Компьютерік графиканың негізгі түрлері. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары

Мектеп: ФБ НЗМ, Шымкент қаласы

Күні: -12.11.2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Компьютерік графиканың негізгі түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.1.1. - растрлық, векторлық графикалық бағдарламалар редакторларының негіздерін білу және оларды қолдану

 Сабақ мақсаттары

- компьютерлік графиканың түрлерімен танысу

 Бағалау критерийлері

  • Компьютерлік графика түсінігін біледі;
  • компьютерлік графиканың негізгі түрлерін ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдары:

Вектор, растр, векторлық графика, растрлық графика, фракталды графика, компьютерлік графика, бағдарламаның интерфейсі

Вектор, растр, векторная графика, растрная графика, фрактальная графика, компьютерная графика, интерфейс программы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ұсынылған суреттерден ... ақпарат алуға болады.

Бұл графикалық редакторлардың мақсаты ...

Растрлық графиканың ерекшелігі ..., артықшылығы ... және кемшілігі ...

Фотосуретті өңдеуде мен ... бағдарламаларын қолдана аламын.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына білім алуға ашықтық, бір-біріне деген құрмет, өмір бойы білім алу, шығармашылық және еңбек құндылықтарын тапсырмалар орындау және талқылау арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

информатика

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Сызу негіздері, пішін құру және құрастыру, пішіндерді түрлендіру, техникалық, сәулеттік және құрылыс сызбаларының элементтері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 мин

Сабақтың ортасы

35 мин

3 мин

12 мин

15 мин

5 мин

Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру.

3-сабақ: көзге арналған жаттығу;

7-сабақ: дене жаттығуларын орындау.

Компьютерлік графиканың негізгі түрлері

Оқушыларды сурет арқылы топтарға біріктіру:

1-топ: растрлық графика

2-топ: векторлық графика

3-топ: фракталды графика

4-топ: үшөлшемді графика

Сұрақтарға жауап алу:

  • Қандай компьютерлік бағдарламаларды білесіздер?
  • Бейне орындау үшін олар қандай мүмкіндіктер ұсынады?
  • Векторлық графика дегеніміз не? Білесіздер ма?
  • Растрлық графика дегеніміз не?
  • Бұл графиканың түрлерін қай жерде қолдануға болады?

(Т) Тапсырма 1. Компьютерлік графиканың түрін анықтаңыз.

Оқушыларға түрлі компьютерлік графикада орындалған суреттер мен мәтін тарату. Оқушылар мәтін мен суреттерді қарастырып, талдау арқылы қандай компьютерлік графикада орындалғандығы туралы анықтайды.

Дескрипторлар:

  • Мәтінді мұқият оқып, бос орынға кілтті сөздерді таңдайды;
  • Мәтін арқылы суретті қандай компьютерлік графика түріне жататындығын анықтайды.

Тапсырма орындап болған соң, сыныппен бірге жауабын тексереді.

Векторлық және растрлық бейнелерлі өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаларды талқылаңыздар: (КОМПАС – LTD, Adobe Photoshop, Paint NET, Paint 3D, InkScape - тегін таратылатын векторлық граф.редактор, Inkscape - Corel Draw және Adobe Illustrator-дың аналогы).

Оқушылармен ұсынылған компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін талқылау

(Ө) Тапсырма 2. Бағдарламаның интерфейсімен танысу.

Дескриптор:

  • Бағдарламаны таңдайды (Adobe Photoshop, Paint NET, InkScape, Corel Draw, КОМПАС – LTD);
  • Құралдарын қарастырып, танысады;
  • Алдағы жұмысқа қажеттісін таңдайды.

Саралау: оқушылардың таңдаған бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Сабақ соңында алған білімдерін қорытындылау мақсатында тесттік сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Жауаптарын бірге талқылау, сабақты қоытындылау.

Қосымша 1. Топтарға біріктіру суреттері

Қосымша 2. Мәтін мен суреттер

Презентация «Компьютерлік графиканың негізгі түрлері»

АСКОН фирмасының тауарлары мен қызметтері

https://ascon.ru/products/

Paint NET ресми сайты

http://paintnet.ru/

http://softcatalog.info/ru/programmy/inkscape

Тесттік сұрақтар парақшасы/экранға шығару

http://www.ornament.su/blog/item/stylization.html

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- не білдім, нені үйрендім?

- ол білімді қай жерде және қалай қолдануға болады?

Ауызша/стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылардың өз мүмкіндіктеріне қарай таңдаған бағдарламада жұмыс жасауы бойынша жүргізіледі.

Сұрақ-жауап алу және орындаған тәжірибелік жұмыстары бойынша оқушының тақырыпты меңгергендігін тексеру.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ия

Ия.

Ия.

Сабақ жоспар бойынша өткізілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар стилизация түсінігін талқылау барысы.

2: Эшер шығармашылығын талқылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың құрал-жабдықтарды толық әкелуі.

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қабілеті жоғары әрі жылдам орындайтын оқушыларға күрделі тапсырма құрастыру қажеттілігі. Шығармашылық және құрастыру тапсырмалары /жәндік стилизациясын орындау/ арқылы оқушылардың көркем образ құру қабілеттерін жетілдіруге бағытталған кәсіптік даму мақсатыма жеттім.

Қосымша 1 – топтарға біріктіру суреттері

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

растрлық графика

векторлық графика

фракталды графика

үшөлшемді графика

Қосымша 2. Мәтін және суреттер

Оқушыларға берілетін суреттер және кілтті сөздер:

МӘТІН

СУРЕТ

КІЛТТІ СӨЗ

ЖАУАБЫ

_________________– бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескіндерді өрнектеу.  Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны _________кескіндеудің негізгі құндылығы. ________ базалық элементі сызық болып ________табылады.

Векторлық кескін , Вектор, векторлық, векторлық графика, растр, растрлық графика, пиксель, фрактал,

фракталды графика, үшөлшемді графика, сызық, дақ, примитив

Векторлық кескін 

векторлық векторлық

векторлың

сызық

__________________ дәл мозаика сияқты. тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына ___________ алынады. ________ – монитор экранындағы кескіннің минималь элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. __________ кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаь (баған және жол) бойынша _________ саны) және әрбір пиксель үшін берге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына тәуелді.

Векторлық кескін , Вектор, векторлық, векторлық графика, растр, растрлық графика, пиксель, фрактал,

фракталды графика, үшөлшемді графика, сызық, дақ, примитив

Растрлық кескіндер пиксель

Растрлық

пиксель

______________математикалық есептеулерге негізделген. Математикалық формула кескіндердің негізгі элементі болып табылады. _________да детальды сипаттау жады талап етілмейді.,сондықтан ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. _________ аз бөлігі барлық _________туралы мәлімет береді.

Компьютерлік графикада_________ табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с. күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.

Векторлық кескін , Вектор, векторлық, векторлық графика, растр, растрлық графика, пиксель, фрактал,

фракталды графика, үшөлшемді графика, сызық, дақ, примитив

Фрактальдық графика

 Фрактальдар

фрактальдың фрактальдар

фрактальдар

Кеңістікте _____________нысандарды бейнелеуге не ________ бойынша әдістерді қолдануға бағытталған компьюьерлік __________ түрі.

_________________— бұл нысанның ___________ моделін орындау процессі.

Векторлық кескін , Вектор, векторлық, векторлық графика, растр, растрлық графика, пиксель, фрактал,

фракталды графика, үшөлшемді графика, сызық, дақ, примитив

Көлемді

Видеотүсірілім

графика

3D-модельдеу

3 өлшемді

Тесттік сұрақтар жауаптары

1

а,б

2

б

3

а

4

г

5

б

6

в,д,е

7

г

8

а

9

в

10

а

11

а

12

б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу