Қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.3.2

Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу

 Сабақ мақсаттары

1. Құрылыс сызбаларының оқу тәртібін түсіну.

2. Ғимараттын жоспарын ескеріп отырып құрылыс сызбасын орындау

 Жетістік критерийлері

Құрылыс сызбаларының оқу тәртібін біледі

Құрылыс сызбаларын оқиды және дұрыс орындайды

 Тілдік мақсаттар

 

Құрылыс сызбасының ерекшеліктерін оқып білу кезінде өз идеяларын көрсете алу үшін жаңа сөздер мен терминдерді қолданады.

Глоссарий: сызба, кескін, ауданы, реті, жоспар, жазу, орналасу, бөлме.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Дұрыс шешімдер қабылдау және қоғам өміріне қатысу үшін шығармашылық және сыни ойлау;

Коммуникативті, шығармашылық түрде топта әрекет ету және жұмыс істеу үшін әр түрлі құралдарды қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім

«Құрылыс сызбалары туралы жалпы ақпарат» тақырыбындағы өткен сабақтың дағдылары мен үйрену жолдарын білу

Күтілетін нәтиже

Құрылыс сызбаларын оқу және орындау кезінде білімдерін көрсету. Кішігірім үйдің сызбасын орындау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өтілген материалды пысықтау:

- Құрылыс сызбаларындағы негізгі кескіндер қалай аталады?

- Құрылыс сызбаларын жасау кезінде қандай кескіндер пайда болады?

- Құрылыс сызбаларында өлшемдер қалай қойылады?

Сабақтың ортасы

Тақырыпты түсіндіру:

Құрылыс сызбаларының түрлерін оқушылармен қарастырыңыз: тұрғын үйдің сызбалары, өндірістік және әлеуметтік ғимараттар сызбала-ры

Бейнематериалды қараңыз: «Құрылыс сызбаны оқу»

Оқушыларға ұсыныңыз:

Құрылыс сызбаларын оқу тәртібі

1. Сызбада көрсетілген құрылымдардың немесе ғимараттың атын оқып біліңіз.

2. Қандай кескіндері берілгенін анықтаңыз? (қасбеттер, жоспарлар, қималар).

3. Сызбадағы жазулар мен кескіндерді бірге қарастырып көріңіз.

4. Ғимараттың барлық бөліктерінің өзара орналасуын және құрылысын оқып біліңіз.

5. Барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда есіктердің, терезелердің, санитарлық-техникалық және басқа жабдықтардың орналасқан жерін анықтаңыз.

Тапсырма:

Қасбет, жоспар және тіліктерді қарастырыңыздар. Есіктердің, терезелердің орналасуын, құрылыстың габариттік өлшемдерін, биіктігін, шатыр қабатының биіктігін және т.б. анықтаңыз. Бұл суретте үйдің артқы көрінісінің қасбетін көрсететініне назар аударыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Суретте қандай кескіндер көрсетілген?

2) I - I тіліктің қиюшы жазықтығы қай жерде орналасқан?

3) Әр бөлменің аудандары қандай?

4) Үйде қанша бөлмелер және есіктер бар?

5) Қандай есіктер тұтас? жармалы?

6) Екінші қабатта не бар?

(Ө) Тәжірибелік жұмыс.

Ұсынылған бір қабатты саябақтын кескіндеудегі жоспарының контурын негізге ала отырып жоспарын құрастырыңыз.

Тұрғын бөлмесі екі кіреберістен тұрады: біреуі – төбесі жабық террасса, екіншісі - асүйде. Пеш құбыры қасбетке сәнделіп шығарылған.

Тәжірибелік жұмысты орындағанда, шарттылық белгілерді қолданыңыз.

(Ұ) Сызу құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін еске түсіріңіз.

Бағалау критерийлері:

1. Жоспардың сызбасы үйдің кескінделуіне сәйкес келеді

2. Жоспардың сызбасын дұрыс орындайды

3. Шарттылықтар мен ықшамдауларды дұрыс пайдаланады

4. Графикалық сызба ережелерін сақтайды.

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/49-poryadok-chteniya-stroitelnyh-chertezhey.html

http://www.tepka.ru/cherchenie_9/34.html

https://infourok.ru/zadanie_po_stroitelnomu_chercheniyu-496581.htm

Пішім А3, сызба құралдары, сабаққа презентация, көрнекілік.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ресурс аудармасы: Пішім A4, сызу құралы, сабаққа арналған презентация, көріну



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу