Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс). Графика және жобалау, 10 сынып, презентация.
Тақырып: Құрастырмалы сызба (графическалық жұмыс)
Сабақ мақсаты:
1. Құрастырмалы сызбалардағы шарттылықтары мен ықшамдауларының қолдануын оқып үйрену
2. Бөлшектеуді орындау тәртібі мен ережелерін білу.
Жетістік критерийлері:
Құрастыру сызбалардың шарттылықтары мен ықшамдауларының жолдарын біледі және түсінеді.
Құрастыру бірлікті дұрыс бөлшектей алады.
Оқу мақсаты:
11.6.2.3
Құрастыру сызбасын бөлшектеуді білу және нобайын орындау
Өтілген материалды пысықтау:
1. Құрастыру сызбасы қандай ретпен оқылады?
2. Құрастыру сызбасында қандай өлшемдер қойылады?
3. Сызбада қандай тетікбөлшектер тілінбей көрсетіледі, неге?
Құрастыру сызбаларындағы шарттылықтар мен ықшамдаулар
(Т) Оқушылармен келесі шарттылықтар мен ықшамдауларды қарастырыңыз:
• Бөлшектің шеткі немесе аралық қалпы.
• Шекаралық бөлшектердің кескіні.
• Тығыздағыш құрылғының кескіні.
• Кескіннің саны және өлшемінің қысқаруы.
• Бірдей элементтердің кескіні.
Кері байланыс үшін тапсырма
Мына мәселелерді талқылаңыз:
1. Құрастыру сызбаларында бөлшектің шеткі немесе аралық қалпы қалай көрсетіледі? Осындай әдіс қандай жағдайларда қолданылады?
2. Сызбада қандай сызықпен шекара бөлшектерді көрсетеді, неге?
3. Тығыздағыш құрылғыны сызған кезде қандай шарттылықтар сақталады?
4. Құрастыру сызбаларында кескіндердін санын азайтқанын қалай көрсетуге болады?
Бағалау критерийлері:
1. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
2. Құрастыру сызбаларында қабылданған шарттылықтар мен ықшамдауларды біледі және түсінеді
3. Құрастырмалы сызбаны оқи алады
Бөлшектеу туралы түсінік:
Бұйымдардың сызбалары арқылы, бірнеше бөлшектен тұратын бөлшектердің сызбаларын жасау үдерісі, бөлшектеу деп аталады.
Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnevolsky)
250 және 251 сурет мысалында бөлшектеу тәртібінің үлгісін қарастырып, бөлшектеу үдерісінің мәнін анықтаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Бұйымда қанша бөлшек бар?
2. Олардың қандай тетікбөлшектері стандартталған?
3. Әрбір бөлшек үшін қанша және қандай кескіндер жасау керек?
4. Қандай тетікбөлшектер өзара түйіседі?
Графикалық жұмыс: Бөлшектеу
244-суреттегі 1 және 3- тетікбөлшектердің сызбаларын орындаңыз.
Бағалау критерийлері:
1. Бөлшектеу барысында көріністердін санын дұрыс айқындайды2. Шарттылықтар мен ықшамдауларды дұрыс қолданады
3. Құрастыру сызбаларды бөлшектеу барысында өлшемдерін дұрыс түсіреді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?