Қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Тақырып: Қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу.
Сабақ мақсаты:
1. Құрылыс сызбаларының оқу тәртібін түсіну.
2. Ғимараттын жоспарын ескеріп отырып құрылыс сызбасын орындау
Жетістік критерийлері:
Құрылыс сызбаларының оқу тәртібін біледі
Құрылыс сызбаларын оқиды және дұрыс орындайды
Оқу мақсаты:
11.6.3.2
Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу
Бейнематериалды қараңыз: «Құрылыс сызбаны оқу»
Өтілген материалды пысықтау:
- Құрылыс сызбаларындағы негізгі кескіндер қалай аталады?
- Құрылыс сызбаларын жасау кезінде қандай кескіндер пайда болады?
- Құрылыс сызбаларында өлшемдер қалай қойылады?
Құрылыс сызбаларын оқу тәртібі
Құрылыс сызбаларын оқу үшін келесі ұсынылған ретін сақтаңыз:
1. Сызбада көрсетілген құрылымдардың немесе ғимараттың атын оқып біліңіз.
2. Қандай кескіндері берілгенін анықтаңыз? (қасбеттер, жоспарлар, қималар).
3. Сызбадағы жазулар мен кескіндерді бірге қарастырып көріңіз.
4. Ғимараттың барлық бөліктерінің өзара орналасуын және құрылысын оқып біліңіз.
5. Барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда есіктердің, терезелердің, санитарлық-техникалық және басқа жабдықтардың орналасқан жерін анықтаңыз.
Тапсырма:
Қасбет, жоспар және тіліктерді қарастырыңыздар. Есіктердің, терезелердің орналасуын, құрылыстың габариттік өлшемдерін, биіктігін, шатыр қабатының биіктігін және т.б. анықтаңыз. Бұл суретте үйдің артқы көрінісінің қасбетін көрсететініне назар аударыңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Суретте қандай кескіндер көрсетілген?
2) I - I тіліктің қиюшы жазықтығы қай жерде орналасқан?
3) Әр бөлменің аудандары қандай?
4) Үйде қанша бөлмелер және есіктер бар?
5) Қандай есіктер тұтас? жармалы?
6) Екінші қабатта не бар?
(I) Тәжірибелік жұмыс.
Ұсынылған бір қабатты саябақтын кескіндеудегі жоспарының контурын негізге ала отырып жоспарын құрастырыңыз.
Тұрғын бөлмесі екі кіреберістен тұрады: біреуі – төбесі жабық террасса, екіншісі - асүйде. Пеш құбыры қасбетке сәнделіп шығарылған.
Тәжірибелік жұмысты орындағанда, шарттылық белгілерді қолданыңыз.
(Ұ) Сызу құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін еске түсіріңіз.
Бағалау критерийлері:
1. Жоспардың сызбасы үйдің кескінделуіне сәйкес келеді
2. Жоспардың сызбасын дұрыс орындайды
3. Шарттылықтар мен ықшамдауларды дұрыс пайдаланады
4. Графикалық сызба ережелерін сақтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?