Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс). Графика және жобалау, 10 сынып, презентация,
- Сызбада не көріп тұрсыздар?
- Сызбада қанша кескіндер бар?- Олар қалай аталады?- Бұйымда қанша бөлшек бар?Тақырып : Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс)
Сабақ мақсаты:
1. Бұйымдардың құрастырмалы сызбалары туралы жалпы мағлұматтарды білу
2. Құрастырмалы сызбалардың оқу тәртібін түсінуЖетістік критерийлері:
Құрастыру сызбаның шарттылықтары мен ықшамдауларын және орындау ережелерін біледі және түсінеді.
Белгілі бір дәйектілікке сүйене отырып, құрастыру бірлігінің сызбаларын оқи алады.Оқу мақсаты:
Құрастырмалы сызбаны орындау және безендіру ережелерін білу
Жұдырықшалы механизмінің құрастыру сызбасын қарастырыңыз
http://rx-fly.ru/architecture/drawing/43-obschie-svedeniya-o-sborochnyh-chertezhah-izdeliy.html
232. сурет
Келесі сұрақтарды талқылаңыз:
1. Құрастыру сызбалардың орналастыру көріністерінің ережелері.
2. Құрастыру сызбалардағы тілік пен қималарды орындау.
3. Өлшемдерін салу.
4. Сипаттізім.5. Бөлшектердің тіркеу ретін белгілеу, шығару-сызықтар.Құрастыру сызбалардағы тіліктер.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Көршілес бөлшектерді сызықтау.
•Үш немесе одан да көп жанасатын бөлшектерді сызықтау.
• Қималардың тар аудандары.
• Әдетте тілінбеген түрде көрсетілетін бөлшектер.
Қуыстары болмайтын бөлшектерде жергілікті тілік.
Құрастыру сызбалардағы өлшемдер.
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Габариттік өлшемдері
• Нұсқауыш өлшемдері
• Біріктіргіш өлшемдері
Оқу сызбаларындағы негізгі жазуы бар сипаттізім
Нөмірленген шығару-сызықтардың орналасымы
a - жалпы ереже; б - бөлшектер тобына арналған
Тапсырма:
232 суреттегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Бұйымның атауы қандай?
2) Сызбадағы кескіндерді атаңыз.
3) 2 санды бөлшек қалай аталады?
4) 9 санды бөлшектің пішіні мен өлшемдері қандай?
5) Бұйым құрамына қанша тетікбөлшек кіреді?
Бағалау критерийлері
1. Құрастырмалы сызбаны дұрыс оқиды.
2. Құрастырмалы сызбада көріністердің орналасуын біледі.
3. Құрастырмалы сызбада тіліктердіі қалай орындау керектігін біледі.
4. Өлшемді қалай қоюды біледі.
5. Сипаттізімің не екенін біледі.
Құрастырмалы сызбаларды оқу реті
Оқудың бірізділігін қарастыру сұрақтары:
1. Негізгі жазудағы бұйымның атауы.
2. Көріністерді, тіліктерді және қималарды анықтау.
3. Сипаттізімге сәйкес әрбір бөлшекті табу және оны талдау.
4. Әрбір бөлшекті бір-бірімен біріктіру жолдарын анықтау.
5. Басқа деректерді табу.
Тапсырма:
Келесі сұрақтарға жауап беріп
«Reismus» құрастыру бірлігінің сызбасын оқыңыз:
1. Бұйымның атауы қандай?
2. Сызбада қандай кескіндер көрсетілген?
3. Бұйым қанша бөліктен тұрады? 1, 2, 6 бөлшектері қалай аталады? Олардың пішіні қандай?
4. Қай бөлшектер және олар өзара қалай біріктірілген? 3, 4, 5 және 6 бөлшектерімен қатар 1, 2 бөлшектерінің біріктіру ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Каретка және өзек қалай біріктірілген?
5. 7 санды бөлшекте қандай бұрама жасалынған?
http://rx-fly.ru/architecture/drawing/44-35-poryadok-chteniya-sborochnyh-chertezhey.html
238-сурет.
Оқуға арналған сызба
239-сурет. Рейсмус бөлшектері
Бағалау критерийлері:
1. Құрастыру сызбаларының оқу ретін біледі.
2. Сызбадағы бұйымның бөлшектерін табады және дұрыс атайды.
3. Бөлшектердің пішінін талдайды.
4. Бөлшектердің біріктіру тәсілдерін анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?