разреза/сечения» командаларын таңдап, «Обозначение» құралдар панелін жұмысқа қосыңыз.

4. Бөлшектің алдыңғы көрінісіндегі көлденең оське қима сызығын жүргізіңіз. 5.

5.Сызбада белгіленген қима немесе тілік көрінеді.

6.Жоғарыда көрсетілген көріністі, қиманың әріппен белгіленуін алып тастаңыз, оның керегі болмайды.

7. Өлшемдерін көрсетіңіз.

Тәжірибелік жұмыс.

1. Берілген 3Д моделіне тиімді (рациональды) қима мен тілік орындаңыз.

2. 2D нысандағы қима мен тіліктерге қажетті өлшемдерді қойыңыз.

3. 2D нысанның қима мен тілік көріністерін «ЕСКД» ережесіне сәйкес рәсімдеңіз.

Орындалған жұмысты басып шығару керек. Алдымен басып шығаруға дейін «Файл» командасында көріп шығыңыз.

Сабақ соңыңда орындалған жұмыс нәтижесіне кері байланыс берулерін ұсыныңыз.

Бағалауға арналған дескрипторлар:

  • Берілген бұйымның 2D сызбасын орындау үшін БҚ қолданады
  • Қажетті қима мен тіліктерді орындайды;
  • Өлшемдерін көрсетеді;
  • 2Д нысанның қима мен тілік көріністерін «ЕСКД» ережесіне сәйкес рәсімдейді.

Бейнесабақ Компас 3D LTD

Қиманы қалай көрсетеді

www.youtube.com/watch?v=kXiSfc2r-CM

Компаста қиманы қалай орындайды

http://veselowa.ru/urok-16-kak-sdelat-sechenie-v-kompase/

Компьютерлер, ноутбуктер

Сабақтың таныстырылымы

Сабақтың соңы:

- 5 мин.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Не білдім нені түсіндім?
  • Түсініксіз не болды.?
  • Нені жетілдіруіміз кажет?

Оқушылар өздерінің немесе бір-бірінің жұмыстарына критерилер бойынша баға береді.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады..

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу