Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік. Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
- Кескіндемеде не бейнеленген?
- Бұл сызбаларда қандай кескіндемелер ұсынылған?
- Олар бұрын оқыған сызбалардан немен ерекшеленеді?
Тақырып: Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік.
Сабақ мақсаты:
1. Сызбаларды орындаудың негізгі ерекшеліктерін оқып білу
2. Құрылыс сызбаларындағы шарттылықтар мен ықшамдаулармен танысу
3. Құрылыс сызбаларында қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдауларды пайдалана отырып, ғимарат сызбасын сызу
Жетістік критерийлері:
Құрылыс сызбаларын іске асырудың негізгі ерекшеліктері мен ережелерін біледі.
Құрылыс сызбаларында шарттылықтар мен ықшамдауларды қалай дұрыс қолдану керектігін біледі.
Шарттылықтар мен ықшамдауларды пайдалана отырып ғимарат сызбаларын дұрыс орындайды.
Оқу мақсаты:
11.6.3.1
Құрылыс сызбаларының (жоспар, қасбет, тілік) ерекшеліктері мен міндетін түсіну
Келесі сұрақтарды топтарда талқылаңыз:
- Ғимараттын қасбетін қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз?- Ғимараттын жоспарын қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз?
- Құрылыс сызбаларын орындаған кезде қандай масштабтар қолданылады?
- Құрылыс сызбаларындағы өлшемдерді қою ережелері
- Ғимараттын тіліктерін қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз?
- Нөлдік белгі дегеніміз не?
Қасбет - (ғимараттың алдыңғы жағы, өң беті) ғимараттың сыртқы, алдыңғы жағы. Қасбеттерде терезелер мен есіктердің орналасуын, сондай-ақ ғимараттың архитектуралық бөлшектерін көрсетеді. Әдетте, бұл кескіндерде биіктіктік белгілерднг басқа, өлшемдер қойылмайды.
Белгі - көлденең ауданының биіктігін нөлдік жазықтықтан жоғары көрсететін сан. Нөлдік белгі үшін бірінші қабаттың еден деңгейі алынады.
Құрылыс суреттерінің негізгі ерекшеліктері
Құрылыс сызбаларында суреттер.Құрылыс сызбаларының негізгі кескіндемелерін (қасбет, жоспар, тілік) қарастырыңыз.
Жоспар - ғимаратты горизонталь жазықтықтағы тілігінің белгілі бір масштабтағы кескіндемесі. (261-сурет, б)
Жоспар әр қабат үшін жеке орындалады. 261 суретте, сол жағында бірінші қабаттың жоспарының жартысы орындалған, ал оң жағында екінші қабаттың - жартысы. Олар біріктірілген.
Жоғарыдан ғимараттың көрінісі - бұл шатырдың жоспары.
Тілік ғимарат құрылымын және қабаттарының биіктігін анықтауга арналған (261-суретті қараңыз, в). Оны әдетте терезе мен есік саңылауларынан өтетін, вертикальды кесетін жазықтықтардың көмегімен алады. Тіліктерде, белгілер қойылады.
Қасбеттер мен жоспарлар үстінде кейде« Қасбет », «1 қабаттың жоспары» және т.б. жазулар қойылады.
(Ө) Тәжірибелік жұмыс:
Ғимарат немесе жеке үйлер ғимаратының жоспарын орындаңыз. Масштабын көрсетіңіз және негізгі өлшемдерді қолданыңыз.
(Ұ) Сызу құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін еске түсіріңіз
Бағалау критерийлері:
1. Құрылыс сызбасының негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, үйдің жоспарын жүзеге асырады.2. Сызбаны орындаған кезінде масштабты сақтайды
3. Құрылыс сызбасының ерекшеліктерін ескере отырып, өлшемдерді дұрыс қолданады.
Құрылыс сызбаларындағы шартты кескіндер
Топпен талқылаңыз:
Құрылыс сызбаларында ғимараттардың жеке элементтерін орындау үшін шартты кескіндер.
Олар қалай бейнеленген?
Оларды жүзеге асыру ережелері қандай?
Терезе және есіктер
Баспалдақты торлар
Санитарлық-техникалық және жылыту құрылғылары және т.б.
Тіліктерде материалдарды белгілеу
(Ө) Тәжірибелік жұмыс:
Алдыңғы тапсырманың сызбасын ғимараттың жеке элементтері мен санитарлық-техникалық құралдардың шартты кескіндерімен толтырыңыз.
Бағалау критерийлері:
1. Құрылыс сызбаларын орындаған кезінде шартты кескіндерді қолдануға қабілетті.
2. Құрылыс сызбаларының шарттарын орындау кезінде графикалық ережелерді сақтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?